Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Оқиға»БҚО-да он адамға сан соқтырған күдікті ұсталды
Гүлмира Сарсенғали Оқиға 17/09/2025

БҚО-да он адамға сан соқтырған күдікті ұсталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстанда он адамға сан соқтырған күдікті құрықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Оқиғаның мән-жайы

Белгілі болғаны, БҚО полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 31 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады. Ол бірқатар алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікке ілініп отыр.

«Тергеу барысында күдіктінің әлеуметтік желі арқылы адамдармен танысып, түрлі сылтаумен, соның ішінде басқа оқу орындарына ауыстыруға көмектесемін және жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде беріп, азаматтардың ақшасын алдап алғаны анықталды. Оның әрекетінен Батыс Қазақстан облысының он тұрғыны зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын 1 млн 400 мың теңгені құрайды», — делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру нәтижесінде күдікті Алматы қаласында ұсталып, Орал қаласына жеткізілді. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар оның Қазақстанның басқа өңірлерінде осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», — деп хабарлады ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Елде алаяқтық қылмыстардың көбеймесе, азаятын түрі жоқ.

Жақында Ақмола облысында алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды. Бас прокуратура олардың арасында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі орталық аппаратының, сондай-ақ бірқатар банктердің, оның ішінде «Kaspi Bank», «Forte Bank», «Еуразиялық Банк», «Jusan bank» қызметкерлері болғанын хабарлады.

Алаяқтар Қазақстан азаматтарына жол ережесін бұзғаны үшін жалған айыппұл жіберетін жаңа айла ойлап тапқан. Қаскөйлер жүргізушілерге электрондық пошта мен мессенджерлер арқылы көлік нөмірі мен айыппұл төлеуге арналған сілтемесі бар жалған хаттар таратып жатыр. Бұл – интернет-алаяқтықтың бір түрі.

2024 жылы Қазақстан азаматтарына интернет-алаяқтықтан келген залалдың қаржылай көлемі 10 миллиард теңгеден асып, жаңа рекорд қойылды. Осы ақшаның барлығы дерлік шетел асып кетті деуге болады.

Фото: Pexels.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2025 Алаяқтық әрекеттер БҚО БҚО полиция департаменті Интернет-алаяқтық Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы Қазақстан азаматтары
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.