Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сәрсенбі, 8 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Біздің сараптама»Маңғыстауда мұнай өңдеу зауыты неге салынбай қалды? (1-бөлім)
Киікбай Әбілбайұлы Біздің сараптама 13/02/2026

Маңғыстауда мұнай өңдеу зауыты неге салынбай қалды? (1-бөлім)

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агенттігі мұнай-газ тақырыбында сараптамалық материалдар мен шолулар жазып келді. Енді бұл тақырыпқа арнайы мақалалар сериясын жарияламақпыз.

Алғашқы сараптамалар топтамасының авторы — мұнай-газ саласында көп жылдар еңбек еткен кен инженері, тәуелсіз сарапшы Киікбай Әбілбайұлы Медеуов. 

Киікбай Әбілбайұлы — Маңғыстаудың байырғы мұнайшылар әулетінде туған.  Мұнай өндірісінде қарапайым қызметкерден ірі мұнай-газ компанияларының басқаруға дейін еңбек жолынан өткен. Бұл саладағы бағалы кризис-менеджер ретінде түрлі меншіктегі компанияларды басқарып, көп кен орындарындағы өндірісті аяққа тұрғызған. Мұнай-газ саласындағы мәселелерді еш бүкпесіз айтып, сараптама мақалалар жазып келеді. Еліміздегі мұнай-газ өндірісі тарихын Киікбай Әбілбайұлынан артық білетін маман кемде-кем.

Осыдан тура отыз бес жыл бұрын Маңғыстауда мұнай өңдеу зауыты салынатын болған.
Бұл жай ғана «қағаз жүзіндегі» жоба емес, жылына 6 млн тонна ауыр мұнайды өңдейтін қуаты бар, өңдеу тереңдігі 92% болатын зауыт еді.
Біз әлі күнге жанармай тапшылығы мен сыртқы жеткізілімдерге тәуелділікті талқылап келеміз. Ал сол кезде елде бұл мәселені жүйелі түрде шешуге толық жағдай болған еді.
1980 жылдардың соңында есептеулер мен негіздемелер жасалып, нәтижесінде Маңғыстауда мұнайын жергілікті жерде өңдеу тиімді екені дәлелденді. Құрамында ванадий, алтын мен никелі бар ауыр мұнай арнайы технологияларды қажет ететін.
Тап сол кезеңде бұндай ауыр мұнайды өңдейтін, арасындағы металы тағы басқа бағалы элементтерді айыра алатын зауыт сапасы төмен болса да Бакуде, ал ең мықты зауыттар Италияда, Жапонияда болған.
Осы салынбай қалған (еліміз бойынша 4-ші) зауыт туралы барлық жағдайлар сол кезде «Маңғыстаумұнайгазды» басқарған, кейін облыс әкімі Ләззат Қиыновтың, Алматыда сыртқы экономикалық байланыс саласында қызметте болған Маңғыстаулық азамат Жауғашты Нәбиевтің “Істің адамы” атты естелік кітабында (87–111 беттер), КСРО кезінде халық депутаты, «Маңғыстаумұнайгазды» басқарған, ҚР Энергетика және отын ресурстары министрінің бірінші орынбасары болған Нұрлыхан Бекбосынов туралы жазылған естелік кітаптарда жан-жақты негізделіп, толық айтылады.

Бірақ бір қызығы ММӨЗ салынбай қалуының себебін, аталған 3 азамат 3 түрлі етіп айтқан, кінәлілер кімдер екенін де түрліше жазған. Айтқандары мен оқиғаны талдаулары бірінен бірі өте алшақ жатыр, тіпті өзгеше. Тарқатып айтар болсақ…

