Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Воскресенье, 13 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Қазақстандағы қант өндірісі дағдарыс алдында тұр
Наргиза Ерес жаңалық 13/03/2025

Қазақстандағы қант өндірісі дағдарыс алдында тұр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Былтыр 1,2 миллион тонна қызылшаның тек 700 мың тоннасы өңдеуге жіберіліп, қалған бөлігі шіріп кетті», — деді сенат отырысында депутат Зәкіржан Кузиев.

Депутаттың айтуынша, елдегі қант өндірісі ақсап тұр. Өндірілген өнім көлемі артқанымен, оларды өңдеуге жаңа зауыттар жеткіліксіз.

«2024 жылы қызылша егілетін жерлер 17 мың гектардан 25 мың гектарға дейін кеңейтілді, фермерлерге 22 миллиард теңге субсидия бөлінді. Соның нәтижесінде, жиналған өнім көлемі екі есеге артты», — дейді депутат. Алайда ол бұл көрсеткіштердің қант өндірісінің нақты дамуын көрсетпейтінін айтады.

Елдегі төрт қант зауытының үшеуі ғана қызылшаны қайта өңдеумен айналысады. Бұл жердегі мәселе өнімді өңдеуге зауыттардың қуаты жетіспейді.

«2023 жылы Тараз қант зауытында жаңа қондырғылар орнатылуы тиіс еді, бірақ бұл жұмыс әлі жүзеге асырылмады. Егер зауыт жаңғыртылғанда, ол 600 мың тоннаға дейін қызылша өңдей алар еді», —  деп тілге тиек етті депутат.

Тараз қант зауыты Ресейдіңс «Доминант» компаниясына тиесілі екені депутаттың сөзінен белгілі болып отыр. Бұл компания Еуразиядағы ірі қант өндірушілердің бірі екені және Ресейде жеті қант зауытына иелік ететіні мәлім болды.

Алайда  депутат «Доминант» екі жыл бойы Тараз қант зауытын жаңғырту жұмыстарын жүргізбегенін айтады.

«Неліктен инвестор зауытты жаңғырту бойынша өз міндеттемелерін орындамады – бізге белгісіз. Бірақ соған қарамастан, мемлекет жыл сайын қант зауыттарына жеңілдетілген несиелер бөліп келеді», – деді депутат.

Айта кетейік,  елде 25 ақпан мен 4 наурыз аралығында құмшекердің орташа бағасы 1,4%-ға қымбаттады.

 

Сурет: Руслан Пряников/kapital.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Екінші ақпарат инвестор қант бағасы қымбаттады қант зауыты Қант өндірісі құмшекер субсидия Тараз қант зауыты
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстан крипторезерв құруды жоспарлап отыр

12/07/2025
жаңалық

БҚО-да құмар ойынға бәс тіккен 16 мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды

12/07/2025
жаңалық

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

10/07/2025

Жаңа мақалалар

Қызылордада ағаш өңдеу зауыты өртенді

Оқиға 12/07/2025

Қазақстан крипторезерв құруды жоспарлап отыр

Қаржы 12/07/2025

БҚО-да құмар ойынға бәс тіккен 16 мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды

жаңалық 12/07/2025

БҚО-да өртенген мектеп интернатының құрылысын мердігер қалпына келтіреді

sarapshy.info 11/07/2025

Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды

Әлем жаңалықтары 11/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада ағаш өңдеу зауыты өртенді

12/07/2025

Қазақстан крипторезерв құруды жоспарлап отыр

12/07/2025

БҚО-да құмар ойынға бәс тіккен 16 мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды

12/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.