Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»«Оқ тиді ме, құстарға соғылды ма»? Embraer 190 ұшағының қара жәшігі табылды
Наргиза Ерес жаңалық 25/12/2024

«Оқ тиді ме, құстарға соғылды ма»? Embraer 190 ұшағының қара жәшігі табылды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Оқ тиді ме, құстарға соғылды ма»? Сәрсенбі күні таңертең Ақтау маңына құлаған Azerbaijan Airlines  әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апаттан кейінгі қара жәшігі табылды. Қазір сараптама жүріп жатыр. 

Embraer 190 жолаушылар ұшағы Баку-Грозный № J2-8243 рейсін орындау кезінде Ақтау қаласынан 28 шақырым жерде құлады. Соңғы мәліметтер бойынша, бортта болған 67 адамның 38-і қаза тапты, 29 адам ауруханаға түскен.

«Қайтыс болғандардың денесі өртенген, барлығы жиналды, қазір мәйітханада. Қаза тапқандардың арасында Қазақстаннан 6 адам болды. Оның екеуі бала», — деді вице-премьер Қанат Бозымбаев.

Тірі қалған жолаушылар тізімі:

Әзербайжанның 37 адамы бар, оның 23-і қаза тапты, 14-і аман. Қырғызстанның үш азаматы аман.
Ресейдің 16 адамның жетеуі қаза тауып, тоғызы аман қалды. Қазақстандық алты адамның үшеуі Маңғыстау облысынан, біреуі Қостанай облысынан, біреуі Астанадан.

Экипаждың екеуі қаза болып, үшеуі тірі қалған.

Авиация маманы Абыл Кекілбай Азаттыққа берген сұхбатында экипаждар ұшақты білікті басқарғанын айтты.

«Экипаж мүшелері тәжірибелі маман екенін көрсетті. Себебі әуежайға жете алмаса да адамдар жоқ жерге, кең жерге апарып қондыруға тырысты. Бұдан бөлек шамасы келгенше адамдарды аман алып қалуға тырысты. Қолдарынан келгенін жасады», — деді авиа сарапшы.

Ұшақ апатының себептеріне қатысты әлеуметтік желіде әр түрлі болжамдар айтылып жатыр. Алғашқы мәліметтерде ұшақтың құстарға соғылуы мүмкін деген пікір айтылса, кейіннен әуе кемесіне оқ тиген болуы мүмкін деді.

Вице-премьер Қанат Бозымбаев ұшақ бортындағы тесіктердің суреттеріне қатысты пікір білдіре отырып, «Тергеу барлық сараптамаларды жүргізеді, ал әзірге нақты ештеңе айту мүмкін емес», деп мәлімдеді.

Тергеудегі Orda.kz дереккөзінің хабарлауынша, Әзірбайжан мен Ресей тергеу тобына қосылуға ресми өтініш жасаған. Бірақ Қазақстан өтінішті қабылдамады. Қара жәшік пен барлық дәлелдер Қазақстанның бақылауында болатынын айтқан.

Сурет авторы: Азамат Сарсенбаев

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Azerbaijan Airlines  әуе компаниясы Embraer 190 Баку-Грозный Ұшақ құлады
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.