Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері Көлбаевтың қылмыстық тобына қатысы бар қырғызстандық азаматты құрықтады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Қырғызстан ІІМ мәліметінше, ұсталған азамат Қырғызстандағы ең танымал қылмыстық авторитеттердің бірі саналатын Қамшыбек Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі.
Қамшыбек Көлбаев – Қырғызстан аумағында құрылған трансұлттық қылмыстық топтың жетекшісі. Ол 2000 жылы адам өлтіргені үшін 15 жылға сотталды, алайда 6 жылдан кейін түрмеден қашып шыққан. 2024 жылы көз жұмған Көлбаевқа майнинг фермасы бар зауыт, «Егіз мұнара» БО және Ыстықкөл жағасындағы «Ақ марал» демалыс орталығы тиесілі.
Ол 17 жыл бұрын текетірес кезінде кісі өлтірді деген айыппен мемлекетаралық іздеуде жүрген.
Қазақстан ІІМ-нің хабарлауынша, қыркүйек айының басынан бері 81 іздеуде жүрген адам ұсталған.
фото: polisia.lz

