Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 11 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Қыркүйекте қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр?
Дария Ғұмар жаңалық 01/09/2025

Қыркүйекте қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қыркүйектен бастап қазақстандықтардың ақша аударымдарын бақылау тәртібі қатаңдай түседі. Енді үш ай ішінде шотына бірден 1,02 млн теңгеден астам қаражат түскен азаматтарды салық органдары бақылауға алады. Үш айда 100-ден астам аударылым жасалған шоттар да мемлекеттік кірістер комитетінің назарына ілігеді.

Қаржы нарығын реттеу және дамытуагенттігі заң жобалары күшіне енгенін хабарлады. Енді онлайн несие алу кезінде қаражат шотқа бірден түспейді. Қарыз алушы 24 сағат ішінде өз келісімін қайта растауы қажет. Бұл жүйе азаматтарға ойлануға қосымша уақыт береді және артық несие алудан сақтандырады.

Алғаш рет 150 АЕК-тен (196 600 теңгеден) жоғары несие рәсімдеген жағдайда азаматтар банктің немесе микроқаржы ұйымының кеңсесіне баруға тиіс. Ал 21 жасқа толмағандар мен 55 жастан асқандар қарызды тек арнайы келісімді толтыру арқылы ала алады.

Әскерге шақыру тәртібі де заманауи жүйеге көшеді. Бұдан былай шақыру қағаздары SMS немесе eGov порталы арқылы жіберіледі. SMS-хабарламалар әскерге шақыру қағазына тең. Әскерге шақырудың жаңа маусымы 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Енді қазақстандықтар құрылысы аяқталмаған пәтерді қолма-қол ақшамен сатып ала алмайды. Төлем тек банктер арқылы уәкілетті құрылыс компаниясының есепшотына аударылуы тиіс.

Қыркүйектен бастап мектеп асханаларында жаңа тамақтану стандарты енгізіледі. Енді тағамдарда қант, тұз және май мөлшері едәуір азаяды, деп хабарлады ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Роза Қожапова.

Студенттердің стипендия көлемі өседі. Енді бакалаврлар айына 52 мың теңге, магистранттар – 117 мың теңге, докторанттар – 262 мың теңге алады. Алдынғы жылы стипендия көлемі бакалавриат студенттері үшін 47 135 теңге, ал магистратура мен докторантурада оқитын студенттер үшін сәйкесінше 97 024 және 217 000 теңге еді.

Еңбек нарығында да жаңалық бар: жұмыс берушілер алдымен enbek.kz порталынан қазақстандық мамандарды іздеуі тиіс, ал шетелдік жұмысшылар тек бос орынға лайықты үміткер табылмаған жағдайда ғана шақырылады.

фото: ЖИ-генератор

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 Әскерге шақыру Қолма-қол төлем Қыркүйек Мектептегі тамақтандыру Мемлекеттік кірісітер комитеті Несие Салық органдары Тұрғын үй
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
Өте өзекті

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.