Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 9 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Біздің сараптама»БҚО-да 12 мектептің оқушылары әкімдік пен мәдениет үйі ғимаратында оқып жатыр
Нұрлыбек Рахманов Біздің сараптама 13/09/2022

БҚО-да 12 мектептің оқушылары әкімдік пен мәдениет үйі ғимаратында оқып жатыр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облысында 12 мектептің оқушылары әкімдік ғимараты, интернат пен мәдениет үйлері ғимаратында оқып жатыр. Себебі облыста мектептегі жөндеу жұмыстары 2-3 жылға созылған.

 

Орал қаласындағы мектептердің 45 пайызы күрделі жөндеуді қажет етеді

Орал қаласындағы 20 шақты мектеп бірнеше ондаған жылдар бойы күрделі жөндеу көрмеген. Жаңа оқу жылының басында №43 ЖОМ ғимараты және №7 ЖОМ ғимаратының сол қанаты апатты деп танылды. Бұл жайлы Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов қалалық мәслихат депутаттарына есеп беру кездесуінде мәлім етті.

Қала әкімінің ақпаратына сүйенсек, Оралда 50 мектеп жұмыс істесе, оның 20-сына күрделі жөндеу қажет. Қазіргі уақытта бес мектеп – №9, 13, 17, 23 және 32-інші мектепке жөндеу  жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптама жүргізген. Алайда күрделі жөндеу жүргізуге қашан және қанша қаражат бөлінетіні жайлы ақпарат жоқ.

Оралда 8 мектеп үш ауысымда оқиды. Себебі мектептерде орын тапшы. Бүгінде оралдықтар баласын қалаған мектебінде оқыта алмайды. Мектептерде басқа шағынауданның баласы түгіл өзінің аумағындағы оқушыларға орын тапшы. Жергілікті билік орын тапшылығына байланысты жаңа мектептер салу қажеттілігін біледі. Алайда Орал қаласында 2022 жылы бірде-бір жаңа мектептің құрылысы басталған жоқ.

 

Құрылысы дауға айналған мектеп

Былтыр оқу жылы басталуға екі апта қалғанда №31 мектептің мұғалімдері мен сонда баласы оқитын ата-аналарға мектеп ғимараты бұзылып, оқушылар №23 және 34-інші мектептерге оқитыны хабарланған еді. Мектеп ғимараты бұзылды. Құрылысы жеке инвесторға табысталды.

Ал бұрын бұл мектептің оқушылары спортпен айналысатын алаңқайға пандемия кезінде көпқабатты тұрғын үй салынып тасталған болатын. Ата-аналар «мектептің территориясы жеке компанияға сатылып кетті. Жері тарылып қалғасын енді салынатын мектепте орын саны бұрынғыдан аз болады. Балаларымызды қайда береміз?» деп мәселе көтерді.

Біздің Орал қаласының әкімдігіне бұл туралы жолдаған сауалымызға: «№31 мектептің спорт алаңы болған жер бұрыннан аталған мектептің жері болған жоқ. Бұл – жалпықалалық жер» деген жауап алдық. Әкімдік аппаратының басшысы А.Құлқаев: «Ол жерде «Болашақ-Т» ЖШС үйлері апатты деп танылған отбасыларға арналған  тоғызқабатты 2 тұрғын үйдің құрылысын жүргізді. Бұл үйлерде сондай 24 отбасыға пәтерлер берілді» дейді.

Әкімдіктің мәліметінше, №31 мектептің бұрынғы ғимараты 1961 жылы салынған, 380 орынға арналған болған. Ал мектептің жаңа ғимаратының құрылысы 400 орынға жоспарланып отыр.

Бұған дейінгі таралған ақпараттарға сүйенсек, бұл мектептің құрылысына инвестор табу қиын болған. Инвестор болуға келіскен «Каз-хол» ЖШС мектептің жанындағы «Шапағат» оңалту орталығының ғимаратын сұраған. Олар оңалту орталығының орнына 1-4 сынып аралығындағы балаларды оқыту үшін шағын орталық ашқысы келген. Әкімдік мектеп ғимаратын салғызып алу үшін «Шапағат» ғимаратын қосымша беруге келіседі. Кейін «Шапағат» орталығы орналасқан жер телімін қаржы басқармасы аукционға шығарғанда оны алматылық басқа компания ұтып алғаны жайлы айтылды.

Енді ғимараты бұзылып қалған №31 мектептің жаңа құрылысы үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы сұралмақ. Қазір құрылысы тоқтап тұр. Осындай мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі шикіліктердің, жергілікті биліктің жұмысындағы кереғарлықтардың кесірінен мектеп құрылыстары созылып кетеді.

