Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Ресей мен Қазақстан арасында неге импорттық шектеулер көбейді?
Нұртай Текебаев Шолу 31/01/2025

Ресей мен Қазақстан арасында неге импорттық шектеулер көбейді?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2024 жылы Ресей Федерациясының ветеринариялық және фитосанитарлық қадағалау федералды қызметі Қазақстанға азық-түлік өнімдерін импорттауға шектеулер енгізді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша «Россельхознадзор» мына тауарларды Қазақстаннан тасымалдауға уақытша шектеу қойды.

2024 жылдың 17 қазаны

 

2024 жылдың 21 қазаны
бидай, жасымық, майлы зығыр тұқымы, қызанақ, бұрыш, жаңа піскен қауын және үшінші елдерге тиесілі себуге арналған күнбағыс тұқымы

 

қазақстандық фитосанитариялық сертификаттар берілген гүл кесінділері мен бүршіктері

 

Қазақстан өз кезегінде жылдың соңына дейін Еуразиялық экономикалық одақ және үшінші елдер аумағынан бидай әкелуге тыйым салды.

Ведмство бұған дейін үкіметаралық деңгейде келіссөздер жүргізілгенін мәлімдеді. Екі елдің министрліктерінің өкілдері де  бірнеше мәрте кездескен.

«2024 жылғы 17 қазанда Мәскеу қаласында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 25-ші отырысы өтті, онда Россельхознадзор тарапынан қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімін негізсіз біржақты қайтару жөніндегі жағдай талқыланды», – деп хабарлады АШМ.

Сауда және инвестиция сарапшысы Ернар Серік мұндай бақылау тәжірибесі қалыпты екенін айтты.

«Санитарлық, фитосанитарлық және басқа да сауда шектеулері Ресей мен Қазақстан арасындағы саудада әрдайым болған, бұны Россельхознадзордың деректері растайды. Мысалы, 2024 жылы 22 тыйым немесе шектеу енгізілді, 2023 жылы — 23, 2022 жылы — 29, ал 2021 жылы — 31. Бұл сандар мұндай шаралардың өнім сапасы мен қауіпсіздігін бақылаудың стандартты тәжірибесінің бір бөлігі екенін көрсетеді», — дейді сарапшы.

Солай бола тұра Ернар Талғатұлы қазіргі геосаяси жағдайға байланысты былтыр екі елдің арасындағы импорттық тыйымға қатысты мәселеге ақпарат құралдары мән бергенін  айтты.

«Алайда 2024 жылы осы шектеулерге назар айтарлықтай күшейді, бұл геосаяси жағдайдың шиеленісуімен, экономикалық тұрақсыздықпен және елдердің өзін-өзі қамтамасыз етуге басымдық беруімен байланысты. БАҚ бұл шараларды ішкі нарықты қорғаудың маңызды құралы ретінде белсенді түрде жариялай бастады, бұл қоғамда үлкен пікірталас тудырды», – деп түсіндірді Ернар Серік.

Сарапшы бұл жағдайға Қазақстаннан Ресейге тасымалданатын тауар ағынының өсіп келе жатқанын, соған байланысты көрші мемлекет шаралар қабылдауға мәжбүр екенін атап өтті.

«Сонымен қатар соңғы оқиғалардың әсерінен Қазақстанның Ресейге экспорты артып келеді, бұл шектеулердің де санының өсуіне ықпал етуі мүмкін. Сауда айналымының артуына байланысты екі ел де өз стандарттарын сақтап, импорттық ағындарды реттеу үшін өнім сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды күшейтуге тырысуда. Бұл ұлттық мүдделер мен өндірушілерді қорғауға бағытталған экономикалық және саяси басымдықтардың өзгеруін ескере отырып, заңды қадам болып табылады», — деген тұжырым жасады эксперт.

Экспорттық шектеулердің енгізілуі – бұл Қазақстанның азық-түлік өнімдерінің Ресей нарығына енуіне кері әсер ететін елеулі экономикалық фактор. Соның салдарынан Қазақстандық өндірушілер үшін логистикалық шығындар артты және өнімді басқа нарықтарға қайта бағыттау мәселесі туындады.

Аталған шектеулер ЕАЭО аясындағы сауда еркіндігін шектейтін тосқауылдардың бірі ретінде қарастырылуы мүмкін, бұл интеграциялық процестердің әлсіздігін көрсетеді.

Балама нарықтарды іздеу Қазақстан үшін басты стратегиялық қадам болуы тиіс, себебі Ресей нарығына тым тәуелді болу болашақта осындай шектеулердің қайта пайда болу қаупін арттырады.

Үкіметтің міндеті – экспорттаушыларды қолдау, зертханалық бақылауды күшейту және халықаралық стандарттарға сәйкестікті арттыру арқылы осындай жағдайлардың алдын алу.

Қазақстан өзінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын жетілдіріп, әртараптандырылған экспорттық бағыттарды дамытса, мұндай шектеулер кері әсерін тигізбейді.

фото: pixabay

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды.
    2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Импорт Қазақстан Ресей сауда
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026
жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
Біздің сараптама

Ресей мен Жапония қарым-қатынасындағы шиеленіс

09/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.