Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Вторник, 8 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанда ипотекаға сұраныс артып, тұтыну несиесіне өтінім азайды
Ақбота Ахмет sarapshy.info 21/11/2024

Қазақстанда ипотекаға сұраныс артып, тұтыну несиесіне өтінім азайды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ұлттық банк 2024 жылдың III тоқсанында несие беру бойынша банктерде жүргізілген сауалнаманың қорытындысын жариялады. Оған 19 қаржы ұйымы қатысқан. Талдауды Ұлттық Банк тоқсан сайын несиелік ресурстарға сұраныс пен ұсыныс бойынша өзгерістерді бағалау мақсатында тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Бұл ретте ҰБ Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры Олжас Күбенбаевтың хабарлауынша, елімізде ипотека мен автонесиеге сұраныс артқан.

Ірі бизнес тарапынан несиеге сұраныс артса, шағын бизнес тарапынан төмендеген

Ұлттық банк дерегінше, 2024 жылдың III тоқсанындағы кәсіпкерлік субъектілерінің кредитке деген сұранысы алдыңғы тоқсандағы деңгейде қалды. Алайда оның құрылымы өзгерген.

Банктердің хабарлауынша, ірі бизнес тарапынан кредитке деген сұраныс артқан. Жекелеген ірі банктер несиені қажет ететін бірқатар инвестициялық жобаның қайта іске қосылғанын атап өтті. Соның нәтижесінде ірі бизнестің кредиттік өтінімдерінің жалпы саны өткен тоқсанмен салыстырғанда 3%-ға өскен.

Бұл ретте шағын және орта бизнестен қарыз алуға өтініштер саны азайған. Оған қандай фактор әсер етті? Кәсіпкерлер сұранысының азаюына 2024 жылға белгіленген лимиттердің игерілуіне байланысты мемлекеттік бағдарламалар аясындағы қаржыландырудың уақытша тоқтатылуы себеп. Сонымен қатар, жекелеген ірі банктер орта бизнестің белгілі бір салаларында белсенділік төмендегенін, айналымдардың қысқарғанын айтады.

Ал шағын бизнеске келсек, жеке кәсіпкерлерге кредит беру шарттарының әсер еткені байқалады. Соған қарамастан, III тоқсанда кей банктер шағын бизнес субъектілеріне арналған жаңа өнімдерді іске қосты.

Нәтижесінде, несие алуға өтінімдердің жалпы саны тоқсан бойынша 3%-ға өсіп, 845 мыңға жетті. Ал орта бизнес бойынша бұл көрсеткіш 40%-ға төмендеп, 4,6 мыңды құрады.

«III тоқсанның қорытындысы бойынша, шағын бизнес субъектілерінің кредиттік өтінімдерін мақұлдау үлесі 35% деңгейінде сақталды. Ал орта және ірі бизнес субъектілері бойынша тиісінше 41% және 51%-ға дейін ұлғайды», —  деп хабарлады бас банк.

Келесі тоқсанда банктер мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландыруды қайта бастап, ірі бизнес тарапынан сұраныс одан әрі ұлғаяды деп есептейді. Осының есебінен шағын және орта бизнес тарапынан өтінімдер легі қалпына келеді деп болжануда.

Ипотека мен автокредитке сұраныс артты

Бас банктың хабарлауынша, III тоқсанда жеке тұлғалардың ипотека мен автокредиттерге деген сұранысы сәл өскен. Ал кепілсіз кредиттер мен тұтынушылық несиелерге деген сұраныс төмендеді.

Ипотекаға деген сұраныстың артуы банктердің мемлекеттік бағдарламалар аясында қосымша өтінім қабылдауына және құрылыс компанияларымен ынтымақтастық орнатуына байланысты болып отыр.

2024 жылдың III тоқсанында банктерге шамамен 274,4 мың ипотекалық өтінім келіп түскен. Бұл II тоқсанмен салыстырғанда 31%-ға жоғары. Ал жылдық көрсеткіш бойынша өсім аса жоғары емес – 8% шамасында.

Өткен тоқсанда мақұлданған өтінімдер саны 122 мыңға жуық болды (бұл өткен  тоқсаннан 47%, былтырғыдан жылдан 41% жоғары).

Астана мен Алматыда 51,1 мың өтінім мақұлданған. Ал өзге аймақтарда бұл көрсеткіш 70,9 мыңға жетті. Астана мен Алматыда көрсеткіш тоқсаннан тоқсанға 42%-ға, жылдан жылға 33%-ға өскен. Ал өңірлердегі өсім бұдан да жоғары: өткен тоқсанмен салыстырғанда 50%, өткен жылмен салыстырғанда 48%-ға артты.

Тұтынушылық несиелерге деген сұранысың төмендеуіне не себеп?

Банктердің дерегі бойынша ұзаққа созылған өсімнен кейін кепілмен берілетін тұтынушылық несиелер деген сұраныс аздап төмендеді. Мұны қаржы ұйымдары кепіл талаптарының қатаңдатуымен байланыстырады. Алайда кейбір банктерге түскен өтінімдер артқан. Осылайша осы қаржы ұйымдарының арқасында түскен өтінімдердің орташа саны тоқсан бойынша 6%-ға артып, 48 мыңға жетті.

Автокредиттерге диллерлердің ықпалы басым болды

Автокредиттерге деген сұраныс 10%-ға өсті. Банктердің хабарлауынша,  бұл серіктес автосалондардың маркетингтік шараларына және олардың жартылай субсидиялаған кейбір акцияларына байланысты. Нәтижесінде, кредит өтінімдерінің саны 1,1 млн-ға жеткен.

Банктер 2024 жылдың IV тоқсанында автокредиттер мен тұтынушылық кепілсіз қарыздарға сұраныс артады деп болжайды. Ал ипотекаға және кепілмен қамтамасыз етілген тұтынушылық қарыздарға сұраныс артпауы мүмкін.

Cурет: Shutterstock

Автор

  • Ақбота Ахмет

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетін «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша бітірген. «Хабар», Caspionet, «Білім және Мәдениет» телеарналарында редактор- сценарист, Atameken Business медиа холдингіне қарасты inbusiness.kz сайтында тілші болған.

    Барлығын қарау
Автокредит Банктер Ипотека Ірі бизнес ҚР Ұлттық банк Несие Шағын бизнес
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Қазақстанда қатты бидай экспорты бір айда екі есе кеміді

07/07/2025
Экономика

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

04/07/2025
Шолу

Қазақстанда әкімдіктегілер мен полиция қызметкерлері жиі пара алады – статистика

04/07/2025

Жаңа мақалалар

Қазақстанда қатты бидай экспорты бір айда екі есе кеміді

sarapshy.info 07/07/2025

Техаста су тасқынынан қаза тапқандардың саны 82 адамға жетті

Әлем жаңалықтары 07/07/2025

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

Экономика 04/07/2025

«Қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым…». Экосақшының шешімі ел-жұртты тәнті етті

Экология 04/07/2025

Қазақстанда әкімдіктегілер мен полиция қызметкерлері жиі пара алады – статистика

Шолу 04/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қатты бидай экспорты бір айда екі есе кеміді

07/07/2025

Техаста су тасқынынан қаза тапқандардың саны 82 адамға жетті

07/07/2025

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

04/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.