Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Түркістанда 60-қа жуық адам уланған дәмхана жабылды
Наргиза Ерес жаңалық 13/03/2025

Түркістанда 60-қа жуық адам уланған дәмхана жабылды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Түркістан қаласындағы «Ямми Маки» дәмханасынан пицца, суши және чикен тағамын сатып алған 57 адам уланып, ауруханаға түсті. Олардың ішінде 28-і – кәмелет жасқа толмаған балалар, ал біреуі жүкті әйел.

Түркістан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, уланған 57 адамның 49-ы – Түркістан қаласының тұрғындары. Уланған науқастар ауруханаға жеткізілген, олардың 22-сі стационарлық ем қабылдап жатыр, ал қалғандары үй жағдайында емделіп жатыр.

Ресми ақпаратқа сәйкес фаст-фудты тапсырыспен үйге алдырған тұтынушылар тамақтан кейін іш өту, құсу, бас айналу, дененің мұздауы, еріннің көгеруі сияқты белгілерге шағымданған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, барлық науқасқа медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі уақытта микробиологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр.

Түркістан облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 304-бабы («Санитария қағидалары немесе гигиеналық нормативтерді бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Тергеп-тексеру барысында дәмхананың тиісті құжаттары толық емес екені анықталды. Атап айтқанда, өндірістік бақылау бағдарламасы жүргізілмеген, кейбір қызметкерлердің медициналық кітапшасы болмаған, сондай-ақ мекеменің ресми ашылғаны туралы тиісті органдарға хабар берілмеген.

Қазіргі таңда полиция қаулысымен дәмхана жабылды, тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Cурет: Pexels.com

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Басты ақпарат жүкті әйел кәмелет жасқа толмаған балалар пицца суши тамақтан уланды Түркістан қаласы фаст-фуд Ямми Маки»
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
Өте өзекті

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026
Біздің сараптама

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

14/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.