Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Шығыс Қазақстан техникалық университетіне техникалық парктің үлесі толық қайтарылды — ҚМА
Нұртай Текебаев жаңалық 20/06/2025

Шығыс Қазақстан техникалық университетіне техникалық парктің үлесі толық қайтарылды — ҚМА

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің иелігіне «Алтай» технопаркі» ЖШС қайтарылды. Бұл жөнінде Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

ҚМА-ның облыстық департаменті тергеу жүргізіп, аталған ЖШС-ның жарғылық каптиалындағы 78% үлестің заңсыз жолмен жекеменшікке берілгенін анықтады.

«2018–2020 жылдары университеттің бұрынғы басшылығы «Технопарк «Алтай» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 78% мемлекеттік мажоритарлық үлесті заңсыз түрде жекеменшікке өткізген. Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау аясында университетке жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын «Технопарк «Алтай» ЖШС-дегі 100% үлес, 8 мың шаршы метрлік ғимарат пен 1,3 га жер телімі қайтарылды», — деп мәлімдеді агенттік.

Универистет сайтындағы дерек бойынша Өскемен құрылыс-жол институты 1958 жылы ашылған. 1996 жылы Шығыс Қазақстан техникалық университеті ретінде тіркелді. 2020 жылы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан коммерциялық емес акционерлік қоғамына айналды.

ШҚТУ металлургия, машина жасау, энергетика, медициналық техника және басқа да салалар үшін мамандар даярлаумен айналысады. КЕАҚ құрамында 17 ғылыми орталық, зертхана және ғылыми-өндірістік алаң бар.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін 2015-2022 жылдары биология ғылымының докторы, профессор Жасұлан Шаймарданов басқарған. Шаймарданов оған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша білім беру саласындағы бақылау департаменті, аталған министрліктің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры қызметін атқарды.

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды.
    2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Екінші ақпарат Қаржы мониторингі университет
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.