Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 20 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»БҚО-да жолдың су шайып кеткен 10-15 метр бөлігін қалпына келтіруге 20 млн теңге жұмсамақ (ВИДЕО)
Нұрлыбек Рахманов Шолу 09/06/2023

БҚО-да жолдың су шайып кеткен 10-15 метр бөлігін қалпына келтіруге 20 млн теңге жұмсамақ (ВИДЕО)

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданына қарасты Ащысай мен Мырзақара ауылдары арасындағы жолдың 10-15 метр бөлігін көктемде су шайып кеткен. Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі оны қалпына келтіруге жол құрылысын жүргізуге ешқандай лицензиясы жоқ «Жәрдемғалиев» шаруа қожалығына берген. Арада келісімшарт болмағанына қарамастан бұл шаруа қожалық жол құрылысын жүргізіп, қоқыс төгетін полигоннан заңсыз топырақ тасыған. Шаруа қожалығының бұл әрекетінен аудан шенеуніктері хабарсыз екендерін айтады.

Ащысай мен Мырзақара ауылының арасы небәрі екі шақырым. Мырзақарада — 18, Ащысай да 535 адам тұрады. Осы екі ауылдың арасын жалғайтын бұрын қиыршық тас төселген грейдер жолдан бөлек жанында жайын жол да бар.

Шыңғырлау аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Темірхан Байғалиев грейдер жолды қалпына келтіруге біресе 20 млн теңге қаржы бөлінді десе, біресе жобалық-сметалық құжаттама енді жасалады дейді.

-Басында жобалық-сметалық құжаттама 20 млн теңгеге жасалды. Бірақ жұмыс қазір тоқтап тұр. Өйткені жолдың су шайып кеткен жеріне сараптама жүргізу қажет. Енді жаңа жобалық-сметалық құжаттама істетіп жатырмыз,-деді Темірхан Байғалиев.

Ол «Жәрдемғалиев» шаруа қожалығымен арада келісім шарт  болмастан жолды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат бергендерін айтады. «Жол құрылысын жүргізуге шаруа қожалықтың лицензиясы жоқ. Бірақ біз сонда да жолды қалпына келтіру жұмыстарын бастаймыз деп келістік. Алайда ешқандай жұмыс істелген жоқ. Тек су шайып кеткен жерге топырақ төседі,-дейді Темірхан Байғалиев.

-Араларыңызда ешқандай келісім шарт болмаса, қаржы бөлінбесе, ол қалай жұмыс жүргізді?,- деп тілші сұрақ қойған.

Бұл сауалға Темірхан Байғалиев: «Біз рұқсат бердік. Себебі ана жер сай, адам, мал түсіп кетуі мүмкін. Сондықтан арада ешқандай келісім шарт болмаса да, жұмысты атқарды,-деп жауап берді.

Темірхан Байғалиев шаруа қожалықтың көң-қоқыс төгетін полигоннан топырақ тасығанын «естідім, бірақ мүлдем хабарсызбын» деп отыр.

-Полигоннан топырақ тасыды деп айта алмаймын. Жолдың айналасын қырып-жырып, сол топырақты пайдаланды. Көң-қоқыс төгетін жерден тасып жатыр дегенді естідім. Бірақ өзім көрген жоқпын. Білмеймін,-деді Темірхан Байғалиев.

«Сіз ештеңе білмеймін деп отырсыз. Бұл өз жұмыстарыңызға деген немқұрайлық емес пе?-деп тілші және сұрақ қойған. Алайда бұл сауалға Темірхан Байғалиев нақты жауап бермеді.

Ал Ащысай ауылының әкімі Жасқайрат Айсиев қоқыс төгетін полигоннан топырақ алынғанын растады.

-Бетіндегі бос топырақты алды. Ол топырақты кім алмайды? Оралдан тасымайды ғой енді? Мен ауылдың ақсақалдарын шақырып, «топырақты қайдан аламыз?» деп сұрадым. Сол кезде тұрғындар «көң-қоқыс төгетін алаңда қоқыс көбейіп жатыр. Содан кішкене алып, қазылған жерге қалдықтарды көмейік» деген ұсыныс айтты. Енді ауылдың әкімі ештеңе шешпесе, неге онда бізді сайлады?-деді ренішін білдірген Жасқайрат Айсиев.

Ол грейдер жолды өткен жылы да су шайып кеткенін, бірақ көп ештеңе істелмегенін айтты. Шыңғырлау аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Темірхан Байғалиев былтырғы жылы осы грейдер жолды қалпына келтіруге 2 млн теңге қаржы жұмсалды деп отыр. «Бұл қаржығы су шайып кеткен жерге топырақ төсеу жұмыстары жүргізілді».

Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев полигоннан топырақ тасылғаны жөнінде қандай да бір факт болса, құзырлы органдармен бірге жұмыстанатынын жеткізді.

Жол саласының маманы, Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Азамат Мусилов жолдың 10-15 метр жерін қалпына келтіруге 20 млн теңге тым көп екенін айтады.

-Бұл жерде де қаржы көп бөлінгелі отыр. Айналдырған 10-15 метр жерді қалпына келтіруге 20 млн теңге кетпейді. Өткенде айтқанымдай мұнда да жемқорлық фактісі болуы мүмкін. Сосын, шаруа қожалыққа жол құрылысын берулері де қате,-деді ол.

Ал эко-белсенді Дәуренбек Сахым қоқыс полигонынан топырақ алу заңсыз екенін айтты.

— Көң-қоқыс төгетін жерден топырақ алуға мүлдем болмайды. Бұл — заңсыз әрекет болып есептеледі. Топырақ — арнайы рұқсат етілген карьерден алынады. Кез келген жерден қазып алуға қақылары жоқ. Жобалық-сметалық құжаттама жасалғанда топырақты қай карьерден алу керек екені көрсетіледі. Сол жерден ғана алынуы тиіс. Осы үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлініп отыр. Рұқсат етілмеген жерден топырақ алу — қылмыспен пара-пар,- дейді Дәуренбек Сахым.

Біз грейдер жолына қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген «Жәрдемғалиев» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Базарғалиевке хабарласқанбыз. Ол қойылған сұрақтарға кейін жауап беретінін айтты. Алайда кейін қанша қоңырау шалсақ та, жауап бермеді.

Есенжол Елекенов

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Дәуренбек Сахым Есенжол Елекенов Мұрат Өмірәлиев сапасыз жолдар Темірхан Байғалиев шыңғырлау ауданы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жасөспірім қызды зорлау ісіне байланысты тергеу жүргізілген шенеунік қайтыс болды

18/03/2026
Шолу

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелердің қозғалысын толық шектеді

04/03/2026
Шолу

Ирикла су қоймасынан Жайыққа жіберілетін су көлемі артып келеді

17/02/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.