Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Ресей Қазақстан мұнайын экспорттауды уақытша тоқтатты
Дария Ғұмар Экономика 24/07/2025

Ресей Қазақстан мұнайын экспорттауды уақытша тоқтатты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ресейдің жаңа талаптарына байланысты Қазақстан мұнайының Қара теңіз арқылы тасымалына шектеу қойылды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Владимир Путин бұл жарлыққа Еуроодақтың 18-санкциясы жарияланғаннан кейін бірден қол қойды.

Басылым деректеріне сүйенсек, Ресей билігі шетелдік танкерлердің Қара теңіз порттарына кіруі үшін федералдық қауіпсіздік қызметінен (ФСБ) рұқсат алуды міндеттеген.

Бұл шектеулердің салдарынан Каспий құбыр консорциумы (CPC) арқылы Новороссийск портына жеткізілетін қазақстан мұнайының экспорты уақытша тоқтатылды. Аталған порт арқылы еліміздің мұнай экспортының 80%-дан астамы жүзеге асып келген.

Тамыз айында CPC терминалы арқылы тәулігіне 1,66 млн баррель мұнай экспорттау жоспарланған болатын.

Ресей Көлік министрлігі жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ, алайда дереккөздер мәселе алдағы күндері шешілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Мұнай өндірісі бойынша сарапшы Олжас Байдильдинов бұл  шектеу Қазақстанның мұнай экспортына әсер етпейтінін айтты.

«Путиннің жарлығына сәйкес, енді шетелдік кемелердің Қара теңіз порттарына кіруі үшін федеральді қауіпсіздік қызметінің рұқсаты қажет. Барлық шетелдік мұнай танкерлері арнайы рәсімдеуден өтеді.

CPC терминалында және мұнай құбыры бойында шамамен 1 миллион тонна көлемінде мұнай сақтайтын қоймалар бар. Бұл жүйе бізге бір апта көлемінде тұрақты жұмыс істеуге мүмкіндік береді», — деді ол.

Энергетика министрлігі Ресей порттары арқылы мұнай экспорты жалғасады деп мәлімдеме жасады.

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Владимир Путин Каспий құбыр консорциумы Мұнай Ресей Үшінші ақпарат экспорт
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

31/03/2026
Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
жаңалық

Ресейдегі порттағы жаппай төбелестен кейін Қазақстан азаматтары қамауға алынды

30/03/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.