Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жұма, 9 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»«Air Astana айылын жияр емес». Депутаттар әуе компаниясына неге наразы?
Наргиза Ерес sarapshy.info 23/12/2024

«Air Astana айылын жияр емес». Депутаттар әуе компаниясына неге наразы?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Air Astana аспанның құдайы болып алған» — деді депутат Еділ Жаңбыршин Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуметін аттыру мәселелеріне арналған үкімет сағатында. 

Депутат Air Astana әуе компаниясы кешікке сағаттары үшін айыппұл төлемейтінін және ұшақтағы мультимедикалық контенті өзге тілде екенін айтып Питер Фостер мырзаға шүйлікті.

 «Air Astana аспанның құдайы болып алған. Билеттің бәрі күн жақындаған кезде көтеріледі. Фостер мырза, сіз шаңыраққа қараңыз. Сіз осы мемлекеттің заңына бағынуыңыз керек» — деді.

«Сіз күлмеңіз. Сіз бізді менсінбей отырсыз»

Оның сөзінше, әр әуе компания бір сағат кешіккені үшін 3% айыппұл көлемінде төлеуі қажет. Бірақ Air Astana бұл айыппұлдан жалтарып жүр.

«2 тамызда Air Astana 2 сағатқа кешікті, әлі күнге дейін штрафты ала алмай жүрмін. Негізі сайтта қитұрқы схема жасап қойған. Компьютерді жақсы меңгерген, соның соңында ерінбей жүретін адам ғана ақшасын қайтара алады. Әдейі істеп қойған» — дейді Жаңбыршин.

Депутаттың ашуына тиген екінші мәселе – әуе компаниядағы мультимедиалық контентің басқа тілде болуы. Мәлімдемесі барысында Жаңбыршин Фостер мырзаға Қазақстан территориясында ұшатынын айтып,  Қазақстан заңын сыйлауға шақырды.

Әріптесінің мәлімдемесіне жымиып реакция білдірген Фостер мырзаға «Сіз күлмеңіз. Сіз бізді менсінбей отырсыз. Біз сізге Африкадағы абориген емеспіз. Ештеңені түсінбейтін! Ойнамаңыз, бізді күліп менсінбей. Бұл Парламент! Осы жерде отырғандардың бәрі – халық сайлаған адамдар», – деді депутат.

Air Astanа – қазір Қазақстанның емес, Ирландияның компаниясы

Одан бөлек депутат Бақытжан Базарбек мырза да Air Astana компаниясына қатысты наразылығын білдірді. Ол Фостер мырзамен ерекше жағдайда танысқанын айтты.

«Еділ Терекбайұлы дұрыс айтты. Айтқан сөзінің жаны бар. Мен өзім куә болдым. Халық рейстен қалып, 8 сағат тұрды Фостер мырза сол халықтың жанынан өтті. Бәрі Air Astana деп шулап жатыр. Тоқтамай лаундж-барға кіріп кетіп, кофесін ішіп отырған. Мен де сол рейстің ішіндемін. Фостер мырзаның жанына барып, астында халық күтіп отыр, түсіңіз дедім. Ол кісі түспеді. Өзінің өкілдерін жіберіп қойған. Сонда түскісі келмейді. Халықпен кездескісі келмейді. Міне, қарым-қатынас осындай. Тек мен депутаттық куәлігімлді көрсеткеннен кейін ғана түсті», — деді Базарбек. 

Бақытжан Базарбектің сөзінше, әуе компания іс жүзінде Қазақстанның емес, Ирландияның компаниясы. Депутат Air Astana әуе кемелерінің барлығы Ирландияға тіркелгенін, Қазақстан мұнымен келіскенін айтады. Сондай-ақ бюджеттен миллиардтаған субсидия қазақстандық емес, ирландиялық компанияға бөлініп отыр дейді.

Қазақстандағы ең ірі компанияға қатысты жиі болатындар шағымдар – әуебилеттердің билет бағасының жоғары болуы, рейстердің кешігуі және жолаушылар құқықтарының бұзылуы, монополия және бәсекелестіктің болмауы.

 

Cурет: Әуе компанияның баспасөз қызметі

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Air Astana Бақытжан Базарбек Еділ Жаңбыршин Ирландия Питер Фостер
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

eGov Mobile интернетте таралған жеке деректерді анықтайтын жаңа сервисті ұсынды

05/05/2025
жаңалық

БҚО-ға құлаған дрондар бойынша әлі тексеру жүріп жатыр

17/04/2025
жаңалық

Қазақстанда бала туу деңгейі үш жыл қатарынан төмендеді

31/03/2025

Жаңа мақалалар

Ми миграциясы: Америкадағы ғалымдар қайда қоныс аударады?

Әлем жаңалықтары 06/05/2025

Қазақстан экспорты мұнай секторы есебінен тұрақтылығын сақтап отыр

Экономика 06/05/2025

Еуропа одағы 2027 жылы Ресейден сұйытылған газ тасымалдауды тоқтатпақ

Әлем жаңалықтары 05/05/2025

eGov Mobile интернетте таралған жеке деректерді анықтайтын жаңа сервисті ұсынды

жаңалық 05/05/2025

БҚО-ға құлаған дрондар бойынша әлі тексеру жүріп жатыр

жаңалық 17/04/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Ми миграциясы: Америкадағы ғалымдар қайда қоныс аударады?

06/05/2025

Қазақстан экспорты мұнай секторы есебінен тұрақтылығын сақтап отыр

06/05/2025

Еуропа одағы 2027 жылы Ресейден сұйытылған газ тасымалдауды тоқтатпақ

05/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.