Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 11 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Ақтаудағы ұшақ апатына бір жыл болды
Дария Ғұмар Шолу 25/12/2025

Ақтаудағы ұшақ апатына бір жыл болды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2024 жылдың 25 желтоқсанында Маңғыстау облысындағы Түпқараған ауданында Бакудан Грозныйға жол тартқан әзірбайжандық Embraer 190 ұшағы құлады. Ұшақ бортында 67 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 11:30-да құлаған. Апат ауданы 4 200 шаршы метрді құрады.

Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, Embraer-190 әуе кемесі туралы алғашқы сигнал сағат 10:43-те Ақтөбе аудандық диспетчерлік орталығына Ростов аймағының диспетчерінен түскен. Сол сәтте 8243 рейсі Грозныйдан қосалқы аэродромға бағыт алған.

Жолаушылар ұшағында 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған.Қайғылы оқиға кезінде 38 адам көз жұмды.

Ұшақ апатынан кейін президент тапсырмасымен мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссияның жетекшісі ретінде вице-премьер Қанат Бозымбаев тағайындалды.

25 желтоқсанда Әзербайжанның Report сайты ұшақ құстарға соғылғанын хабарлады. Сондай-ақ Embraer 190-ға оқ тиген деген нұсқа болды.

Тергеу кезінде Көлік министрлігі Әзербайжан Республикасы Үкіметімен бірге жұмыс істеді.Ұшақтың қара жәшігіндегі жазбаларды тексеру үшін Бразилияның авиациялық орталығы (CENIPA) мен Embraer 190 компаниясы өкілдері жиналды. Дәлелдерді жинақтауға Әзербайжан, Қазақстан, Ресейден үш тергеуші қатысты.

Апаттан кейін Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев ұшаққа Ресей қорғаныс жүйесі соққы бергені туралы бірнеше мәлімдеме жасады.

«Ресейдің мемлекеттік органдары бұл оқиғаны жасырып, қисынсыз нұсқаларға сүйенуі бізді таңғалдырды әрі өкінішті. «Қара жәшіктерді» ашу процесі басталды және біздің талабымызбен бұл жұмыс Бразилияда жүргізіліп жатыр. Ұшақ радиоэлектрондық құралдар арқылы басқарудан шығарылғаны анық. Бірақ не себепті ұшақ Ақтауға бағытталды? Бұл шешімді жергілікті диспетчерлер қабылдады ма, әлде ұшқыштар Ресей әуе кеңістігінде қону мүмкін болмайтынын түсініп, өздері таңдады ма – бұл туралы ақпарат әлі жоқ. Барлық мәліметтер «қара жәшіктер» ашылғаннан кейін белгілі болады», – деді Президент бір сөзінде.

Euronews агенттігі Embraer-190-ның жанында Грозный әуе кеңістігіндегі дрондар атқан оқ пеноның бөлшектері жарылып, сынықтары экипаж мүшелері мен жолаушыларға тигенін жазды.

9 қазанда Душанбеде Әзербайжан президенті Илхам Әлиев пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Путин келіссөз барысында Әзербайжан ұшағын ресейлік әуе қорғаныс жүйесі қателікпен атып түсіргенін растады.

Ресей басшысы Әзербайжанға өтемақы төленіп, кінәлі әскери қызметкерлердің әрекеттеріне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді. Оның сөзінше, Ресейге тиесілі екі зымыранның сынықтары ұшаққа тиген.

Ресей ресми түрде кінәсін мойындағанымен, өтемақы төлегені туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, 22 қыркүйекте Ресейде ТМД елдерінің саммиті өтті. Аталған кездесуге Әзербайжан президенті де шақырылған, алайда ол саммитке қатысудан бас тартты.

фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2024 Embraer 190 Ақтаудағы ұшақ апаты Әзербайжан Владимир Путин Дрон шабуылы Ильхам Әлиев Ресей Түпқараған ауданы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Ресей мен Жапония қарым-қатынасындағы шиеленіс

09/09/2026
жаңалық

Ресейдегі порттағы жаппай төбелестен кейін Қазақстан азаматтары қамауға алынды

30/03/2026
жаңалық

Қытайдан Қазақстанға көшкендер саны 29%-ға артты

17/03/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.