Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Енді елімізден көмір тек лицензия арқылы экспортталады
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 08/10/2024

Енді елімізден көмір тек лицензия арқылы экспортталады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Көмір экспортына лицензия беруді көздейтін Үкімет қаулысы қабылданды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, қазір еліміздің көмір тұйықтарындағы түрлі маркадағы отын қоры шамамен 577 мың тоннаны құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100 мың тоннаға артық.

«Министрлік тарапынан өңірлерді көмірмен қамтамасыз ету бойынша тұрақты мониторинг жүргізіліп жатыр. Қазақстан теміржолы мен көмір өндіруші кәсіпорындар көмірдің қажетті көлемін жеткізуге дайын. Сонымен қатар, әлеуметтік көмірдің елден тыс жерлерге кетуін болдырмау мақсатында көмір экспортына лицензия беруді көздейтін Үкімет қаулысы қабылданды. Бұдан бөлек, делдалдардың жұмысын болдырмау мақсатында көмірді сатуды биржаға шығару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жылыту маусымы басталып, халық тарапынан көмір сатып алу белсенді түрде жүріп жатыр. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде, халықтың көмірді сатып алуы бойынша ақпараттандыру жұмыстарын белсендету қажет», — дейді министр.

Сонымен қатар ол алда басталатын жылыту маусымына дайындық барысын баяндады.

«Жылыту маусымына шамамен 12 мың автономды қазандық дайындық жұмыстарынан өтті. Автономды қазандықтар қажетті көмірмен – 93, мазутпен – 99 және дизель отынымен 90 пайыз қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні білім беру және денсаулық сақтау нысандары мен тұрғын үйлер жылыту маусымына толықтай дайын», — деді ол.

Белгілі болғаны, коммуналдық тұрмыстық қажеттілікке және халықтың пайдалануына арналған көмірге қажеттілік 8,2 млн тоннаны құрайды. Жылыту маусымы басталғаннан бері шамамен үш млн тонна жеткізілген. Бұл жылдық жоспардың 37,1 пайызын құрайды. Ал өткен жылы жоспардың орындалуы 35,1 пайыз құраған.

2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда көмір мен көмір концентратын қоса алғанда, көмірді өндіру көлемі 69,4 млн тоннаны құрады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда — 7,3% аз. Бір жыл бұрын да көмір өндірудің 2% қысқарғаны байқалған болатын.

Еліміздегі көмірдің барлығы дерлік үш облыста — Павлодар, Қарағанды және Абай облыстарында өндіріледі. 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы өндіріс көлемінің жартысынан астамы Павлодар облысына, үштен бір бөлігі — Қарағанды облысына, қалғаны — Абай облысына тиесілі.

EnergyProm дерегінше, отандық шахталар 2024 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындылары бойынша сұранысты (ішкі нарықтағы сатылым және экспорт) 99%, 2023 жылғы қаңтар-маусымда 99,3% қамтамасыз етті. Осы кезеңде өндіріс 9,5%,50,9 млн тоннаға дейін төмендеді, бұл ретте импорт 34,1% өсті, бірақ тек 529,1 мың тоннаға дейін.

Көмір экспорты 6,9% қысқарып, 13,2 млн тоннаны құрады, ал ішкі нарықта сату көлемі 10%, 38,2 млн тоннаға дейін азайды.

Елде көмір бағасы 2024 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша бір жылда 10,3% өсті. Бір жыл бұрын бағаның өсуі 12,3%-ды құрады. Сонымен қатар көмірдің бағасы бесінші жыл қатарынан өсіп отыр.

Қазақстан экономикасындағы көмірдің рөлі маңызды. 2023 жылы бастапқы тұтынудағы жалпы көлемде энергия көздеріндегі оның үлесі 49,6%, немесе 36,4 мың тонна мұнайдың баламасы. Екінші орында газ (26,7%), үшінші орында — мұнай (21,7%). Ал басқа энергия көздерінің ортақ үлесі – 2%.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Көмір Қазақстан экономикасы Қанат Шарлапаев Лицензия Үкімет қаулысы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.