Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
    • Ақпараттық хабарлама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 8 қараша
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Жарнама»Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

2026 жылғы 29 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын орналастыру үшін «Медиа білім» қоғамдық қорының SARAPSHY.INFO сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында интернет-алаңдар ұсынуының жалпы шарттары.

SARAPSHY.INFO сайтының (бұдан әрі – Сайт) (ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі) құрылтайшысы «Медиа білім» қоғамдық қоры «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы Конституциялық заңына сәйкес, 2026 жылғы 29 қарашада өтетін кезектен тыс сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды (бұдан әрі – Кандидат) Сайтта және әлеуметтік желілердегі парақшаларда сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) орналастыру үшін интернет-алаңдар ұсыну тәртібі, шарттары және төлем мөлшері туралы хабардар етеді.

Редакция туралы қысқаша

SARAPSHY.INFO – 2021 жылы қазан айында құрылған, сараптама мен шолу бағытын ұстанатын қазақстандық ақпарат агенттігі. Агенттікті вебсайт, Instagram, Facebook, TikTok парақшалары, Telegram арнасы және YouTube арнасы құрайды. Ақпарат 100% қазақ тілінде таратылады. Редакция Орал қаласында орналасқан.

Үгіт жүргізу мерзімі

Сайлау алдындағы үгіт Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау күнінің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де аяқталады. Осылайша үгіт материалдарын Сайтта және әлеуметтік желілердегі парақшаларда орналастыру 2026 жылғы «01» қараша сағат 18:00-ден кейін басталып, 2026 жылғы «28» қараша сағат 00:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Өтініш беру тәртібі

Үгіт материалдарының саны мен орналастыру мерзімі Кандидаттың немесе оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіліп, кейіннен келісімшартпен бекітіледі.

Өтініш Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік ретімен әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмірі мен өтінімнің қабылданған күнін белгілеу арқылы тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

  1. Партиялық тізімнің ұсынылғанын растайтын құжат көшірмесі.
  2. Саяси партияның уәкілетті өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі.
  3. Жоспарланған алаң көлемі мен үгіт материалдарының түрі көрсетілген жазбаша өтініштің мазмұны.
  4. Үгіт материалының қағаз жеткізгіштегі (ұсынылған әрбір парақта уәкілетті өкілдің қолы қойылған) және электронды түрдегі мәтіні.
  5. Саяси партияның уәкілетті өкілінің немесе бір мандатты сайлау округі бойынша тіркелген мәслихат депутатығына кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі.

Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен, ал өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді.

Үгіт материалдары орналастыру күніне дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады. Алдын ала броньдау да бір жұмыс күні бұрын жасалуы керек.

Материалдарға қойылатын талаптар

Баннерлік жарнама (Сайттағы орындары мен өлшемдері)

  • №1 баннер – 1240 × 125 px;
  • №2 баннер – 300 × 600 px;
  • №3 баннер – 870 × 225 px;
  • №4 баннер – 970 × 250 px.

PR мақала

Материал Times New Roman, 14 өлшем, 1,5 жоларалық интервалмен дайындалады (бір бетте шамамен 2000–2500 символ). Мәтін көлемі 3 мың символға дейін және 2 фотосуретке дейін болса – стандартты көлем; 3 мың символдан асатын, 3 фотосуреттен көп материал – кеңейтілген көлем болып саналады.

Хабарландыру – 200 символға дейін.

Бейнеролик және әлеуметтік желілерге (Instagram, Facebook, TikTok) орналастырылатын материалдар – редакциямен алдын ала келісіледі.

Үгіт материалдарында қаржыландыру көздері туралы көрнекі ақпарат және ақпаратты берген тұлғаның тегі көрсетілуге тиіс. Әлеуметтік желілердегі жазбаларда «PR құқында» немесе «Үгіт материалы» белгісі міндетті түрде қойылуы керек.

Редакция мақаланың тақырыбына, лидіне немесе мәтініне стильдік және редакциялық түзетулер енгізу құқығын өзінде сақтайды.

Үгіт материалдарын орналастыру бағасы

Қызмет түрі Шарттары Бағасы (теңге)
PR мақала 3 мың символдан көп емес, 2 фотодан аспайтын материал 90 000
PR мақала 3 мың символдан асатын, 3 фотодан көп материал 180 000
Хабарландыру 200 символға дейін 25 000
Бейнеролик орналастыру – 100 000
Instagram, Facebook, TikTok желілеріне орналастыру – 50 000
Студияда подкаст түсіру Тақырыбы редакция саясатына қарсы болмаған жағдайда 180 000

Баннерлік жарнама (әр 15 күн үшін):

Баннер Өлшемі Бағасы (теңге)
№1 баннер 1240 × 125 px 30 000
№2 баннер 300 × 600 px 20 000
№3 баннер 870 × 225 px 10 000
№4 баннер 970 × 250 px 15 000

Барлық Кандидаттарға орналастыру шарттары мен баға теңдей қолданылады.

Орналастырудан бас тарту негіздері

Сайт иесі үгіт материалдарында конституциялық құрылымды күштеп өзгертуді, республиканың тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды, заңда көзделмеген әскери құрылымдар құруды көздейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін мәліметтер болған жағдайда оларды орналастырудан бас тартуға құқылы. Кандидат Сайт иесінің талабы бойынша материалдарда кездесетін жоғарыда аталған сипаттағы ақпаратты растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Сонымен қатар Сайтта дезинформация, пропаганда, адамдарды алдауға немесе манипуляциялауға бағытталған, заңдылығы, этикасы және аудиторияға сәйкестігі тексеруден өтпеген материалдар орналастырылмайды.

Үгіт материалдарын ұсынған Кандидаттарға олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болуы тұрғысынан жеке жауапкершілік жүктеледі. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайттың ақпараттық-талдау материалдарына арналған редакциялық саясаты жарнама саясатынан дербес.

Төлем тәртібі

Жасалған келісімшартқа сәйкес, үгіт материалдарын орналастыру үшін төлем Сайт иесі ұсынған төлем шоты негізінде, [шот ұсынылған күннен бастап 1 жұмыс күні] ішінде жүзеге асырылады.

Өтініштерді қабылдау және байланыс

Жазбаша өтініштерді меншік иесі 2026 жылғы «27» қазаннан бастап (демалыс пен мереке күндерін қоспағанда), сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылдайды: Орал қаласы, Гагарин көшесі, 5/4, 16-офис.

Жазбаша өтініштер факсимиле түрінде және интернет-байланыс арқылы қабылданбайды.

Сұрақтар мен ұсыныстар бойынша:

  • E-mail: sarapshy.info@gmail.com
  • Телефон / WhatsApp: +7 705 177 80 70
  • Сайт: https://sarapshy.info

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет-алаңдарын ұсыну шарттары мен тәртібіне Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетулер енгізілуі мүмкін.

«Медиа білім» қоғамдық қоры

директор Н.Н.Рахманов

 

Жаңа мақалалар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

Біздің сараптама 27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

жаңалық 27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

жаңалық 24/10/2026

Рубио Орталық Азияға алғаш рет келді: Самарқанда не талқыланды?

Әлем жаңалықтары 24/10/2026

Ресей-Украина соғысынан оралған қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін бе?

жаңалық 23/10/2026
Сайт мұрағаты
Қараша 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Қаз    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

24/10/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.