Өзімізде осындай зауыт салу мәселесін алдымен жергілікті азаматтар көтеріп, 1991 жылы сол кездегі КСРО Мұнай өнеркәсібі министрлігі мен Қазақ ҚСР Министрлер Кеңесі бірігіп Маңғыстауда жылына 6 млн тонна ауыр мұнай өңдейтін зауыт салу туралы қаулы шығарады.
Зауыттың алғашқы 3 млн тонна өнім шығаратын бөлігі 1995 жылы тапсырылатын болды.
Бозащы, Қаражанбас, Қаламқас және басқа да кен орындары зерттелді, техникалық-экономикалық негіздеме дайындалды, мемлекеттік органдар оң қорытынды берді.
Тапсырыс беруші «Маңғышлақмұнай» бірлестігі болып бекітілді, завод құрылысына кететін бүкіл шығын өндірілген мұнайды сату арқылы өтелетін болды.
Жоба құны 1,5 млрд доллар деп бағаланды.
Салыстыру үшін — 1994 жылы Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 13–15 доллар тұрған. Теңге бағамы 1 доллар үшін 7–35 аралығында құбылды. Ел ауыр дағдарысқа кіріп, ірі компаниялар күйреп жатты, ал билік дәліздерінде кейін миллиардерлерге айналған «делдалдар» да жүрді.

Осындай қиын жағдайларға қарамастан Маңғыстауда мұнай өңдеу зауытының құрылысы басталды.
Құрылысқа 1991 жылы Кеңес үкіметінің мұнай және газ министрлігінің арнайы қаулысына сай бюджеттен шамаме 19 млн рубль қаржы бөлінді.
Бұл қаржы аспаннан түспеген еді. Ол Маңғыстау мұнайының жыл сайын 1 млн тоннасын шетелге сатудан алынатын болды.
1991 жылы Одақ ыдырай бастады, егемендік алуымызға байланысты ел азаматтары тағы да алдын-ала қимылдап, ММӨЗ үшін ҚР Министрлер кеңесінің арнайы қаулысын шығартты.
Инвестор іздеу, тендерге дайындық басталды.

Грозныйдың “Гипронефтехим” институты дайындаған техникалық тапсырманы шетелдік инвесторлар қабылдамай, оны қайтадан Лондондық “Юниверсал Ойлпродкшн (UOP) жасады.
ММӨЗ салуға халықаралық тендер жарияланып, оны 18 шеттік компаниялар арасынан 1993 жылы қаңтарда 3 компанияны біріктірген “Мицуи-Мицубиши-Тойо” жапон консорциумы жеңіп алды.
Жапондар “ММӨЗ жобасы басымдық берілетін инвестиціиялық жоба” деген қаулы талап етті, бірақ неге екенін біздің Терещенко басқарған үкімет өздерінің абыройын жабатын алақандай сол қағазды бермеді.
Бар бәле осы арадан шықты!

Тап осы кезде – “жаңа зауыт салудың керегі жоқ, оның орнына Атырау зауытын қайта жабдықтаса болады, бүгінге осы қажеттірек” деген идеяны, үкімет басындағыларға жақын, ағылшындық кәсіпкер Роберт Дэйвид Кисин деген біреу Сыртқы экономикалық байланыс министрі Сыздық Әбішевке шығып, біз өзіміз қаржыландырамыз деп қарсылықты бастаған.

Бұл әңгімені жоғарыда да, Атырау МӨЗ-ын қорғау деп, Атыраулық ағайындардың арасынан да қолдай кеткендер табылыпты. Екі закытқа мұнай әзер жетіп тұр, мынау неге керек деген, осылай-солай дегенге бәрі жабыса кеткен…
Бірақ басталған жұмыс жүріп бастады, жапондар Ақтауға келіп, 5 ақпанда алдын-ала жасалатын шартқа қол қойылып, зауыттың орны белгіленді.

Ақтау қаласынан — 43, теңізден 5-6 шақырым қашықтықта зауыт орны белгіленіп, Маңғышлақ стансасынан 32 шақырым теміржол тартылды, жоғары кернеулі электр желілері жүргізілді, жолдар мен ғимараттар, тұрғын орындар салына бастады. Жобамен инфрақұрылым салуға 100 млн доллар жұмсалды.
Бұл – нақты, үлкен құрылыстың басы болатын.

