Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»БҚО-да гибридті станция екі аудандағы электр қуаты импортын 10%-ға дейін азайтады
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 25/08/2025

БҚО-да гибридті станция екі аудандағы электр қуаты импортын 10%-ға дейін азайтады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Жәнібек ауданының Өнеге ауылында гибридті станцияның құрылысы басталды. Бұл жоба Жәнібек және Бөкей ордасы ауданындағы электр энергиясына деген тәуелділікті жоюға мүмкіндік береді. Құрылыс екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 2025 жылдың төртінші тоқсанында, ал екінші кезең 2026 жылы аяқталады. Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агенттігіне хабарлады.

Гибридті станцияның жалпы қуаты – 8 МВт, оның ішінде күн сәулесінен қуат алатын тақталары мен газпоршеньді станциясы – 4-4 МВт болады.

Жоба жүзеге асқаннан кейін қос аудан күндізгі мезгілде электрмен 100% өңірден қамтылып, түнгі уақытта электрдің 10%-ы Ресей Федерациясынан сатып алынады.

Айтып өтелік, қазіргі уақытта Жәнібек және Бөкей ордасы ауданы 90% электр қуатын Ресей Федерациясынан алады. Аталған жобаның нәтижесінде тәуелділік 10%-ға дейін азаяды. Ал жалпы екі ауданды қоспағанда қалған аудандар электрді 3,5%-ға дейін Ресейден алып отыр.

Осыған дейін жазғанымыздай, жоба құны, шамамен, алты млрд теңгеге бағаланып отыр. Негізгі инвестор – шетелдік «Green Spark Limited» компаниясы. Құрылысты жергілікті «Green Spark Power» ЖШС жүзеге асырады.

Күндіз станция негізінен күн көзінен қуат алады, ал түнде газ генераторы іске қосылады.

Бұл жоба өңір экономикасына жан-жақты әсер етеді. Құрылыс кезінде 20 адам, ал іске қосылған соң 16 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Биыл Батыс Қазақстан облысында жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған үш нысанның құрылысы басталады. Өңірді баламалы энергия көзімен қамтамасыз ету үшін жаңа станциялар құрылысына отандық және шетелдік инвесторлар қаражат жұмсайды.

Фото: Freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2025 Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агенттігі Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Гибридті станция Жаңартылатын энергия көздері Жәнібек ауданы Өнеге ауылы Ресей Федерациясы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
жаңалық

Қазақстанда бір жылда жол апатынан 2500 адам қаза тапты

19/03/2026
жаңалық

Былтыр Қазақстанда 335 мың бала дүниеге келді

16/03/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.