Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сейсенбі, 21 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Түркі халықтары Наурызды қалай тойлайды?
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 22/03/2025

Түркі халықтары Наурызды қалай тойлайды?

Сурет: assembly.kz
Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Күн мен түн теңелген шақ. Далаға жылылық тараған мезгіл. Табиғат оянып, жан-жануар түлеген кезең. Бұл – Наурыз. Тек қазақтың ғана емес, барша түркі халықтарының асыға күткен –  Ұлы күні. Қай жұрт қалай қарсы алады? Әр елдің өзіне тән ерекшелігі қандай?

Наурыз өзге ұлттарда қалай аталады?

Түркі елдердің басым бөлігінде бұл мейрам «Наурыз», «Невруз», «Наврус», «Новруз байрам» деп аталады. Ал тәжіктерде – «гүл гардон», «гүлнаурыз», буряттарда – «сагаан сара», чуваштарда – «норис ояхе», хорезмдіктерде «наусарджи» деген атаулар кездеседі екен.

Жалпы алғанда «Наурыз», барлық ұлтта дерлік «Жаңа күн» деген мағына береді.

Сурет: gov.kz

Қазақтың «Наурызы»: Көрісумен басталған көктем

Қазақ жеріне Наурыз келгенде ел ерекше күйге енеді. Бұл – өкпе-ренішті ұмытатын, бірлік пен татулықты ту еткен күн. Таңғы шапақпен бірге үлкен-кіші көрісіп, «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деп тілек айтады. Ең басты дәстүр – Наурыз көже. Жеті түрлі тағамнан жасалған бұл ас – тоқшылықтың нышаны. Үй иесі келген қонағына көжеден дәм татқызбай шығармайды.

Ұлыстың ұлы күнінде алтыбақан құрылып, жастар жиналады. Домбыра үні күмбірлеп, ән мен күй шырқалады. Көнеден жеткен тағы бір ғұрып – Қыдыр атаны күту. Ел ішінде бұл түні әр үйге Қыдыр ата келіп, бақ-береке тілейді деген сенім бар. Сондықтан Наурыз түнінде шам сөндірілмейді, төрдегі дастарқанға ақ қойылады.

Қырғыздың «Нооруз» мейрамы

Қырғыз жұрты Наурызды (Нооруз) ерекше атап өтеді. Бұл күннің басты асы – сүмөлөк. Тәтті тағам бидайдың өскінінен дайындалады, оны әзірлеу үшін әйелдер түні бойы қазанның басында ән айтып, жақсы тілектер айтады. «Сүмөлөк неғұрлым көп дайындалса, жыл соғұрлым берекелі болады» деген наным бар.

Сурет: mk.kg

Қырғыздар үшін Наурыз – спорттық ойындардың да мейрамы. Көкбөрү (көкпар), арқан тартыс, күрессияқты сайыстар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, қазақтардағыдай ақсақалдар елге бата беріп, жастар үлкендерге ізет көрсетеді.

Өзбектердегі «Наурыз»: Береке мен бірлік мейрамы

Өзбек халқы Наурызды ерекше құрметпен қарсы алады. Бұл күн – көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын және адамдардың бірлігін білдіреді. Мереке қарсаңында үй тазаланып, дастарқанға ұлттық тағамдар қойылады.

Сурет: hgu.tj

Наурыздың басты символдарының бірі – сумалак. Бидай дәндерінен дайындалатын бұл тағам ұзақ қайнатылып, дайындалу барысында адамдар ән айтып, жақсы тілектер тілейді. Сонымен қатар халим, көк самса, палау сияқты тағамдар да әзірленеді. Көшелерде мерекелік шерулер, ұлттық би мен музыка қойылымдары өтеді. Өзбектер кураш (ұлттық күрес) сияқты спорттық жарыстар өткізіп, бір-біріне ізгі тілектер арнайды.

Сурет: inform.kz

Әзербайжан «Наурызы»

Күн мен түн теңеледі деп әзірбайжандар да наурызды ерекше күтеді. Дәстүр бойынша «тонгал» деген от жағып, соның үстінен жеті рет секіреді. Дәстүрлі тағамдар ішінде ай пішіндес қылып жасалатын тәтті шекербураны атап өтуге болады. Егер наурыз күні жаңбыр жауса, келер жыл өте берекелі болады деген сенім бар.

Сурет: milliyet.com.tr

Түріктердің «Сұлтан Наурызы»

Түркияда мейрам «Сұлтан Наурыз» деп аталып, көктем мейрамы ретінде сақталған. Бұл күні адамдар көктемгі гүлдерді теріп, бір-біріне сыйлайды. Сондай-ақ, Наурызда жаңа суға шомылу дәстүрі бар. Бұл – тазалықтың, өткен жылдан арылудың символы. Сонымен бірге бұл күні көшелерден ұлттық аспаптардың үні естіліп тұрады. Бөрек, юфка, леблеби, локум сияқты тәттілердің сан түрі пісіріледі.

Сурет: kazaknews.kz

Түрікменнің «Наурызы»

Түрікмендерде көктем мейрамы Наурызға байланысты қазіргі таңда халыққа танымал кейбір ырымдар бар. Мәселен, «Егер наурызда күн бұлтты болса, онда осындай ауа райы маусым айына дейін созылады» деп күткен немесе «Наурызда қар не жаңбыр жауса – жыл егінге қолайлы әрі өнімді болады» деп сенген. Наурыз мейрамында алғашқы жаңа маусым басталады. Яғни сол мерзімде, шопандар қасқырларға шабуыл жасайтын алабайлар шайқасын ұйымдастырады.

Сурет: assembly.kz

Наурыз – түркі халықтарын біріктіретін ұлы мейрам

Наурыз – ортақ мейрам, бірақ әр халық оны өзіндік бояумен атап өтеді. Наурыз – көктемнің киесі. Ол келгенде тек табиғат емес, адамдар да жаңаруға ұмтылады.

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2025 Жаңа жыл Көктем Қазақ елі Наурыз мейрамы Түркі халықтары Ұлыстың ұлы күні
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
жаңалық

Қазақстанда бір жылда жол апатынан 2500 адам қаза тапты

19/03/2026
жаңалық

Былтыр Қазақстанда 335 мың бала дүниеге келді

16/03/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.