1994 жылы президент Н.Назарбаев іс сапармен Жапонияға барады, сол елдің премьер министрімен келіссөз барысында ММӨЗ ең үлкен басымдыққа ие жоба деп атап та өтеді.
Бірақ сол елдегі “Асахи” газетіне берген сұхбаттарында 3 министр – экономика министрі М.Үркімбаев., Өнеркәсіп министрі А.Саламатин, сыртқы экономикалық байланыс министрі С.Әбішев ММӨЗ туралы бір ауыз сөз айтпай, тіпті келісілген 5 жобаның қатарында ММӨЗ аталмады? Тіпті С.Әбішев келесі кездесу барысында Н.Назарбаев сөйлеп тұрып, зауытты саламыз дегенде оның құлағына “ММӨЗ жобалар қатарынан алынып тастағаны туралы” ескертеді де.

Ақыры мынадай жағдайдың қалай пайда болғанын, Назарбаев неге өзінің 3 рет зауытты саламыз деген сөзінен айнып кеткенін, сол жолы ММӨЗ салынуының қалайша мұндай пәлеге тап болғанын былайша түсіндік.
Ағылшын-саксон әлемінің “өл-тіріл, бірақ мұнай өндіруші елдің өз мұнайын өңдеуіне жол берме” деген жазылмаған, бірақ бұзылмайтын заңы, айтылмайтын, әйтсе де бұлжытпай орындалатын ережесі бар екен. Олардың шикізатқа бай ел сол шикізат сатушы ел күйінде қалуына неге соншама күш салғандары бүгін елдің бәріне түсінікті болып отыр. 20 жылға жетпей-ақ жоғарыда айтылған ұстаным, қағидат мүлтіксіз іске асты ғой…

Алайда кейін қаржыландыру тоқтатылды. Дағдарыс басталды делінді, «уақытша» тоқтатылды. Кейін 1994 жылы Н.Бекбосыновтың министрліктен кетуінен соң ММӨЗ құрылысы мүлдем тоқтады.
Мемлекеттік мүдде іске асу үшін алғырлық, іскерлік, бірақ бәрінен де бұрын сатылмайтын АРЛЫЛЫҚ қажет еді.
Өкінішке қарай өтпелі кезеңде, қазір де АҚШ мемлекетінің атасы Т.Джефферсон “Коммерсантта Отан болмайды!” деп ескертіп кеткен саудагерлік салтанат құрып отыр.
Соның салдарынан Қазақстан қаншама кәсіпорындарынан айрылды, ертең тағы қаншасынан айырылмақ…

Л.Қиынов туралы жазылған кітаптың 84 бетінде “Екі өкінішім” деген тақырып бар екен. Лекең «Маңғыстаумұнайгаз» мекемесінде басшылық еткен уақыттағы бір өкініші ретінде төмендегіні атап айтыпты.
ММӨЗ салу тендерінде жапондардың жеңіп кету себебі олар салынатын заводтың құрылысын түгел қаржыландырып, зауыт қосылған соң құрылтайшы ретінде 30% қана үлесті алуға келіскендіктен екен.
Токиода хаттамаға қол қоярда жапондықтар бұрынғы берген уәделерінен танып кетеді, асылы тендер барысында жапондармен Қазақстан жағынан «белгісіз құзыретті» өкілдер солай келіскен сыңайлы, «бастысы 30% болады деп уәде берің, ар жағын шешеміз» дегендей. Осылайша жапондармен жасалмақшы келісім шарт жасалмай қалады.

Кейін арабтармен де алдын-ала Египетте кездесу өтіп, шаруа бірыңғайлана бергенде Ләззат Қиынов облыс әкімі лауазымынан басқа қызметке ауысып кетіп, ММӨЗ тағдыры тағы да шешусіз қалады.
Міне осылай деп 2022 жылы Ғани Кариннің редакторлығымен шыққан Л.Қиынов туралы кітапта (84-87 беттер) баяндалған.
Н.Бекбосынов туралы Әбілхайыр Спанның 2001 жылғы кітабында «Болайын деп… болмай қалған игілік» деген тақырыппен (146-171 беттер) ММӨЗ құрылысының тоқтап қалуына себепкерлер ретінде сол кездегі премьер-министр Н.Терещенко, облыс әкімі, Маңғыстаумұнайгаздың басшысы нақты аталған.

