Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Маңғыстау әкімі: «Өз балаларыма Ақтаудан басқа қалада оқуды ұсынамын»
Наргиза Ерес sarapshy.info 20/12/2024

Маңғыстау әкімі: «Өз балаларыма Ақтаудан басқа қалада оқуды ұсынамын»

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі өткізген брифингте Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай  сапалы білім алуды көздеген жастарға Ақтаудан басқа қалада оқуға кеңес берді.

Журналист мектеп бітірген түлектер үшін Ақтауда екі ғана жоғары оқу орыны бар екенін, алдағы уақытта жоғары оқу орындар санын көбейтудің маңызы туралы сауал қойды. 

«ЖОО-ға қатысты айтсақ, қазір 13 мың студент оқып жатыр. Бірақ Ақтау қаласында оқу міндетті емес деген ойдамын. Егер Ақтауда туып-өскен күнде басқа қалада оқығым келер еді. Мысалы, өзім Алматыда оқыдым және көп дос таптым. Қазір Қазақстанның барлық өңірінде достарым бар. Менің ойымша, басқа қалада оқыған дұрыс. Көзқарасыңды кеңейту, жаңа достар табу және басқа ортаны көру үшін өз қалаңнан кеткен абзал», — дейді облыс әкімі.

Әкім кездесу барысында, балаларының да туған қаласында қалуын қаламайтынын айтты. 

«Мен балаларымның өз туған қаласында қалғанын қаламаймын. Олар жаңа достар тауып, мен өткен жолмен жүруіне мүмкіндік берер едім. Өзімнің тәжірибем бойынша, басқа қалада оқудың артықшылығы өте көп. Оларға Ақтауда оқуды ұсынбаймын, әрине, бұл жердегі білім беру сапасын төмен деп тұрғаным жоқ. Бірақ көзқарасты кеңейту тұрғысынан алғанда, басқа жерлерде оқу әлдеқайда пайдалы деп есептеймін», — дейді.

Қилыбайдың айтуынша, Ақтауда колледж түлектеріне сұраныс жоғары. Практикалық білімді игеріп шыққан студенттерді жергілікті және туристік компаниялар бірден жұмысқа алады. 

Кездесу соңында басқа журналист облыс әкімінің осы жауабына қатысты  «Өзіңіздің өңірде азаматтарға, балаларға оқуға кеңес бермеймін деп айттыңыз, сіздің облыстағы ЖОО-лардың сапасы өзге оқу орындарынан төмен бе?» — деген сұрақ қойды. 

Қилыбай жауабының мақсаты өзге болғанын айтып, ақталды. 

«Бұрмаламағаныңыз дұрыс. Мен Маңғыстауда оқуға кеңес бермеймін деген жоқпын. Сыртқа да шығып оқуға кеңес беремін деп айттым. Әрине, Маңғыстауда оқи берсін, менің шаруам жоқ. Бірақ ел көргені, жер көргені жақсы ғой», — деп сөзін түйіндеді облыс әкімі.

 

Сурет: Akorda.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Ақтау Алматы Білім беру сапасы ЖОО Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.