Қазақстанда электр қуатын тұтыну неліктен бір жылда үш есе артты?

Қазір  елімізде электр энергиясын 214 электр станциясы өндіреді. Электр станцияларының қолда бар қуаты – 20,1 ГВт.

Былтыр электр энергиясын тұтынудың күрт өсуі байқалған.  2021 жылғы көрсеткіш 113,89 млрд кВт/сағ, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 6,1%-ға жоғары.

Қазақстанда электр энергиясының 69% көмір арқылы, 20% газбен,  7,4% гидроэлектр станциялары (шағын ГЭС-сіз), ал 3,6% ЖЭК (КЭС, ЖЭС, шағын ГЭС, БГҚ) арқылы өндіріледі.

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов келтірген статистикалық талдауларға сүйенсек, электр энергиясын тұтыну жылына орта есеппен 2%-ға өсіп келген. 2021 жылы майнерлер пайда болғанда тұтыну 3 есе артып отыр.

Қажеттіліктің өсуінің негізгі себебі – цифрлық майнинг субъектілері. Олардың криптовалюта өндіру процесі ауқымды энергияны қажет етеді. Қандай да бір цифрлық валюта түрінде сыйақы алу мақсатында қосылған жабдықтар тәулік бойы жұмыс істейді. Криптовалюта өндіретін әр жабдық шамамен 2,5 – 3 кВт/сағ тұтынады. Бір жабдықтың айлық тұтынуы үш бөлмелі пәтердің тұтынуынан 8 есе артық.

2022 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық майнингтің заңсыз жұмыс істейтін субъектілерін анықтау және оларға қатысты тексеру іс-шараларын жүргізу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазір құқық қорғау органдары электр энергиясы нарығын «көлеңкелі» цифрлық майнинг субъектілерінен тазартуға бағытталған тиісті іс-шараларды бастады. Бұл мәселе тездетіп шешілмесе энергия шектелуіне әкеліп, салдары ауыр болары анық.

Нұрлыбек Рахманов,

Sarapshy.info

Әлеуметтік желілер арқылы бөлісуді ұмытпаңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған