Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жұма, 23 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»БҚО-да сайлау барысынан онлайн хабар тарататын платформа іске қосылды
Нұрлыбек Рахманов sarapshy.info 01/02/2024

БҚО-да сайлау барысынан онлайн хабар тарататын платформа іске қосылды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

 «Медиа білім» қоғамдық қоры сайлау барысын онлайн бақылауға мүмкіндік беретін әрі байқаушылардың жұмысын автоматтандыратын SaiLab360 мобильді платформасын жасақтады. Айта кету керек, сайлауға қатысты мұндай онлайн сервис елімізде алғаш рет іске қосылып отыр.

 SaiLab360 мобильді платформасын 5 қараша күні өткен Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе, Тасқала және Бөкей ордасы аудандарының әкімдері сайлауында тестілеп көрдік. Пилоттық режимде өткен сайлауда үш аудандағы 63 сайлау учаскесінде 28 884 дауыс беруші болды.

Жаңа қосымшаны тестілеуге тәуелсіз байқаушылар ретінде Тасқала және Қаратөбе ауданындағы барлық сайлау учаскелерін байқаушыларымен қамтыған «Жария» қоғамдық бірлестігі қатысты. Олардың әр сағат сайын енгізген деректері арқылы қосымшаға тіркелген пайдаланушыларға Қаратөбе мен Тасқала аудандарындағы сайлауға келушілердің пайыздық көрсеткіші көрініп тұрды.

Сайлау аяқталған соң SaiLab360 мобильді платформасында байқаушылар мен Қаратөбе аумақтық сайлау комиссиясының қорытындысы бірдей шықты.

Мобильді платформаның ең басты артықшылығы – SaiLab360 арқылы сайлау процесі кезінде сайлауға келушілердің сағат сайынғы санын (дауыс берушілердің процеске қатысқан пайызын) онлайн қарап отыруға болады.

Екіншіден, байқаушылардың дауыс санау процесін толық автоматтандырады. Бұрынғыдай қағазға қаламмен жазып, калькулятормен есептеп отырмайды. Жүйе өзі барлық көрсеткішті лезде есептеп шығарады.

Үшіншіден, координаторлар, менеджерлер, сайлауға түсіп отырған кандидаттар жеке кабинетінен процесті қадағалап қана отыруына мүмкіндік алады. Олар бұрын әр байқаушымен хабарласып, деректерді whatsapp сияқты мессенджерлермен жинап, қолмен есептеп отыратын. Бұл – өте ауқымды, қиын, қателесу қаупі жоғары және барлық деректі уақытында жинай алмаса, сайлаудың толық картинасын көрсете алмайтын процесс еді.

Төртіншіден, қорытынды туралы хабарламада сайлау комиссиясы деректерді тек санмен берсе, жаңа қосымша санмен әрі пайызбен қатар береді. Бұл кейін сайлау барысына сараптама жасауға өте ыңғайлы.

Бесіншіден, қосымшаның базасына әр сағат сайын әр учаске бойынша келуші саны және дауыс жәшігінің сағат сайынғы суреті тіркеледі. Бұл кейін болуы мүмкін дау-дамайды шешуге көмектеседі әрі алдын алады.

Алтыншыдан, қосымшада Конституциядағы сайлауға қатысты баптар, ҚР сайлау туралы заңы, ҚР Қылмыстық кодексінде сайлау туралы баптар, бақылаушы болудың маңызы және қалай бақылаушы болу болатыны жайлы ақпараттар бар. Мәселен бақылаушыға өзінің құқықтарын ғана ұсынбай, заңда сайлау комиссиясының жұмысына кедергі жасау мен сайлау құжаттарын бұрмалау, дауыстарды дұрыс есептемеу қандай заңның қай баптарын бұзып, қандай жаза қолданылатыны да ескертілген.

Жетіншіден, сайлауға сараптама толық болуы үшін байқаушыларға арналған сауалнама бар. Сол сауалнама арқылы қай учаске уақытында ашылды, ашылған сәтте комиссия мүшелері түгел қатысты ма, үгіт-насихат материалдары, ақпараттық тақталардың, онда бюлетеньдердің үлгісінің, комиссия мүшелері жайлы ақпараттардың орналасуы сияқты дауыс беру мен дауысты санау сәтінен көптеген ақпараттарды анықтауға болады. Бұл арқылы сайлау процесін жетілдіруге, комиссиялар жұмысын жүйелеп, заңсыздықтардың алдын алуға қол жеткізуге болады деп сенеміз.

SaiLab360 платформасын сайлауда қолданған байқаушы Самал Гилманова: «Байқаушы ретінде айтарым, қағазға жазу азайды, пайыз санау автоматтандырылған, ақпарат беру үшін тек қосымшаға енгізсек болғаны. Менеджерлерге сайлаушылардың учаскелерге сағат сайынғы келуін, пайыз есебін көруге, байқаушылардың жұмысын қадағалауға болады. Бұл жерде ақпарат жинау оңай. Ал ең кереметі – координатор кабинетінде барлық учаскедегі сайлау жағдайын қатар көруге болады. Сайлаушылардың келуі, сағат сайынғы есеп, заңбұзушылықтар сияқты деректерді онлайн көріп, қадағалауға мүмкіндік берілген» деп баға берді.

Қосымша техникалық жағынан сынақтан толық өтті. Қиындықтар тек байқаушылардың қосымшаны дұрыс пайдалана алмауынан туындауы мүмкін. Әрине қосымшаға жаңа функциялар қосып, жетілдіре беруге болады.

Жаңа платформа тек бақылаушы емес, қарапайым қолданушыға да таңмен сайлау басталғаннан қорытындысы жарияланғанша бүкіл процессті онлайн қарап отыруға мүмкіндік береді.  Сондықтан SaiLab360 қосымшасын азаматтардың еркін таңдауын қорғайтын халықтық құрал болатынына сенім білдіріп, келешегі зор деп үміттенеміз.

                           Нұрлыбек Рахманов,

SaiLab360 қосымшасының құрылтайшысы

 

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
SaiLab360 байқаушы байқаушылар мобильді қосымшасы сайлау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
sarapshy.info

Түркі халықтары Наурызды қалай тойлайды?

22/03/2025
sarapshy.info

Түркиядағы тергеу: 106 күдіктіге қатысты қамауға алу ордері шығарылды

19/03/2025

Жаңа мақалалар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.