Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Қазақстанда шағын және орта бизнеске берілетін несие көлемі артты
Наргиза Ерес жаңалық 24/02/2025

Қазақстанда шағын және орта бизнеске берілетін несие көлемі артты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Былтыр жыл соңында шағын және орта бизнес иелері жиі несие алған. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкі қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры Олжас Кубенбаев мәлімдеді.

Маманның айтуынша, бұған мемлекеттің жаңа бағдарламаларды іске қосуы мен банктердің жаңа онлайн өнімдерді ұсынуы себеп болып отыр.

Ұлттық банк 2024 жылдың IV тоқсанында несие беру туралы сауалнама нәтижесін жариялады. Банктердің мәліметі бойынша ірі компаниялар банктерден несие алуды тоқтатқан жоқ. Қазіргі кезде бизнес бағытын ұзақ уақытқа жоспарлау қиын болғандықтан, үлкен инвестициялық жобалар үшін несие алуға деген сұраныс бәсеңдеп тұр.

Дегенмен кейбір банктер бірнеше ірі жобаның қайта іске қосылғанын байқады. Соның нәтижесінде орташа несие қаражаты 13%-ға азайып, 8,8 млрд теңгеге дейін төмендеді. Бірақ соған қарамастан, ірі бизнес берген несие өтінімдерінің саны 9%-ға өсіп, 214-ке жетті.

Осы тоқсанда банктер шағын және ұсақ кәсіпкерлікке арналған онлайн-несиелерді іске қосты. Бұған, әсіресе, бөлшек саудадағы кәсіпорындарға арналған бөліп төлеу жүйесі мен жеке кәсіпкерлерге арналған жеңілдетілген шарттардағы несиелер кіреді.

Шағын бизнес берген несие өтінімдерінің саны 10%-ға өсіп, 930 мыңға жетті, ал орта бизнес өтінімдері 2%-ға өсіп, 4,7 мыңға жеткен.

Ипотека мен автонесиеге сұраныс артты

Одан бөлек ипотека мен автонесиеге сұраныс артқан.  Ал тұтыну несиесіне сұраныс азайған.

Кей банктердің жаңа ипотекалық бағдарламалар ұсынуы мен құрылыс компанияларымен серіктестіктің жалғасуы ипотекаға сұранысты көбейткен. Ипотекалық несиеге берілген өтінімдердің саны 5%-ға артып, 228 мыңға жетті.

Ал автонесиенің өсуіне автосалондардағы жаңа жеңілдіктер мен маркетинг бойынша ұсынған науқандар әсер еткен. Кейбір банк автонесиені цифрлық үлгіде рәсімдеуді жеңілдеткен.

Осылайша, автонесиеге өтінімдер саны 3%-ға өсіп, 1,2 миллионға жетті.

Тұтынушылық несиеге сұраныстың төмендеуін маман пайыздық мөлшерлемелердің өскені себеп болды деп түсіндіреді. Сондай-ақ банктер кепілге қойылатын мүлікті бағалау талаптарын қатаңдатқан.

2024 жылы тұтынушылық несие өтінімдерінің саны 16%-ға төмендеп, 40,8 мыңға жеткен.

Кепілсіз тұтынушылық несиеге сұраныс та сәл азайды. Жалпы өтінімдер саны 20,2 миллион болды, бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 2%-ға аз.

Бұл деректерді Ұлттық банк 19 банкке сауалнама жүргізу арқылы жинаған.

2024 жылдың 3-тоқсаны бойынша да елде ипотекаға сұраныс артып, тұтыну несиесіне өтінім беретіндер қатары азайған.

Қазақстанда ипотекаға сұраныс артып, тұтыну несиесіне өтінім азайды

Cурет: Pexels.com

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
автонесие Ипотека маркетинг мемлекеттік бағдарламалар несие алу тұтынушылық несие Ұлттық Банк шағын және орта бизнес ШОБ
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026
жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
Біздің сараптама

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

14/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.