Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жұма, 9 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»«Теңге құны төмендеді»: Ұлттық банк валюта нарығы туралы хабарлама таратты
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 02/09/2024

«Теңге құны төмендеді»: Ұлттық банк валюта нарығы туралы хабарлама таратты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Тамыз айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 481,61 теңгеге дейін 1,6%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 170 млн АҚШ долларынан 210 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 4,4 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл жөнінде Ұлттық банктен мәлімдеді.

«Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін тамызда 546 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 12%-ын және күніне 26 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады.

Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтық бейтараптық қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын ұдайы және біркелкі сатуды білдіреді. Мұндай тәжірибе Ұлттық қордағы операциялардың валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.

Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында тамызда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырған. Оның жалпы сомасы 223 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінің шамамен 5%-ын құрап отыр.

«Үкіметтің «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акцияларын Ұлттық қорға сатып алу туралы шешімін іске асыру аясында Ұлттық Банк шілде айында Ұлттық қордағы валюталық активтердің бір бөлігін Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтеріне сату жолымен конвертациялады. Нарықтық бейтараптықты сақтау және осы операцияны валюта нарығында көрсету үшін Ұлттық Банк шілденің ортасынан бастап сатып алынған көлемді біркелкі сатуға кірісті.

Тамызда аталған операция аясында Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтерінен сату көлемі 241,5 млн АҚШ долларын құрады. 2024 жылғы қыркүйекте алтын-валюта резервтерінен 230 млн АҚШ долларынан 250 млн АҚШ долларына дейін валюта сату күтіліп отыр.

Ұлттық Банк Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдеріне сай республикалық бюджетке трансферт бөлуге қыркүйекте Ұлттық қордан 900 млн АҚШ долларынан 1 млрд АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылуын күтеді», — деп мәлімдеді Ұлттық Банктен.

Айта кетейік, қыркүйекте БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін 450 млн АҚШ долларынан 550 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатып алу күтіліп отыр.

Сурет: pixabay.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 АҚШ доллары ҚР Ұлттық Банк
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Түркі халықтары Наурызды қалай тойлайды?

22/03/2025
sarapshy.info

Түркиядағы тергеу: 106 күдіктіге қатысты қамауға алу ордері шығарылды

19/03/2025
Қаржы

2024 жылы Қазақстандағы банктерде депозит қоры 24,5 трлн теңгеге жеткен

12/03/2025

Жаңа мақалалар

Ми миграциясы: Америкадағы ғалымдар қайда қоныс аударады?

Әлем жаңалықтары 06/05/2025

Қазақстан экспорты мұнай секторы есебінен тұрақтылығын сақтап отыр

Экономика 06/05/2025

Еуропа одағы 2027 жылы Ресейден сұйытылған газ тасымалдауды тоқтатпақ

Әлем жаңалықтары 05/05/2025

eGov Mobile интернетте таралған жеке деректерді анықтайтын жаңа сервисті ұсынды

жаңалық 05/05/2025

БҚО-ға құлаған дрондар бойынша әлі тексеру жүріп жатыр

жаңалық 17/04/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Ми миграциясы: Америкадағы ғалымдар қайда қоныс аударады?

06/05/2025

Қазақстан экспорты мұнай секторы есебінен тұрақтылығын сақтап отыр

06/05/2025

Еуропа одағы 2027 жылы Ресейден сұйытылған газ тасымалдауды тоқтатпақ

05/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.