 

12 мектеп алғашқы қоңырауға дайын болмай шықты

         Батыс Қазақстан облысы бойынша күрделі жөндеуден өтіп жатқан 12 мектептің құрылысы аяқталмай, оқушылар әкімдік ғимараты, интернат пен мәдениет үйлерінде оқуға мәжбүр.

Атап өтсек, Бөкей ордасындағы Жәңгір хан атындағы орта мектептің күрделі жөндеуі екі жылға созылды. Казталов ауданындағы Жұлдыз, Сарықұдық ауылдарындағы мектептер, Теректі ауданындағы Аңқаты ауылындағы мектеп, Бәйтерек ауданының Щапов ауылындағы мектептердің құрылыстары да екі-үш жылға созылуда.

Облыстық білім басқармасы биыл 19 білім беру нысанында күрделі жөндеу жасауға қаржы бөлінгенін мәлімдеді. Мердігерлерді анықтау үшін конкурс ақпан айында басталып, маусымда аяқталған. Келісімшартқа сәйкес 19 нысанның тек бесеуі оқу жылына дейін аяқталуы тиіс. Күз айларында 7 нысан, желтоқсан айында 5 нысан, 2023 жылдың ақпанында 1 нысан, сәуірінде 1 нысан күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Бұл тек жобалық-сметалық құжат жүзіндегі мерзім. Ал іс жүзінде жөндеу біразға созылып, зардабын оқушылар мен мұғалімдер тартатынын көріп отырмыз. Басқарма кестеден кешігу барын, мердігерлерге ескерту беріп жатқандарын жасырмайды. Мердігерлер мемлекеттік сатып алу процесі ұзаққа созылатынын, оның үстіне құрылыс материалдарының қымбаттап кеткенін алға тартады.

 

БҚО-дағы шағын мектептердің 90 пайызы жөндеуді не жаңа ғимаратты қажет етеді

Бұл жайлы облыс әкімі Ғали Есқалиевтің өзі айтты. 60 және 100 орындық шағын жинақты мектептер саны бойынша БҚО көш басында тұр. Мұндай мектеп саны – 215.

Ғали Есқалиев ҰБТ нәтижесіне сүйене отырып, шағын мектептердегі білім сапасына көңілтолмаушылық білдірді. Ол көктемде суға кеткен Шалғын ауылында 800 млн теңгеге 60 орындық мектеп салғанша, осы ауылдың тұрғындарына Қоскөл ауылында интернаттың жанынан үйлер салуды ұсынған еді. «Қоскөлде интернаты бар үлкен мектеп бар, ол жартылай бос. Көп бала оқитын үлкен мектепте бәсекелестік болады, сәйкесінше білім сапасы жақсы болады. Бірақ Шалғын тұрғындары бұған келіспеді. Біз шағын жинақты мектептер саламыз, бірақ осындай мектептерден балалар қандай білім алып шығады?» деген БҚО әкімі білім басқармасына шағын жинақты мектептерге талдау жасауды тапсырды.

Облыс әкімінің айтуынша, 54 орындық бір шағын жинақты мектеп салу үшін бюджеттен 700 млн теңге бөлу керек. 108 орындық мектеп құрылысына 900 млн. теңге қаржы қажет. Бюджетте мектеп салуға ақша жетпейді.

Жалпы БҚО-да 539 елдімекен бар. 77 елдімекенде мүлдем мектеп жоқ. Мұндай шағын ауылдардың оқушылары күн сайын көрші ауылдарға қатынап оқуда.

Нұрлыбек Рахманов, Батыс Қазақстан облысы

*суретте БҚО-ның Бәйтерек ауданындағы мектеп

 

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
апатты мектеп БҚО БҚО білім басқармасы Ғали Есқалиев Миржан Сатқанов
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Экология

«Қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым…». Экосақшының шешімі ел-жұртты тәнті етті

04/07/2025
жаңалық

БҚО-да 460 мың киік ауланады

03/07/2025
Біздің сараптама

Қазақстанда шілде айында киікті аулау басталады: өңірдегі кәсіпорындар қаншалықты дайын?

25/06/2025

Жаңа мақалалар

ҰҚК-ға қарасты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне басшы тағайындалды

жаңалық 08/07/2025

Каспий теңізі жағалауынан 40-қа жуық өлі шабақ табылды

Экология 08/07/2025

Қазақстанда қатты бидай экспорты бір айда екі есе кеміді

sarapshy.info 07/07/2025

Техаста су тасқынынан қаза тапқандардың саны 82 адамға жетті

Әлем жаңалықтары 07/07/2025

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

Экономика 04/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

ҰҚК-ға қарасты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне басшы тағайындалды

08/07/2025

Каспий теңізі жағалауынан 40-қа жуық өлі шабақ табылды

08/07/2025

Қазақстанда қатты бидай экспорты бір айда екі есе кеміді

07/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.