Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанға қатарлық инвесторлар 20 млрд доллар инвестиция құяды
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 10/10/2024

Қазақстанға қатарлық инвесторлар 20 млрд доллар инвестиция құяды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң мақұлданды.

Құжат екі елдің телекоммуникация, энергетика, мұнай-химия, көлік және басқа да салалардағы бірлескен жобаларын іске асыруға, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақты нығайтуға арналған.

Жалпы тоғыз ауқымды жоба жүзеге асырылады. Жобаларды жүзеге асыру кезінде 14 мың, ал іске қосылған соң үш мың адам жұмыспен қамтылмақ.

«Атап айтқанда, «Қашаған» кен орнындағы газ өңдеу зауыттарын, Қостанай облысындағы компрессорлық станция мен магистральдық газ құбырын, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін, Ертіс өзеніндегі су электр станциясын, Қызылорда облысындағы электр станциясын салу жөніндегі жобалар, сондай-ақ, «Береке Банк» акционерлік қоғамының 100% акциясын және «Мобайл Телеком-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100% қатысу үлесін сатып алу бойынша жобалар қамтылған», — деді сенатор Бибігүл Аққожина.

Қазақстан Үкіметі стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру барысында қолданыстағы ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізуді талап ету мүмкіндігімен келіседі және мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, тиісті түзетулерді іске асыру үшін барлық қажет шараларды қабылдайды.

Қатар Мемлекетінің Үкіметі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында даму институттарынан немесе басқа да қатарлық инвесторлардан инвестициялар және қаржат тарту үшін жобаларға кешенді тексеру жүргізіліп болған соң, көмек көрсете алады.

Сонымен қатар қызығушылық танытқан инвестициялық жобалар талаптарға сай болуы және белгілі бір кірістілік деңгейіне жетуі қажет.

«Келісім аясында Қазақстан стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу үшін жабдықтарды, шикізаттар мен материалдарды әкелу кезінде кедендік баждарды төлеу жөніндегі міндеттемелерден босату, сондай-ақ Қазақстан заңнамасында көзделген салық жеңілдіктерін беретін болады. Бұл ретте инвестор осы келісім күшіне енген күннен кейін, қандай да бір жаңа салықтарды төлеуге немесе Қазақстан заңнамасында енгізілген қандай да бір басқа төлемдерді жүзеге асыруға міндетті емес. Стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру кезеңінде және одан кейінгі 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы инвесторларға қолданылмайтыны туралы атап өткен жөн», — деді сенатор.

Айтып өтелік, келісімді жүзеге асыру жалпы сомасы шамамен 20 млрд АҚШ долларын құрайтын инвестицияны тартуға мүмкіндік бермек.

Сондай-ақ Аққожина қажет болған жағдайда қос тарап стратегиялық инвестициялық жобаларға қатысты жеке үкіметаралық келісім жасай алатынын жеткізді.

Қоса өтсек, жалпы екі ел арасындағы ынтымақтастық шеңберінде құны $18 млрд-тан асатын 15 жобаны қамтитын инвестициялық пул қалыптастырылған.

Қос ел арасындағы сауда айналымы

Қазақстан мен Қатар арасындағы екіжақты тауар айналымында оң динамика байқалады. 2023 жылғы өсім 50%-ды құрады. Сауда-экономикалық байланыс жоғары қарқынмен дамып жатыр.

Соңғы алты жылда екі ел арасындағы тауар айналымы 23 есе артқан. Мәселен, 2018 жылы сауда көлемі – 430 мың доллар болса, былтыр көрсеткіш – 10 миллион долларға таяды. Оның жартысынан астамы экспорт, қалғаны импорт. Тараптар болашақта тауар айналымын 70 миллион долларға жеткізуді көздеп отыр.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Қазақ елі Қатар үкіметі Сенаттың жалпы отырысы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.