Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 22 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді
Нұртай Текебаев sarapshy.info 13/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Air Astana ұшақ қонғаннан кейін қайтыс болған бес жасар қыздың әкесіне 5 миллион теңге моралбдық өтемақы төлейді. Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотының шешімі туралы адвокат Данильхан Шагатаев хабарлады.

Адвокат баланың ауыр дерттен көз жұмғанын, оған әуе компаниясын кінәлауға болмайтынын ескертті. Бірақ Air Astana мүгедектігі бар балаға тиісті деңгейде көмек беруді ұйымдастырмаған, Алматыдағы халықаралық әуежайға алдын ала хабар бермеген. Бұл оқиға қаңтар айында болған.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметі бойынша әуетасымалдаушы медицина талаптарына сәйкес келмейтін мүгедектер арбасын ұсынған. Бүлдіршінді терминалға жеткізу ережеге қайшы болған. Әуежайға алып баруы тиіс реаномобиль ұшақ қасынан табылмады. Оның орнына мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды отырғызуға және түсіруге ғана арналған арнайы техника-амбулифтпен тасымалдаған.

«Бұған дейінгі келісім бойынша келіп жеткен, ішінде реаниматолог-дәрігер мен талапқоюшының жұбайы болған жеке реанимобиль көлігі әуежай аумағына кіргізілмеген. Сонымен қатар, әуежай аумағынан шығудың еш қажеті болмағанына қарамастан, талап қоюшыға жедел жәрдем көлігін ұсынудан бас тартылған», — делінген сот материалында.

Тергеу барысында басқа да бұзушылықтар анықталды. Бала қозғала алмайтын болған соң әуежай қызметкерлері құжатты тексеруді медпунктте жүргізуі керек еді.

«Шекаралық бақылаудан өту кезінде кератитпен ауыратын баланың көзіне жапсырылған қорғаныш таңғыштар оны суретке түсіру үшін күштеп алынған. Соның салдарынан келесі күні бала екіжақты пневмоторакспен ауруханаға жатқызылып, ақпан айында көз жұмған», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Осыған байланысты сот әуе компаниясына моральдық өтемақы қыздың әкесі Зульяр Илахуновқа төлеуді міндеттеді. Шагатаев баланың ата-анасы мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету стандарттарын жетілдіру үшін заңнамалық өзерістерге енгізу жөнінде өкілетті органдарға ұсыныс жасамақ.

«Біздің мақсатымыз – осы іске, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарының бұзылуына назар аудару. Көптеген халықаралық және қазақстандық стандарттар тек ұсыныс сипатында болады», — деп жазды қорғаушы.

Былтыр Air Astana компаниясына қарасты FlyArystan оралдық бүлдіршін Зерені ұшақтан қалдырып кеткен. Одан кейін қыздың анасы Жанар Мусина сотқа шағымданып, Air Astana-дан 5 млн теңге өндірді. Жолаушы құқығын Шагатаев қорғаған еді.

фото: gov.kz

 

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды. 2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Air Astana Алматы әуежайы Заң бұзушылық Сот ұшақ
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Маңғыстау аумағына белгісіз дрон құлады

20/06/2025
жаңалық

Біріккен Араб әмірліктерінде 300-ге жуық қазақстандық ұшақ күтіп отыр

16/06/2025
жаңалық

БҚО-да 700-ден астам науқасқа тегін дәрі берілмеген

31/03/2025

Жаңа мақалалар

Дауыл салдарынан Павлодар облысында төтенше жағдай жарияланды

Оқиға 20/06/2025

Министрлік Израиль мен Ирандағы қазақстандықтарды эвакуациялап жатыр

жаңалық 20/06/2025

Қазақстан мен Ресей АЭС құрылысы жобасы бойынша жол картасын бекітті

Экономика 20/06/2025

Ресейде маркетплейстер қолданушылардың жеке деректерін органдарға беретін заң қабылданбақ

Әлем жаңалықтары 20/06/2025

Маңғыстау аумағына белгісіз дрон құлады

sarapshy.info 20/06/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Дауыл салдарынан Павлодар облысында төтенше жағдай жарияланды

20/06/2025

Министрлік Израиль мен Ирандағы қазақстандықтарды эвакуациялап жатыр

20/06/2025

Қазақстан мен Ресей АЭС құрылысы жобасы бойынша жол картасын бекітті

20/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.