Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Спорт саласында жемқорлық деректері анықталды: БҚО-да да қылмыстық іс қозғалған
Наргиза Ерес sarapshy.info 26/12/2024

Спорт саласында жемқорлық деректері анықталды: БҚО-да да қылмыстық іс қозғалған

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Биыл БҚО-да спорт саласындағы жемқорлық фактілері бойынша бірнеше заң бұзушылықтар орын алды. 

2024 жылы Батыс Қазақстан облысы мен еліміздің басқа аймақтарында спорт саласындағы жемқорлық деректері тіркелді. Бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуы, тиімсіз басқару және заңсыз әрекеттер анықталды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше елде сенімгерлік басқаруға өткен бірнеше нысан мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның қатарында БҚО-да «Ақжайық» футбол клубының ғимараты мен стадионы, сондай-ақ қысқы спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бар екені айтылған. Сонымен қатар Жоғарғы сот БҚО теннис мектебін сенімгерлік басқаруға беру заңсыз деп тапқанын жазған едік.

​​Батыс Қазақстан облысындағы «Ақжайық» футбол клубына 2024 жылы мемлекет 400 миллион теңге бөлген еді. Алайда қаражат су тасқынының шығындарын жабуға жұмсалды. Осы жолы клубқа мемлекет қаражат бөлген жоқ.

2024 жылы ақпан айында стадион басшысы Оралбай Жақсымбетов 57 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.

Маңғыстау облысының прокуратурасы «Каспий» футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаржының жымқырылғанын анықтады. Тергеу барысында клубтың бұрынғы басшысы екі танысымен бірге клуб қызметкерін күш қолдану арқылы айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені және одан 15 млн теңге қорқытып алуға тырысқаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.

Республика бойынша жалған спорттық іс-шараларды өткізуге және жалақыға қосылған негізсіз үстемақыға 1,3 млрд теңге жұмсалғаны анықталып, бюджетке қайтарылды. Оның ішінде, Астана қаласы – 398 млн теңге, Қостанай облысы – 350 млн теңге, Алматы қаласы – 182 млн теңге, Түркістан облысы – 53 млн теңге.

Биыл футбол клубтарын қаржыландыру 2,2 млрд теңгеге қысқарды. Түркістан облысы – 1 млрд теңге, Ақмола облысы – 390 млн теңге, Қостанай облысы – 350 млн теңге, Павлодар облысы – 300 млн теңге, Жетісу облысы – 146,2 млн теңге.

Антикор ҚР Туризм және спорт министрлігінің «Спортты дамыту дирекциясы» басшысы мен орынбасарына қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады. Оларға 584 млн теңге бюджет қаражатын спорт жабдықтарын сатып алу және туроператорлармен келісімшарттар арқылы жымқырды деген айып тағылды. Айта кетейік, кәсіпорын директоры 2021 жылы Батыс Қазақстан облысында футбол мен допты хоккейді дамытуға бөлінген 161,9 млн теңгені ұрлаған.

Сурет: Pexels.com

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Каспий» футбол клубы «Спортты дамыту дирекциясы» Ақжайық футбол клубы Антикор жемқорлық заң бұзушылықтар спорт саласындағы жемқорлық
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
Өте өзекті

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.