Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 7 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Ұлттық банк мамыр-шілде айларында 21,6 тонна алтын сатты
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 04/10/2024

Ұлттық банк мамыр-шілде айларында 21,6 тонна алтын сатты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Алтын-валюта резервтеріндегі алтынның үлесі үш пайыздық тармаққа төмендеді. Ал басқа елдер, геосаяси тұрақсыздық кезеңдерінде, керісінше, бұл активті сатып алады. Қазақстанның жалпы халықаралық резервтерінің көлемі осы жылғы тамызда 42,7 млрд АҚШ долларға жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 27,2%-ға артық. Бұл жөнінде ranking.kz жазды.

Ақшамен есептегенде резервтердің жартысынан астамы алтында болды. Бұл 23,5 млрд АҚШ доллар — өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда 20,9%-ға көп. Ал еркін айырбасталатын валюталық активтер бір жылда 35,8%-ға өсіп, 19,3 млрд АҚШ долларға жетті. Бұл ретте жалпы халықаралық резервтегі алтынның үлесі бір жылда 57,7%-дан 54,9%-ға дейін төмендеді.

Сонымен қатар физикалық мәндегі, тоннадағы деректер әлдеқайда қызықты. Мәселен, осы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша Қазақстанның алтын-валюта қоры бар болғаны 692,3 келіге өсті. Оның үстіне алғашқы төрт айда 22,3 тонна алтын сатып алынса, мамырдан шілдеге дейін Ұлттық банк керісінше 21,6 тонна асыл металды сатқан.

Бұған дейін, 2011–2021 жылдар аралығында Қазақстан белсенді түрде алтын сатып алған. Яғни, жылына 2,4-тен 50,6 тоннаға дейін болды. Осы кезеңде әлем бойынша барлығы 335,1 тонна алтын сатып алынған. Ал Қытай, Ресей және Түркия ғана Қазақстан Республикасына қарағанда алтынды белсендірек сатып алды. Алайда олардан айырмашылығы Қазақстан 2022 және 2023 жылдары 108,1 тонна алтын сатқан: 2022 жылы 50,7 тонна, 2023 жылы 57,4 тонна.

2022 жылы орташа есеппен алтынның бір трой унциясы 1,8 мың АҚШ долларды құрады. Келесі жыл баға бойынша рекорд орнады. 2023 жылдың сәуірінде алтынның бір трой унциясының бағасы 2 мың АҚШ долларына жетті, ал желтоқсанда рекорд жаңартылды. Яғни, екі мыңнан сәл астам АҚШ доллары болды.

Биыл алтынның бағасы ай сайын дерлік рекорд жаңартып, қыркүйекте 2,6 мың АҚШ долларды құрады. Қазан айының басында алтынның бағасы көтерілуін жалғастырды және бір троя унциясы үшін 2,7 мың АҚШ долларға жетті.

Қазақстанда бір грамм алтынның құны 41 мың теңгеден асты

Дүниежүзілік алтын кеңесі Халықаралық валюта қорының қаржылық статистикасына сүйенсек, Қазақстан алтын қоры бойынша әлемде 18-орында тұр.

Дүниежүзіндегі алтынның көп бөлігі орталық банктердің қолында. Олар бұл резервтерді олардың қауіпсіздігі, өтімділігі және табыстылығы үшін сақтайды. Бұл мекемелер тарих бойы өндірілген алтынның шамамен бестен біріне ие.

Жалпы ресми әлемдік алтын қоры 30,1 мың тоннаға жетеді. Ең үлкен көлемі – АҚШ-қа тиесілі. Бұл 8,1 мың тоннаны құрайды, оның жартысы АҚШ-тың әйгілі Форт Нокс депозитарийінде сақталған. Екінші және үшінші орындарда – 3,4 мың және 2,5 мың тонна алтын көлемімен Германия мен Италия тұр.

Францияда (2,4 мың тонна), Ресейде (2,3 мың тонна), Қытайда (2,3 мың тонна) және Швейцарияда (1 мың тонна) да айтарлықтай қор бар.

Қазір елде бір грамм алтынның құны 41 мың теңгеден асады. Былтыр бағалы металды сатып алған азаматтардың қазір жылдық табысы 40 пайызға жуықтаған. Бағаның көтерілуіне әлемдегі саяси және экономикалық оқиғалар әсер етті.

Биылдыққа алтын 11 мың теңгеге қымбаттады. Мәселен, 3 қаңтарда Ұлттық банктің есебі бойынша 1 грамм алтын 30 323 теңге 51 тиынға бағаланған еді.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 АҚШ доллар Алтын бағасы Дүниежүзіндегі алтын Қазақстан Ұлттық Банк
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Шолу

Қазақстанда әкімдіктегілер мен полиция қызметкерлері жиі пара алады – статистика

04/07/2025
sarapshy.info

Алматыда кеден бекетінен заңсыз тауарларды өткізген топ сотталды

04/07/2025
sarapshy.info

Парамен ұсталған екі вице-министр сот санкциясымен қамауға алынды

03/07/2025

Жаңа мақалалар

Техаста су тасқынынан қаза тапқандардың саны 82 адамға жетті

Әлем жаңалықтары 07/07/2025

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

Экономика 04/07/2025

«Қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым…». Экосақшының шешімі ел-жұртты тәнті етті

Экология 04/07/2025

Қазақстанда әкімдіктегілер мен полиция қызметкерлері жиі пара алады – статистика

Шолу 04/07/2025

Алматыда кеден бекетінен заңсыз тауарларды өткізген топ сотталды

sarapshy.info 04/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Техаста су тасқынынан қаза тапқандардың саны 82 адамға жетті

07/07/2025

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

04/07/2025

«Қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым…». Экосақшының шешімі ел-жұртты тәнті етті

04/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.