Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Халық ақшасын шетел валютасымен сақтауына не себеп?
Наргиза Ерес sarapshy.info 26/12/2024

Халық ақшасын шетел валютасымен сақтауына не себеп?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2024 жылы 1 қарашадағы жағдай бойынша, Қазақстан азаматтары елдегі банктерде 5,3 трлн теңге шетел валютасымен сақтаған. Бұл көрсеткіш жыл бойы аса өзгермеген, тек жыл басынан бері 3%-ға төмендеген.

Ranking.kz талдауына сәйкес, халық шетел валютасымен қаржыны ең көп Bereke Bank-те сақтаған. Салымдар бірден 30,2%-ға, 65,5 млрд теңгеге дейін артқан. Банк тек шетел валютасындағы салымдарда ғана емес, барлық депозит түрі бойынша үздік нәтиже көрсетіп отыр. Екінші қатарда шетел валютасындағы салымдар көлемін 3%-ға ұлғайтқан Банк ЦентрКредит тұр. Jusan Bank 1,9%-дық өсіммен үздік үштікті түйіндеді.

Ал қалған ірі банктерде керісінше бұл сегмент бойынша теріс динамика байқалды.

Халықтың шетел валютасындағы салымдарының динамикасына бірнеше фактор әсер етеді. Біріншіден, шетел валютасындағы депозиттер көбіне табыс табу емес, жинақтау үшін қолданылады. Сондықтан азаматтар өнімнің тиімділігіне емес, қаржы институтына деген сенімге көбірек назар аударады. Екіншіден, салымдар көлемі ұлттық валюта бағамының өзгеруіне және халықтың болашақтағы бағам туралы болжамдарына тәуелді.

Биыл ұлттық валюта бағамының құнсыздану халықты біраз алаңдатты. 2024 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша АҚШ долларының бағамы 523 теңге болды. Бұл жыл басынан бері теңгенің 15,4%-ға (70 теңгеге жуық) әлсірегенін көрсетеді. Ұлттық валютаның құнсыздануы халықтың шетел валютасындағы салымдарға деген қызығушылығын төмендеткенімен, жинақтау құралдарына сұраныс артқан.

Халықтың шетел валютасы бойынша салымдарының динамикасы банктерге деген сеніміне, нарықтағы жағдайға және ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына байланысты болады. Бұл ретте тұтынушының шешіміне валюта бағамы ғана емес, қаржы институттарының беделі де маңызды.

Сурет: istockphoto.com          

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Bereke Bank Jusan Bank АҚШ долларының бағамы Банк ЦентрКредит Шетел валютасымен сақтау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Өте өзекті

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026
Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
жаңалық

БҚО-ға тағы дрон құлады

26/03/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.