Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Вторник, 1 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Семейде мұғалімге шырша безендіруге тапсырма бергендерді тексеру басталды
Наргиза Ерес sarapshy.info 23/12/2024

Семейде мұғалімге шырша безендіруге тапсырма бергендерді тексеру басталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Семейде шырша безендіру кезінде құлап, ауыр жарақат алған мұғалім Қуат Айтқалиге қатысты қызметтік тексеру басталды. Бұл туралы Абай облысының білім басқармасы хабарлады. 

«Заң талаптарын бұзуға жол берген лауазымды тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылады», — делінген облыс басқармасы хабарламасында.

49-мектепте жұмыс істейтін Қуат Айтқали Семейдегі қалалық шырша безендіру кезінде биіктен құлап, реанимацияға түскен еді. 

Депутат Асхат Аймағамбет те «Педагог мәртебесі туралы» заңның 6-бабында сүйеніп, мұғалімдерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыстарға тартуға қатаң тыйым салынатынын жазды.

«Жаңа жылдық шырша орнату, көше тазалау, басқа да науқандарға мәжбүрлеп тарту сияқты ескі «дәстүрлерден» біржола бас тартуымыз керек. Бұл – заңды өрескел бұзу» —деді Аймағамбет.

Оқиғаға қатысты жауапты тұлғалар жауапқа тартылу керегін, мұғалімді міндетіне жатпайтын жұмыстарға тартуды тоқтату үшін министрлік бақылауды күшейту керегін, білім басқармалары мен мектеп әкімшіліктері мұғалімдердің құқықтарын қатаң сақтау бойынша міндеттерін орындауы тиіс екенін айтты. 

«Мемлекет басшысы әрдайым мұғалімдердің мәртебесін қорғау мен олардың құқықтарын сақтау мәселесін ерекше назарда ұстап келеді. Біздің міндетіміз – сол талаптарды орындап, заңның жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Министрліктің бұл мәселені бақылауға алғаны – үміт береді.  Жарақат алған әріптесімізге тезірек сауығып кетуін тілеймін», -деді депутат.

Осыған дейін министр Ғани Бейсембаев оқиғаға қатысты текеріс жүргізуді талап етіп, бұл  «Педагог мәртебесі туралы» заңға қайшы әрекет екенін атады.

«Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны безендіруге тарту және әріптесіміздің осы іс барысында жарақат алуы – заң бұзушылықтың айқын көрінісі. Педагогтерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын мұндай жұмыстарға тарту – «Педагог мәртебесі туралы» заңды өрескел бұзу деп санаймын», – деді министр Ғани Бейсембаев.

Ведомство басшысы білім басқармалары мен бөлім басшыларына заңға сәйкес жұмыс істеуді қатаң ескертті. 

«Қуат Айтқалиевтің отбасына шынайы қолдау білдіре отырып, оның тезірек сауығуын тілеймін. Қазіргі уақытта оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл жағдай ерекше бақылауға алынды», — деді сендірді министр. 

Қазақстанда мұғалімдерді өз міндеттерінен тыс жұмыстарға заңсыз тарту мәселесі әлі де өзекті. 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданғанымен Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 2023  жылы мұғалімдерді міндетінен тыс жұмысқа тарту бойынша 200-ден астам іс қозғалған.

Cурет: Pixabay.com

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Педагог мәртебесі туралы» Асхат Аймағамбетов Қуат Айтқалиев министр Ғани Бейсембаев Мұғалім Шырша
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Қазақстанда қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап жүруге тыйым салынды

30/06/2025
sarapshy.info

Антикор Алматыда жер учаскесін заңсыз жолмен сатуды ұйымдастырған департамент басшысын ұстады

30/06/2025
жаңалық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметін тоқтатады

30/06/2025

Жаңа мақалалар

Баку Ресейге неге наразы?

Әлем жаңалықтары 30/06/2025

Қазақстанда қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап жүруге тыйым салынды

жаңалық 30/06/2025

Антикор Алматыда жер учаскесін заңсыз жолмен сатуды ұйымдастырған департамент басшысын ұстады

sarapshy.info 30/06/2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметін тоқтатады

жаңалық 30/06/2025

Шымкенттегі «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС мемлекет меншігіне қайтарылады

жаңалық 30/06/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Баку Ресейге неге наразы?

30/06/2025

Қазақстанда қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап жүруге тыйым салынды

30/06/2025

Антикор Алматыда жер учаскесін заңсыз жолмен сатуды ұйымдастырған департамент басшысын ұстады

30/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.