Дүниежүзілік банктың есебіне сәйкес, Қазақстанда ресми деректер мен кедейліктің нақты көрсеткішінің арасында айырмашылық бар.
Дүниежүзілік банк Қазақстан халқының 15%-ы кедей өмір сүретінін мәлімдеді. Ұйым әдістемесіне сәйкес, елдегі кедейлік шегі бір адамға күніне 8,3 долларды құрайды.
Аймақтық зерттеулер материалдық жағдайы төмен азаматтар негізінен Түркістан облысында, Солтүстік Қазақстан облысында және Жетісу облысында өмір сүретінін көрсетті. Есепте бұл өңірлердің табыс төмен, экономикалық базасы әлсіз және білімге деген қолжетімділігі шектеулі екені айтылады.
Ресми көрсеткіш
Қазір Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз табыс табатындар саны шамамен 1,07 млн адамды немесе халықтың 5,3%-ын құрайды.
2025 жылы атаулы әлеуметтік көмекті 290,6 мың адам немесе 54 мың отбасы алған, бұл қолдауға мұқтаж азаматтардың үштен біріне тең.
Халық табысы бірқалыпты ма?
Halyk Finance деректеріне сәйкес, 2025 жылдың үшінші тоқсанында халықтың нақты табысы 3,4%-ға төмендеген. Сол кезеңде азық-түлікке кететін шығындар мен несие төлемдері азаматтардың табысының шамамен 60%-ын құраған. Ал 2025 жылы Қазақстандағы модальды жалақы 116 059 теңгені құрады.
фото: istockphoto.com

