Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жұма, 9 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры іс-қағаздарын 95% орыс тілінде жүргізетіні анықталды
Нұрлыбек Рахманов Шолу 11/11/2022

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры іс-қағаздарын 95% орыс тілінде жүргізетіні анықталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бұл жайлы Ұлттық компаниялардағы құжат айналымына жасалған сараптама нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Әділбек Қаба.

— ​«Мемлекеттік тіл — мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс-қағаздарын жүргізу тілі болып табылады». «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 4-бабында осылай делінген. Соған қарамастан мониторинг қорытындысына сәйкес ұлттық компаниялардың мемлекеттік тілдегі құжатайналымының үлесі 70% құрады.
Бұл көзделген межеден төмен, — деп жазады Әділбек Қаба.
 Тіл саясаты комитеті ұлттық компанияларды бірқатарының басын қосып, құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесіне ІІІ тоқсанда жүргізілген мониторинг қорытындысын талқылады.
Нәтижесі мынадай: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (5%), «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ (34%), «Қазақстан темір жолы» АҚ (34%), «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (36%), «QazExpoCongress» ҰК» АҚ (39%), «KEGOC» АҚ (49%), «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (51%).
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ іс-қағаздарын 95% орыс тілінде жүргізетінін атап өтпеске болмайды.
Құжат айналымда мемлекеттік тілге жауапсыздықпен қараған компанияларға қатаң ескерту жасалып, тез арада мемлекеттік тілдің үлес салмағын арттыру бағытындағы іс-шаралар жоспарын жасау тапсырылған.
Жиында «Қазақтелеком» АҚ-ның Мемлекеттік тіл саясаты секторының жетекшісі Қыдырбай Ұлан, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментінің лингвистикалық бағыт жетекшісі Шоқаева Алма және «Электрондық қаржы орталығы» АҚ-ның бас маманы Қилыбаева Аяжан мекемелерінде тіл саясатының іске асырылу барысы жайлы баяндамалар жасап, тәжірибелерімен бөліскен.
Жиын қорытындысы бойынша барлық ұлттық компанияларға шығыс және ішкі құжаттарын мемлекеттік тілде дайындау мәселесін қатаң бақылауға алу қажеттігі ұсынылған.

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» «ҚазАвтоЖол» KEGOC Қазақстан темір жолы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

ҰҚК-ның экс-басшысы Әбіқаевқа қатысы бар теңіз порты теміржолы мемлекет меншігіне өтеді

14/03/2025
Редакция таңдауы

Қарашығанағы бар БҚО экономикасы республикалық бюджетке тәуелді

20/02/2025
Саясат

АҚШ пен Ресей диалогы: Украина тағдыры талқыға түсті

18/02/2025

Жаңа мақалалар

Ми миграциясы: Америкадағы ғалымдар қайда қоныс аударады?

Әлем жаңалықтары 06/05/2025

Қазақстан экспорты мұнай секторы есебінен тұрақтылығын сақтап отыр

Экономика 06/05/2025

Еуропа одағы 2027 жылы Ресейден сұйытылған газ тасымалдауды тоқтатпақ

Әлем жаңалықтары 05/05/2025

eGov Mobile интернетте таралған жеке деректерді анықтайтын жаңа сервисті ұсынды

жаңалық 05/05/2025

БҚО-ға құлаған дрондар бойынша әлі тексеру жүріп жатыр

жаңалық 17/04/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Ми миграциясы: Америкадағы ғалымдар қайда қоныс аударады?

06/05/2025

Қазақстан экспорты мұнай секторы есебінен тұрақтылығын сақтап отыр

06/05/2025

Еуропа одағы 2027 жылы Ресейден сұйытылған газ тасымалдауды тоқтатпақ

05/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.