Одан бері отыз жылдан астам уақыт өтті. Бүгінде Ресей жылына шамамен 550 млн тонна мұнай өндіреді. Қазақстан шамамен 90 млн тонна, бірақ оның 25–27 миллионы ғана шын мәнінде «өзіміздікі», яғни иесі Қазақстан, қалғаны (65-70 млн тоннасы) шетелдік компаниялар иелігінде.

2026 жылғы қаңтарда Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 63–64 доллар болды.
Біз мұнайды көбірек өндіре бастадық, бағасы да бірнеше есе өсті. Бірақ терең өңдеу әлі де пайда болған жоқ.
Ең басты сұрақ – сол кезде қаржы неге жетпеді деген емес.
Негізгі сұрақ – зауыттың салынбауы кімге тиімді болды?
Бұл жоба бүгін де өзекті.
Ол жанармай мәселесін жүйелі түрде шешіп, тәуелділікті азайтып, қосылған құнды ел ішінде қалыптастыра алар еді және әлі де солай істей алады.
Бірақ ол үшін бір ғана нәрсе қажет – саяси шешім.
Осы күндері Ақтау қаласында жылына 1,5 млн тонна мұнай өңдейтін зауытты “Битум зауыты” деген атпен ҚМГ бен Қытай компаниясы бірігіп салды. Жанында шалалау тағы бір мини зауыт та пайда болды.
Жоғарыдағы тарих жақында елімізде төртінші мұнай өңдейтін зауыт салу керек деген мәселе көтерілген соң жазылды.

мақаланың басты суреті ЖИ көмегімен жасалды

Автор

  • Киікбай Әбілбайұлы

    Киікбай Әбілбайұлы Медеуов -  тау-кен инженері, экономист-заңгер.
    Еңбек жолын бұрғылау жұмыстары басқармасында бұрғышының көмекшісі, ары қарай Өзен кен орнында мұнайшы оператордан бастап, мұнай және газ өндіру басқармасының басшысына дейінгі баспалдақтардан өткен.
    1994–1996 жылдары аралығында Жаңаөзен қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет жасаған.
    1996-2002 жылдары «Өзенмұнайгаз» ашық акционерлік қоғамына қарасты №2 Мұнай-газ өндіру басқармасын, Ғылыми-тәжірибелік өндірістік басқармасын ашып басшылық етті. Кейін «Өзенмұнайгаз» ААҚ-ның мұнай өндіру департаментінің директоры қызметін атқарды, басқарма мүшесі болды.
    2002-2021 жылдары Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарындағы түрлі себептермен өнім беру қабілеттері төмендеген немесе геологиялық - технологиялық жағдайлары нашарлаған кенорындарды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысты.
    «Құрмет» орденімен, жер қойнауын геологиялық зерделеудегі дербес үлесі үшін «Жер қойнауын барлаудың үздігі» белгісімен», «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. Жаңаөзен қаласының «Құрметті азаматы».
    Дәрменсіз борышкерлермен банкроттық іс жүргізу барысында олардың мүліктері мен жұмыстарын басқарумен айналысуға мемлекеттік лицезиясы бар.
    К.Медеуов жоғары деңгейдегі кәсіби мұнайшы, ұйымдастырушы-маман, оның тәрбиелеген шәкірттері еліміздің көптеген мұнай-газ кеніштерінде жемісті еңбек етуде.
    «Замана белестері», «Маңғыстау - бабалар мекені», «Қызылтұраннан Астанаға дейін», «Жақсылық Жанғазиев» кітаптарының шығарушысы.
    «Туған жер-ХХI» қоғамдық ұйымының төрағасы.

    Барлығын қарау
Ақтау Басты ақпарат Бозащы Жалғызтөбе Киікбай Медеуов қазақтың мұнай тарихы Қаламқас Қаражанбас Қаражанбас-теңіз Маңғыстау Маңғыстауда мұнай өңдеу зауыты неге салынбай қалды мұнай зауыты мұнай тарихы Нұрлыхан Бекбосынов сарапшы инфо Солтүстік Бозащы Солтүстік Қаражанбас
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026
Біздің сараптама

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

12/05/2026
жаңалық

Ресейдегі порттағы жаппай төбелестен кейін Қазақстан азаматтары қамауға алынды

30/03/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.