Автор: Nargiza Yeres

 2024 жылдың екінші жартысындағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда ресми түрде 227 микрокредиттік ұйым (МҚҰ) тіркелген. МҚҰ саны мен олардың кредиттік портфелі бойынша Қазақстан Орталық Азияда көш бастап тұр. Аймақ бойынша бізде осы нарық өте жақсы дамыған. Бірақ оның тым күрт өсуі мемлекетті алаңдата бастады. Себебі  шағын несиелердің пайызы жоғары болғандықтан олар халықты қарыз шырмауына одан сайын батыруда. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) мәліметінше, еліміздегі шағын несиелердің көлемі, яғни несие портфелі 1,3 триллион теңгеден асып кеткен. Долларға шаққанда бұл – 2,8 миллиард $. Кейінгі 12 ай бойы микрокредиттер көлемі әр тоқсан сайын орташа есеппен 4,3%-ға өсіп отырған. Соңғы екі жылда…

Read More

«ҚазМұнайГаз» компаниясының Румыниядағы жергілікті серіктесі Rompetrol Rafinare кәсіпорнының айналым салығы артуы мүмкін. «Бұл жаңалықты «ҚазМұнайГаздың» Нидерландыда тіркелген еншілес компаниясы KMG International растады», – деп жазды inbusiness сайты. Румыния билігі айналым салығын көбейту туралы заң жобасын дайындап жатыр. Rompetrol Rafinare мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін сатумен айналысады. Жаңа заң жобасы қабылданса, компанияға төленетін салық көлемі айтарлықтай артуы мүмкін. Бұл өз кезегінде «ҚазМұнайГаздың» Румыниядағы қызметіне әсер етеді деген  болжам бар. Rompetrol Rafinare компаниясында «ҚазМұнайГаз» 54,6% акцияға иелік етсе, қалған 44,7% акция Румыния үкіметіне тиесілі. Заң не туралы? Жақында Румыния парламенті мұнай және газ секторындағы барлық компанияларға, айналым көлеміне қарамастан, 0,5% айналым салығын…

Read More

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекара қызметінің мамандары мен азаматтық қызметшілерге үстеме ақы төлеуді қарастырып жатыр. Бұл туралы «Ашық НҚА» сайтында бұйрық жобасы жарияланды. Қазіргі кезде шекара құрылымында қызмет ететін көп маманның жалақысы 85-100 мың теңге шамасында, яғни  басқа мекемелер төлейтін еңбекақымен салыстырғанда әлдеқайда аз. Осы себепті «ерекше еңбек жағдайында» жұмыс істейтіндерді ынталандыру үшін және білікті мамандарды жұмысқа тарту үшін қосымша төлемдер қолданысқа енгізеді.. Қосымша төлемдер қарастырылған лауазымдар: «Қонақ үй басшысы» — бүгінде шекара аумағындағы қонақүйлер мен жатақханаларды басқаратындардың жалақысы 90-100 мың теңге. Қосымша ақы білікті әрі тәжірибелі мамандарды іріктеп алуға мүмкіндік береді. «Қайыс ер-тұрман бұйымдарын дайындаушы» — шекара…

Read More

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының прокуратурасы субсидия беру кезінде заң бұзушылық фактісін анықтады. Шаруа қожалық иесі 20 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын ысырап еткен. Бұл туралы БҚО прокуратурасы хабарлады. Мәселенің мән-жайы 2021 жылы 25 желтоқсанда жергілікті шаруа қожалығы 442 асыл тұқымды қой сатып алуға өтініш беріп, 6 630 000 теңге көлемінде субсидия алған. Алайда прокурор талдауы барысында бір жылдың ішінде бұл малдың ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру дерекқорынан шығарылғаны белгілі болды. 2019 жылдың 15 наурызында Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген субсидиялау ережелеріне сәйкес, шаруа қожалықтары асыл тұқымды мал басын жыл бойы сақтауға міндетті (зоотехникалық нормаға сәйкес мал шығынын қоспағанда). Аталған шаруа…

Read More

Бүгін, 27 қараша ҚР Ұлттық банкі Төрағасы Тимур Сүлейменов ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында инфляция, Ұлттық қор туралы мәлімдемелер жасады. Әлемде экономикалық және саяси тұрақсыздықтың орын алуы, оның ішінде әскери қақтығыстар мен нарықтағы өзгерістер ел экономикасына айтарлықтай әсер етіп отыр. Мұнай бағасының төмендеу қаупі бар, бірақ жалпы ішкі өнім 9 айда 4%-ға өсіп, оң динамика көрінеді. Биыл инфляция өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмендеді, алайда Ұлттық Банк өзіне мақсат етіп қойған деңгейден жоғары. Инфляция бірнеше ай қатарынан төмендегенімен, қазан айында 8,5%-ға жетті. ҰБ инфляция деңгейін жылына 5% шамасында ұстауды өзіне мақсат (таргет) етіп қойған. Бұл – халықтың сатып алу қабілеті мен…

