Маңғыстаудағы «ProArt2017» ЖШС күріш пен қарақұмықты арзанға сатып алып, кәсіпкерлерге үстеме ақымен өткізген. ҚР Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті (ӘМАТ) жоғары бағамен сатқанын заңсыз деп есептейді. «Тексеру барысында «ProArt2017» ЖШС-ның бірнеше мәрте заң бұзғаны анықталды. 2024 жылдың 12-15 қаңтары аралығында кәсіпорын «Dina Market» ЖШС-нан 5 кг күрішті 2703,57 теңгеге сатып алып, кейін оны «Нефтегазстрой» ЖШС-на 3437,5 теңгеге сатқан. Осылайша рұқсат етілген сауда үстемесі нормасынан 27% асып кеткен. Сонымен қатар, 2024 жылдың 4-15 қаңтары аралығында «ProArt2017» ЖШС «АНВАР» ЖШС-нан 200 кг қарақұмықты келісін 237 теңгеден сатып алып, оны «Мұнайгазстрой» ЖШС-на келісін 298,9…
Автор: Nargiza Yeres
«Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы Орал қаласындағы әуежайға жақын жерде орналасады. Бұл нүкте Ресейдің ірі қалалары Орынбор, Саратов, Самара, сондай-ақ Шығыс Еуропа елдерімен байланысатын маңызды көлік және логистика торабы болмақ. Бұл жөнінде Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев хабарлады. Сауда орталығын дамыту үшін арнайы индустриалды аймақ құрылып, келесі өнімдер өндіруге бағытталған инвестициялық жобалар жүзеге асырылады: ● Бояулар мен полимерлі жабындар өндірісі ● Пластикалық қаптамалар мен контейнерлер ● 3D декор-панельдер Бұл жобаға Kazkomservice, Mis PRO және Smart3D Technology Kazakhstan компаниялары қатысады. Экономикалық әсері Арман Шаққалиевтің айтуынша, «Еуразия» орталығының іске қосылуы Батыс Қазақстан облысының экономикасына бірнеше жағымды әсер береді: ● жүк және тауарларды…
Ел назары ауған Талғардағы Шерзат Болаттың қазасынан соң қайғы жамылған отбасының жағдайы ушыға түсті. Марқұмның туыс ағасы Нұрғанат Ғайыпбаев өзіне қол жұмсап, әкесі Қаржаубай Нұрымов пен туыстары 15 күнге қамалды. Әкесіне қатысты «Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2024 жылы 4 қазанында Алматы облысы Талғар ауданындағы «Қамажай» дүкенінің алдында әкесіне араша түспек болып, кісі қолынан қаза тапқан Шерзаттың өлімінен соң, оның отбасы толық полиция қарауында делінген еді. Алайда, 9 желтоқсанда Шерзаттың туыс ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті хабарлап, қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Полиция департаменті дерегінше, ол өзіне қол жұмсаған.…
Өскемен мен Семей қалаларын жарықтандыруға арналған 4,8 млрд теңге бөлінген жоба толық іске аспай қалды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, жобаны жүзеге асыру барысында қателіктер орын алған болуы мүмкін. Сондықтан облыс әкімдігі көше шамдарын орнатуды қайтадан қарастыруды көздеп отыр. «Жоба бойынша Өскемен қаласының бірнеше ауданында шамдарды модернизациялау керек еді. Бұл жоба Семей қаласын да қамтыды. Бірақ толық іске асқан жоқ. Жоба инвесторы мен жұмыс атқарған компания өкілдері айтқанымызды мойындамай, «бәрін орындадық» деді. Сондықтан біз құқықтық органдарға арыз түсірдік. Тергеу жүріп жатыр. Қазір Өскеменде қажетті 20 мың шамның 19500-ін орнына қойдық. Тек 500-і қалды. Менің…
Bank of America 2025 жылы мұнай бағасы барреліне 65 долларға дейін төмендейді деп болжады. Bank of America қатерлі болжам ұсынды Қаржы ұйымы сарапшыларының пайымынша, бұған келесі жылы нарықтағы ұсыныстың артуы және дамыған елдердің экологиялық таза отын мен электромобильдерге көше бастауы ықпал етеді. Осыған байланысты сұраныс бәсеңдеп, баға орта есеппен бір баррель үшін 65 долларға дейін төмендейді, деп болжады. «Мұнай тапшы болмайды, сондықтан біз 2025 жылы оған қатысты бұдан да төмен позицияны сақтаймыз», – деді энергетикалық болжам бойынша дөңгелек үстел барысында Bank of America жаһандық шикізаттарды зерттеу бөлімінің басшысы Франсиско Бланч. Айта кететіні, қазіргі кезде эталондық Brent маркасы барреліне 73 доллардан…
