Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Инвестицияның төрттен бірі – бюджет есебінен: капитал салымындағы жаңа рекорд
Дария Ғұмар Шолу 22/07/2025

Инвестицияның төрттен бірі – бюджет есебінен: капитал салымындағы жаңа рекорд

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында негізгі капиталға салынған әрбір бесінші инвестиция мемлекеттік бюджеттен бөлінген.

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, қаңтар-маусым аралығында негізгі капиталға тартылған жалпы инвестиция көлемі шамамен 8,2 трлн теңгеге жеткен. Оның ішінде 1,8 трлн теңгеге жуығы – республикалық және жергілікті бюджеттерден. Бюджеттік инвестициялардың үлесі бір жыл ішінде 7%-ға артып отыр.

Бюджет қаражаты ең алдымен білім беру және көлік салаларында айтарлықтай өскен. Атап айтқанда, білім беру саласына бағытталған мемлекеттік инвестициялар 5 есе көбейіп, 555 млрд теңгеге жетсе, көлік және қоймалау секторына бөлінген қаржы 441 млрд теңгені құраған.

Бюджет есебінен инвестиция үлесі 22%-ға дейін артты.

Экономист Нұрсұлтан Ерболатұлы мемлекет ірі инфрақұрылымдарды қаржыландырып отырғанын айтты.

«Елімізде жылдан жылға мемлекет ірі инвестор ретінде инвестициядағы өзінің үлесін арттырып келеді.  Мәселен, 2022 жылы оның үлесі 15,5% болса, 2023 жылы 17%-ға дейін жеткен. Ал былтыр бюджет есебінен 4,2 трлн теңге инвестиция салынып, мемлекеттің инвестициядағы үлесі 21,6%-ға дейін жеткен. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында да осы көрсеткіш сақталып отыр. Елімізде салынған әрбір бесінші теңге бюджет есебінен деген сөз. Мәселен көрші Өзбекстанда былтыр инвестициядағы  мемлекеттің үлесі небәрі 4,6% болған», — деді сарапшы.

Нұрсұлтан Ерболатұлы жеке секторлардың үлесі азайғанын хабарлады.

«Жеке сектордың үлесі азайып келе жатқаны рас. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жеке инвесторлардың үлесі 2022 жылы 73,2%-дан 2024 жылы 62,9%-ға дейін айтарлықтай қысқарған.  Мемлекет инвестор ретінде көбінесе ірі инфрақұрымдық жобаларға инвестиция құяды. Ал жеке сектор үшін елдігі экономикалық ахуалға да мән беру керек».

Сарапшы инвестициялық климат үшін үкімет қандай тетік қолданып отырғанын түсіндірді.

«Ұлттық экономикаға жауапты Жұманғарин мырза биыл Бәйтерек холдингі арқылы экономиканы 8 трлн теңгеге кредиттейміз деді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. Елімізде банк секторының инвестициялауға құйған үлесі аз. Банктерге экономиканы кредиттеуге қарағанда халыққа несие берген тиімді болып кетті. Себебі бұл саланың тәуекелі төмен, ал табысы жоғары. Жаңа салықтық өзгертулерде жеке тұлғаларды несиелеуден түскен табысқа 25% салық салатын болса, кәсіпкерлерге берілген несиеден 20% салық ұстанатын болды. Үкімет осылайша банк секторын экономиканы кредиттеуге ынталандырып отыр», — деді экономист.

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
«Бәйтерек» холдингі Жеке инвестиция Инвестиция Мемлекеттік инвестиция Ұлттық экономика министрлігі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026
Шолу

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелердің қозғалысын толық шектеді

04/03/2026
Шолу

Ирикла су қоймасынан Жайыққа жіберілетін су көлемі артып келеді

17/02/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.