Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»БҚО-да түйнеме ауруына шалдыққан 22 мал моласы ашық күйінде жатыр
Дария Ғұмар sarapshy.info 25/07/2025

БҚО-да түйнеме ауруына шалдыққан 22 мал моласы ашық күйінде жатыр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облысында 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында құтыру ауруы бойынша үш ошақ тіркелді. Ал түйнеме (сібір жарасы) ауыруына шалдыққан малдың өлімтігінің 222 көміндісінің 20-сы әлі толық қоршалмаған. Бұл туралы БҚО ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиев мәлімдеді.

Қазір сібір жарасы көмінділерін қоршау жұмыстары жалғасып жатыр – 2024 жылы 125 көмінді қоршалса, биыл тағы 77 моланы оқшаулау жұмысы аяқталады.

Сонымен қатар, биыл бруцеллезге қарсы тексеру кезінде 3 215 бас мүйізді ірі қара мен 649 ұсақ малдан оң нәтиже анықталған. Бруцеллезге шалдыққан қаралар пышаққа ілінді.

БҚО ветеринария басқармасының басшысының айтуынша, жарты жылдың ішінде облыста 4,7 миллионнан астам малға қауіпті ветеринариялық ауруларға қарсы вакцина егілді. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Батыс Қазақстан облысында ветеринариялық қауіпсіздікке 4,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Облыста жеті жаңа ветеринариялық пункт салынған. Сонымен қатар облыстың ветеринариялық станцияларына 106 жаңа көлік берілген.

Бұған дейін БҚИТУ ветеринария және биотехнология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ғайса Әбсатыров эпизоотияға қарсы іс-шаралардың тиімді ұйымдастырылмай отырғанын сынады. Ғалым жұқпалы ауруларды диагностикалау жұмысының жүргізілмеуі, сала мамандарының тапшылығы мен отандық ветеринариялық препараттардың аз болуы сынды қордаланған мәселелер сол шешілмеген күйі қалып отыр деп есептейді.

2024 жылы Sarapshy.Info сарып ауруының кең таралуына байланысты зерттеу жүргізді. «Республикалық ветеринариялық зертхана»  БҚО филиалы 2024 жылдың 9 айында бруцеллез ауруына 620,6 мың ірі қараны зерттеп (96%), 4 836 малдан бруцеллез анықтаған.

БҚО 2027 жылға дейін эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 16,4 млрд теңге жұмсамақ.

фото: pexels.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
БҚО ветеринария басқармасы бруцеллез вакцина ветеринария ірі қара мал мал көміндісі эпизоотия
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Қазақстанда қызылша жұқтырған науқастардың 77%-ы вакцина алмаған

10/03/2026
sarapshy.info

Атырау облысында төрт тұрғын іздестірілуде

02/01/2026
sarapshy.info

Қазақстанда қыз алып қашқан жігіттерге алғаш рет қылмыстық іс қозғалды

14/10/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.