Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Пятница, 11 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»ШҚО әкімі митингіге рұқсат бермегені үшін кінәлі деп танылды
Наргиза Ерес жаңалық 06/03/2025

ШҚО әкімі митингіге рұқсат бермегені үшін кінәлі деп танылды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Шығыс Қазақстан соты Өскемен қаласының әкімін бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы митингіге рұқсат бермегені үшін кінәлі деп тапты. Шешім 4 наурызда шығарылған. Бұл туралы талап-арыз иесі, белсенді Леонид Карташев 6 наурызда Азаттыққа мәлімдеді.

Белсендінің Азаттыққа айтуынша, әділ шешімге қол жеткізу оңай болмаған. 

«Сот процесі үш айға созылды. Қала әкімдігі менімен келісімге келіп, арызымды қайтарып алуымды бірнеше рет сұрады. Егер арызымды қайтарып алсам, митинг өткізуіме рұқсат бермек болды. Алайда мен өз позициямнан бас тартпадым,» – деді Карташев.

Белсенді бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы митинг ұйымдастыру үшін бірнеше рет әкімдікке өтініш берген. 2023 жылдың желтоқсан айында митинг өткізуге рұқсат ала алмаған кезде, әкімдік «алаңдар бос емес» деген уәж айтқан. Алайда Карташев дәл сол уақытта алаңда ешқандай іс-шара өтпегенін анықтаған. Сотқа оның 2023 жылғы 2 желтоқсанда берген өтініші негізінде жүгінгені белгілі болды.

Сот шешімінде қала әкімінің белсендінің митинг өткізуіне рұқсат бермеуі заңсыз деп танылып, әкімдікке бір ай ішінде митинг өткізуге мүмкіндік беру міндеттелді.

Белсенді Карташев уақыт белдеуіне қатысты акцияны 14 наурызда өткізуді жоспарлап отыр.

2024 жылдың 1 наурызынан бастап, Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне ауысты. Алайда бұл шешім қоғамда әлі күнге дейін даулы мәселеге айналып келеді. Уақыт белдеуінің ауысқаны қолайсыздық тудырып жатқанын айтып, үндеу жариялаған тұрғындарға Бектенов бірыңғай уақыт белдеуіне халық көндігеді деген еді.

DEMOSCOPE бюросы жүргізген сауалнама нәтижесі Қазақстан азаматтарының жартысынан көбі бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы екенін көрсетті. Әсіресе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік, Ақмола, Алматы облыстарында күннің ерте батқанына және таңның ерте атқанына шағымданғандар көбейді. Осыған дейін белсенділер бірнеше мәрте петиция жариялады. 

Алайда әлі күнге дейін бірыңғай уақыт белдеуі өзгеріссіз қалды.

 

Сурет: Turkystan.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

10/07/2025
жаңалық

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

10/07/2025
жаңалық

Астаналық университет атауынан Назарбаевтың есімі алынып тасталуы мүмкін

09/07/2025

Жаңа мақалалар

Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды

Әлем жаңалықтары 11/07/2025

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

жаңалық 10/07/2025

Трамп салған баж салығының экономикаға әсері қандай болмақ: сарапшы пікірі

Сарапшы пікірі 10/07/2025

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

жаңалық 10/07/2025

БҚО-дағы газ тапшылығын қалай шешуге болады?

Подкаст 10/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды

11/07/2025

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

10/07/2025

Трамп салған баж салығының экономикаға әсері қандай болмақ: сарапшы пікірі

10/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.