Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Ұлытау облысы мәдениет басқармасы басшысының ақша жымқырғаны анықталды
Наргиза Ерес жаңалық 28/02/2025

Ұлытау облысы мәдениет басқармасы басшысының ақша жымқырғаны анықталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Жезқазған қалалық соты Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әнуар Омар мен оның қарамағындағыларға қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, олар мәдени іс-шараларды ұйымдастыру барысында 3,9 млн теңгеге қосымша келісім жасасу арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланған. Атап айтқанда тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А. Сарбаеваға, «Облыстық ғылыми-әдістемелік орталығы» КМҚК басшысы Г. Жолашароваға және «Тілдерді дамыту ресурстық орталығы» КММ басшысы Ж. Оспановаға, сондай-ақ жеке компанияның өкілі О. Талғаттың қатысы бар екені көрсетілген.

«Сот үкімімен ӘнуарОмар 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылса, оның қатысушыларына 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар, сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды», — делінген хабарламада.

Әнуар Омар — Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасындағы қызметіне 2022 жылы тағайындалған. Оған дейін мәдениет саласында, мұрағат ісінде қызмет атқарған. 2010-2016 жылдары Ұлытау селолық округінің әкімі, Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары, Ұлытау ауданының әкімі және Сәтбаев қаласының әкімі лауазымдарында болған.

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапанов мен мердігер ұйым басшыларына қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, 1 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған еді. 

 

Сурет: gov.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Жезқазған қалалық соты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланған Мәдениет сотталды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ұлытау облысы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.