Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстан Қытайға бидай экспортын ұлғайтты
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 23/10/2024

Қазақстан Қытайға бидай экспортын ұлғайтты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Қазақстанның астық бойынша экспорттық әлеуеті 12 млн тоннаға бағаланатынын, оның 7,5 млн тоннасы бидайға, 1,4 млн тоннасы арпаға, 300 мың тоннасы жүгеріге тиесілі екенін хабарлады. Майлы дақылдар бойынша әлеует 1 млн тоннадан асады деп бағаланады.

«Қазақстан Орталық Азия мен Ауғанстан елдерінің нарықтарына астық жеткізуді жалғастырады, бұл шамамен 4,2 млн тонна. Жалпы Қытайға астық экспорты 2023 жылы 1,43 млн тоннаны құрап, жылына 5,5 есе өсім көрсетті», — деді Қайрат Төребаев.

Вице-министр сондай-ақ бидайдың Қытайға экспорты айтарлықтай артып, 2023 жылы 538,8 мың тоннаға жеткенін атап өтті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15 есе артық.

«Бұл Қытай мен Азия елдеріне 1,6 млн тоннаға дейін бидай жеткізу мүмкіндігін көрсетеді. Қытай органдарының талаптарына байланысты шекарада кідіріс мәселесін, сондай-ақ Қытайдағы қазақстандық астық импортына лицензиялар мен квоталар сияқты күрделі шарттарды пысықтау маңызды», — деп қосты Қайрат Төребаев.

Сонымен қатар вице-министр жаһандық сұраныстың артуы және бірқатар елде өнімділіктің төмендеуі жағдайында Италия, Латвия, Испания сияқты Еуропалық Одақ елдерінің нарығы тартымды екенін атап өтті.

Түркия мен Таяу Шығыс елдеріне экспорттың әлеуеті 1 млн тоннаға жуық бидайды құрайды.

«Иран нарығына жеткізілімдерді қалпына келтіру маңызды, арпа бойынша біз қазір динамиканы көріп отырмыз, сауданы қаржыландыру және логистика мәселелері пысықталады. Қазақстандық бидай брендін Пәкістан, Индонезия, Бразилия, Малайзия сияқты жаңа нарықтарда ілгерілету жөніндегі жұмыс жандандырылады, онда импорттың өсуі болжанады», — деп түйіндеді сөзін Қайрат Төребаев.

Айтып өтелік, Қазақстанда егін жинау науқаны аяқталды. Қазір елде 26,5 млн тонна астық жиналған. Өнімділік өткен жылғы деңгейден асып отыр.

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жинау алаңы 23,3 млн гектарды құрады, оның ішінде 16,7 млн гектары – дәнді және бұршақты дақылдар.

Сурет: pixabay.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Бидай экспорты Қазақстан Қайрат Төребаев Қытай Экспорттық әлеует
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026
жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
Біздің сараптама

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

14/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.