Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Еліміздің 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы айтылды
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 17/09/2024

Еліміздің 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы айтылды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Мәжілісте елдің 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заң жобасын таныстырды.

Азамат Әмрин атап өткендей, болжамды қалыптастыру негізіне мұнайдың бағасы барреліне 75 АҚШ доллары және доллардың есептік бағамы 470 теңге болғандағы базалық сценарийі алынды.

«Болжам бойынша 2025 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 5,6 пайызды құрайды. Ал бес жыл ішінде жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсуі – 5,4 пайызды құрайды. Номиналды жалпы ішкі өнім 2025 жылғы 150,8 трлн теңгеден 2029 жылы 234,2 трлн теңгеге дейін өседі», — дейді вице-министр.

Оның айтуынша, экономиканың барлық салаларында өсім күтіліп отыр. Мұнай өндіру көлемі 2025 жылы 97,2 млн тоннадан 2029 жылы 104,8 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Тауарлардың экспорты 2025 жылы 82,3 миллиард АҚШ доллардан 2029 жылы 90,0 миллиард АҚШ долларға дейін өседідеп болжанып отыр. Импорт 61,3 миллиард АҚШ доллардан 67,5 миллиард АҚШ долларға дейін өседі.

Инфляция деңгейі 2025 жылы 5,5 және 7,5 пайыз, 2026 жылы 5 және 6 пайыз аралығында айқындалды, кейіннен 2027-2029 жылдары 5 пайызға дейін төмендеуі күтіледі.

Макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы негізінде 2025-2027 жылдарға арналған бюджет пен Ұлттық қор параметрлерінің болжамы қалыптастырылды. Онда республикалық бюджеттің кірістері 2025 жылы 15,6 трлн теңгені, 2027 жылы 18,2 трлн теңгені құрайды.

Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңда мұнайдың кесімді бағасы 2025 жылы барреліне 42,3 АҚШ доллары, 2026 жылы барреліне 41,0 АҚШ доллары, 2027 жылы барреліне 39,4 АҚШ доллары деңгейінде белгіленді.

Осыны ескере отырып, 2025-2027 жылдары республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде айқындалды.

Еске салсақ, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ өсімі төмен қалыптасып, 3,2%-ды құраған еді.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 2025-2029 жж Ел экономикасы Мәжіліс Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Қазақстан шенеуніктерінің декларациясы: миллионер жұбайлар, жалақыға өмір сүретін министрлер

06/01/2026
sarapshy.info

Атырау облысында төрт тұрғын іздестірілуде

02/01/2026
Шолу

Ақтаудағы ұшақ апатына бір жыл болды

25/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.