Орал қаласында интимдік қызмет көрсетумен және есірткі заттарын таратумен айналысқан 36 жастағы әйел ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Оған қоса іздестіру іс-шаралары кезінде екі шетел азаматының қатысуымен жасалған есірткі зертханасы жойылды. «Жалға алынған үйді тінту барысында синтетикалық есірткі өндіруге арналған жабдық және сатуға дайын тоғыз килограмм мефедрон тәркіленді. 27 мыңнан астам бір реттік доза айналымға жіберілмеді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан. Ішкі Істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі. Аймақтардағы операциялар Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды.…
Қазақстанның фармацевтика нарығы айтарлықтай дәрежеде импортқа тәуелді. Дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдердің 83,3%-ы шетелден әкелінеді. Дегенмен отандық өндірісті дамытуға бағытталған бағдарламалар нәтижесінде жергілікті фармацевтика кәсіпорындарының үлесі біртіндеп артып келеді. Мысалы, отандық өнімдер нарықтың шамамен 17%-ын құрайды. Ішкі нарықтың дамуы Қазақстанның фармацевтикалық нарығы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 566,46 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19%-ға жоғары. Бұл көрсеткіш елдегі фармацевтикалық өнімдерге сұраныстың артып, нарықтың тұрақты өсу динамикасын көрсетеді. Нарықтың негізгі сегменттері: Бюджет сегменті: Жалпы сатып алулардың 258,3 млрд теңгесі осы сегментке тиесілі. Яғни фармацевтикалық нарықтың 46%-ы мемлекттік бюджет арқылы сатып алынып жатыр. Бөлшек сегмент: 308,2 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды.…
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) жыл басынан бері қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 68 қылмыстық істі тергеді. Пирамидалар кесірінен адамдар 20 миллиард теңгеден астам шығынға батқан. Оның ішінде 13 миллиард теңгеден астам қаражат мемлекетке қайтарылды. Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтық жобалардың өмірлік циклін қысқарту және оларға тартылған салымшылар санын азайту мақсатында «Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл» арнайы жобасын іске қосты. 2024 жылғы ресми дерек бойынша: Интернет кеңістікте 47 қаржы пирамидасы анықталды; Әлеуметтік желілерде 300-ге жуық чат жабылып, шамамен 2 миллионға жуық әлеуетті салымшы тіркелді; Қаржы пирамидаларының белгілері бар 11,7 мыңнан астам сілтеме бұғатталды. Қаржы пирамидаларының негізгі белгілері Тәуекелсіз және күш-жігерсіз…
Талғар қаласының маңында 2024 жылдың 4 қазанында бір топ адам қатысқан жанжалдан қаза тапқан Шерзат Болаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті хабарлады. Мәліметтерге сәйкес, марқұм 30 жаста. Оқиға орнынан табылған ер адам өзіне қол жұмсаған. Алматы облыстық полиция департменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді. Қылмыстық сипаттағы ешқандай белгілер анықталмаған. «Марқұм Ш. Болаттың отбасы барлық уақытта полицейлердің қорғауында болғанын атап өтеміз. Марқұмның отбасына қандай да бір қауіп-қатер тіркелген жоқ. Күзетті жүзеге асырған қызметкерлердің түсіндірмелерінен ер адамның күзетілетін объектіден сағат 23:30-да шығып, жеке автокөлікпен кеткені анықталды», — делінген хабарламада. «Тергеу…
«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шек (ТЖШ) деңгейін 2024 жылғы көрсеткішпен бірдей сақталғанын мәлімдеді. Бұл шек – зейнетке шыққанда ең төменгі зейнетақы мөлшерінде ай сайынғы төлем алу үшін шотта қалуы керек ең аз ақша. Жинақтың бұл мөлшері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен зейнетақы жинақтарының болжамды кірісіне негізделіп есептеледі делінген хабарламада. 2025 жылға арналған жеткілікті шекті есептеу кезінде төмендегі көрсеткіштер пайдаланылды: ең төменгі жалақы – 85 000 теңге, ең төменгі базалық зейнетақы – 32 360 теңге, ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі – 46 228 теңге. ТЖШ деңгейінің өзгеріссіз қалуына, ең алдымен, ең төменгі…