Қазақстан қай мемлекеттерге ең көп қарыз екенін саралап көрелік. Ұлттық банктің мәліметінше, 2021 жылғы есеп бойынша елдің сыртқы қарызы 166,7 млрд доллар. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 6,9 млрд. долларға немесе 4,3%-ға көп.
Біз ең көп қарыздар мемлекетіміз – Нидерланды (44,7 млрд. доллар). Бірақ, бір жыл ішінде Нидерландыға бережақ қаржы 0,2%-ға азайған. Сондай-ақ Қазақстан күн шығыстағы көршіміз Қытай алдындағы қарызын 4,7%-ға, 9,7 млрд. долларға, Жапонияға – 3,5%-ға, 5,5 млрд. долларға дейін қысқарта алды.
Бір жыл ішінде халықаралық ұйымдар алдындағы бережағымыз күрт өсті: 11,4 млрд. долларға дейін, бұл 15%-дан астам. Сонымен қатар, солтүстіктегі көршіміз Ресей Федерациясына – 8,5%-ға, 9,7 млрд. долларға дейін, Бермуд аралдары – 7,3%-ға, 10,2 млрд. долларға дейін және Ұлыбритания – 6,9%-ға, 23,3 млрд. долларға дейін өсті. Сыртқы қарыздың шамалы өсуі Гонконг, АҚШ және Францияда да байқалды.
Қазақстанның Виргин аралдарына – 2,9 млрд доллар, Біріккен Араб Әмірліктеріне – 2,4 млрд. доллар, Германияға – 2,3 млрд. доллар қарызы болса, Бразилия, Колумбия, Конго, Мавритания және Сирияға әрқайсысы 100 мың доллардан сыртқы міндеттемелері бар.
Ал ЕАЭО елдерінің жалпы мемлекеттік қарызы $342,8 млрд. құраса, аталған одаққа мүше Қазақстанның үлесі $52 млрд. доллар.
Әділғазы Кереев,
sarapshy.info