Read More

Қазақстан ЕАЭО аумағынан тыс жерге 2025 жылдың алғашқы алты айында мұнай өнімдерін тасымалдауға тыйым салды. Соған сәйкес бірнеше министрліктің бұйрығына өзгеріс енгізілетіні туралы «Ашық НҚА» порталында бұйрық жобасы жарияланды. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде әкетілетін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуді қоспағанда, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге жеңіл дистилляттарды (2710 12 110 1 – 2710 12 310 0, 2710 12 700 0 – 2710 12 900 8 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары), авиакеросиндер және дизель отыны (2710 19 110 0 – 2710 19 460 0 ЕАЭО…

Read More

Ақмола облысы прокурорлары су тасқынына қарсы шараларға бөлінген 300 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған күдіктілерге қатысты тергеуді аяқтады. Бұл қаражат 2021 жылы Атбасар ауданында су тасқыны аймағындағы 200 жанұяны көшіру мақсатында 100 екі пәтерлі тұрғын үй салуға бөлінген. Тергеу барысында Атбасар ауданы әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімінің, «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» ЖШС басшыларының аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырғаны анықталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігіне (аса ірі көлемде талан-таражға салу) сай күдіктілердің мүлкін тәркілеумен қатар оларға 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылды. Сот санкциясымен екі күдікті қамауға, үшінші күдікті үйқамаққа алынды. Тергеу нәтижелері Тергеу барысында ұсталғандардың Алматы және Астана…

Read More

Батыс Қазақстан облысында әйелдер мен балаларға қарсы қылмыс саны соңғы бес жылда үш есеге өсті. Бұл туралы БҚО прокурорының бірінші орынбасары Дәурен Омарғалиев мәлімдеді. 2024 жылдың тоғыз айында 2 мыңнан астам әйел отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Балаларға қатысты қылмыс өткен жылмен салыстырғанда 28%-ға артқан. «Мұндай күрт өсім «ұрып-соғу» және «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» әрекеттерінің 2024 жылдың маусым айынан бастап әкімшілік құқық бұзушылықтан қылмыстық құқық бұзушылыққа ауысуымен байланысты», – деп түсіндірді Омарғалиев. Дәурен Омарғалиевтың айтуынша, қылмыстың алдын алу үшін мемлекеттік органдар жеткілікті деңгейде шаралар ұйымдастырмай келеді. «Осы жылдың 9 айында 2 мыңнан астам әйел отбасында зорлық-зомбылыққа ұшырады. Отбасындағы агрессорлардың мінез-құлқын, менталитетін…

Read More

Ресейлік импорттаушылар рубль бағамы одан әрі әлсіреуі мүмкін деп есептейді. Сондықтан олар алдағы айларға тауар бағасын 1 долларға 120-125 рубль деңгейінде есептеуге көшкен. Бұл туралы «Коммерсант» басылымы хабарлады.  Рубльдің құнсыздануы Ресей Федерациясында тауар бағасының одан әрі өсуіне әкеліп соғады. Ал Қазақстан инфляцияны ресейлік тауарлармен бірге импорттайтыны анық.Бұған қоса Қытай тауарларының біразын Ресей Федерациясы арқылы әкелетініміз тағы бар. Бұл ретте 2024 жылғы қараша айының басынан бері рубль долларға қатысты 7%-ға әлсіреді және 1 доллар үшін 100 рубльден, 26 қараша 105 рубльге дейін тағы құнсыздана түсті. Ал Қазақстанда қалай? Соңғы аптада 1 доллар 500 теңге бағамына халықтың көзі үйрене бастады. Айта кетейік,…

Read More

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 13 246 шетел азаматы жұмыс істеп жатыр. Еңбек нарығына тартылған шетелдік мамандар мына санаттар бойынша бөлінеді: Басшылар мен олардың орынбасарлары (бірінші санат) – 543 адам; Құрылымдық бөлімшелердің басшылары (екінші санат) – 2 514 адам; Мамандар (үшінші санат) – 4 859 адам; Білікті жұмысшылар (төртінші санат) – 917 адам; Маусымдық жұмыстарға – 1 120 адам; Корпоративтік ауыстыру аясында – 3 293 адам. Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 789 жұмыс беруші бар. Бұл ұйымдарда 389,8 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, олар қызметкерлердің жалпы санының 96,8%-ы болады. Шетелдік еңбек…

Read More