Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Четверг, 4 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экология»«Жайық орманы» резерваты неге құрылмай қалды?
Нұрлыбек Рахманов Экология 07/09/2023

«Жайық орманы» резерваты неге құрылмай қалды?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевке «Жайық орманы» резерваты не себепті құрылмай қалғанын сұрап сауалдар жолдадық. Біздің редакцияның «Орман резерватын құру жұмысы неге ұзақ уақытқа созылып кетті? «Жайық орманы» резерватын құруға қандай кедергілер бар?» деген сауалына әкімдік аппараты төмендегідей жауап берді.

— «Жайық орманы» мемлекеттік табиғи резерватын (бұдан әрі — Резерват) құру мақсатында, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 қарашадағы жерлерді резервке қою жөнінде № 240 қаулысы шықты. Резерват жерінің көлемі 46 969 га құрайды, оның ішінде Бөрлі КММ (22 700,0 гектар), Орал КММ (6,0 гектар) және Январцев КММ (24 263,0 га) мемлекеттік орман қорының жерлері кіреді. Сондай-ақ, Жайық өзенінің жағалауындағы резервке қоюға жоспарланған аумақта республикалық маңызы бар «Кирсанов» (кешенді) мемлекеттік табиғи және жергілікті маңызы бар «Дубрава» мемлекеттік табиғи ботаникалық қаумалдарының жерлері орналасқан.

Табиғи-ғылыми экономикалық негіздеме жобасы Комитетпен бекітілді және ол бойынша Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінен 2014 жылғы 14 ақпандағы №13-06-12/І-18868 мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы алынды. Қазіргі уақытта өзгерістер енгізіліп жатыр.

«Жайық өзені сағасында мемлекеттік табиғи резерват құрудың табиғи-ғылыми және техникалық экономикалық негіздемелерін әзірлеу» бойынша 2013 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен Батыс Қазақстан облысындағы Жайық өзені сағасында ерекше қорғалатын табиғи аумақ (бұдар әрі — ЕҚТА) құру бойынша жұмыстарға бастамашылық етілді. Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына сәйкес ЕҚТА құру 2 жыл ішінде 2 кезеңмен орындалады: 1) жаратылыстану-ғылыми негіздеме әзірленеді, далалық зерттеу жұмыстары және ЕҚТА шекарасы мен аумағының анықталуы кіреді; 2) техникалық-экономикалық негіздеме әзірленеді, ЕҚТА жоспарлық ұйымдастыруы, әртүрлі режимдегі қорғау аумағын анықтау үшін функционалдық алдын ала тексеруі, инфраструктураның негізгі даму жоспарын дайындалуы және ішкі шаруашылық құрылысы жатады. Осыған орай, Қазақстан Республикасының 2006 жылдың 29 қыркүйектегі «Республика және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін резервтеу, ұлғайту және құру жөнінде ережесін бекіту туралы» № 943 қаулысына сай, Инспекция Батыс Қазақстан облысының Орал каласы, Бөрлі, Бәйтерек және Теректі аудандарындағы мемлекеттік орман қорының 46 969 гектар жерін, резерват құру мақсатында резервке қою жөнінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің қаулысына сәйкес комиссия құрылды. Бақылаушылар ретінде қоғамдық бірлестіктер мен экобелсенділері қосу жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақсуат елді мекені маңындағы орналасқан орман алқаптары резерват ауданына кірмейді. Алайда, резерват аумағын кеңейту мақсатында, Жайық өзені жайылмасының бойындағы жерлерді (Ресей Федерасының шекарасынан бастап Атырау облысының шекарасына дейін) қосу мәселесі қарастырылуда, — делінген әкімдік жауабында.

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Жайық орманы резерват
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Экология

Қазақстанда кәсіпорындарға арналған жаңа экология нормалары бекітілді

29/11/2025
Экология

Қарағандында киіктер антисанитарлық жағдайда сойылып жатыр

10/11/2025
Экология

Каспийде тағы итбалық қырылды

10/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.