Автор: Nargiza Yeres

Батыс Қазақстан облысында әйелдер мен балаларға қарсы қылмыс саны соңғы бес жылда үш есеге өсті. Бұл туралы БҚО прокурорының бірінші орынбасары Дәурен Омарғалиев мәлімдеді. 2024 жылдың тоғыз айында 2 мыңнан астам әйел отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Балаларға қатысты қылмыс өткен жылмен салыстырғанда 28%-ға артқан. «Мұндай күрт өсім «ұрып-соғу» және «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» әрекеттерінің 2024 жылдың маусым айынан бастап әкімшілік құқық бұзушылықтан қылмыстық құқық бұзушылыққа ауысуымен байланысты», – деп түсіндірді Омарғалиев. Дәурен Омарғалиевтың айтуынша, қылмыстың алдын алу үшін мемлекеттік органдар жеткілікті деңгейде шаралар ұйымдастырмай келеді. «Осы жылдың 9 айында 2 мыңнан астам әйел отбасында зорлық-зомбылыққа ұшырады. Отбасындағы агрессорлардың мінез-құлқын, менталитетін…

Read More

Ресейлік импорттаушылар рубль бағамы одан әрі әлсіреуі мүмкін деп есептейді. Сондықтан олар алдағы айларға тауар бағасын 1 долларға 120-125 рубль деңгейінде есептеуге көшкен. Бұл туралы «Коммерсант» басылымы хабарлады.  Рубльдің құнсыздануы Ресей Федерациясында тауар бағасының одан әрі өсуіне әкеліп соғады. Ал Қазақстан инфляцияны ресейлік тауарлармен бірге импорттайтыны анық.Бұған қоса Қытай тауарларының біразын Ресей Федерациясы арқылы әкелетініміз тағы бар. Бұл ретте 2024 жылғы қараша айының басынан бері рубль долларға қатысты 7%-ға әлсіреді және 1 доллар үшін 100 рубльден, 26 қараша 105 рубльге дейін тағы құнсыздана түсті. Ал Қазақстанда қалай? Соңғы аптада 1 доллар 500 теңге бағамына халықтың көзі үйрене бастады. Айта кетейік,…

Read More

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 13 246 шетел азаматы жұмыс істеп жатыр. Еңбек нарығына тартылған шетелдік мамандар мына санаттар бойынша бөлінеді: Басшылар мен олардың орынбасарлары (бірінші санат) – 543 адам; Құрылымдық бөлімшелердің басшылары (екінші санат) – 2 514 адам; Мамандар (үшінші санат) – 4 859 адам; Білікті жұмысшылар (төртінші санат) – 917 адам; Маусымдық жұмыстарға – 1 120 адам; Корпоративтік ауыстыру аясында – 3 293 адам. Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 789 жұмыс беруші бар. Бұл ұйымдарда 389,8 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, олар қызметкерлердің жалпы санының 96,8%-ы болады. Шетелдік еңбек…

Read More

Қазақстандағы 59 теміржол вокзалының 54-і жөндеуді қажет етеді. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді. Қазір тек Қызылорда, Шымкент, Павлодар және Түркістан қалаларындағы вокзалдар толық күрделі жөндеуден өткен. «Қалған вокзалдарды жөндеу бойынша қажетті техникалық құжаттар әзірленуде және қаржыландыру көздері мен механизмдері пысықталып жатыр», — дейді Марат Қарабаев. Вокзалдардың сегізі жергілікті атқарушы органдардың басқаруында болса, қалған 51-і «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) компаниясына тиесілі. Министрдің айтуынша, теміржол вокзалдарының көпшілігі қазіргі заман талаптарына сәйкес келмейді, бұл жолаушыларға ыңғайсыздық тудырады. Осыған байланысты вокзалдарды жаңғырту және инфрақұрылымды жақсарту басты міндеттердің бірі болып отыр. Теміржолдағы тағы бір өзекті мәселе – жылжымалы құрамның тозуы. Қарабаевтың…

Read More

2024 жылдың 27 қарашасынан бастап Қазақстан Ресеймен шекарадағы төрт ірі автомобиль бақылау-өткізу пунктінде CarGoRuqsat электронды кезек жүйесін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. CarGoRuqsat жүйесі енгізілетін бақылау-өткізу пунктері: «Жаңа жол» (Солтүстік Қазақстан облысы) «Сырым» жол» (Батыс Қазақстан облысы) «Қайрақ» (Қостанай облысы) «Жайсан» (Ақтөбе облысы) Бұл жүйе 2023 жылдың қараша айынан бастап кезең-кезеңімен енгізіліп келеді және қазіргі уақытта 24 шекаралық бақылау-өткізу пунктінде жұмыс істейді. CarGoRuqsat жүйесі бұған дейін Ақсай, Жәнібек, Орда және Шаған өткізу пункттерінде сәтті іске асырылған және оң нәтижелер көрсеткен. CarGoRuqsat жүйесі отандық әзірлеушілер мен «CarGoRuqsat» онлайн брондау сервисінің мамандарымен жасалған. Бұл сервис ҚР…

Read More

Орал қалалық соты мемлекеттік қызметшіге қатысты алаяқтық ісін қарады. Сотталушы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағына сәйкес кінәлі деп танылды. Істің мән-жайы: Автожолға күрделі жөндеу жүргізетін мердігерді анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурс өткізілген. «Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ мен жеңімпаз ЖШС келісімшарт жасасты. Мердігер ЖШС-ның директоры келісімшарт негізінде аванс төлемін алған. Бас маман өзінің қызметтік өкілеттігіне жатпайтынын біле тұра тендердің қалған қаражатын аудартамын деп ЖШС басшысынан 500 000 теңге сұраған. Кәсіпкерден қулығын асырмақ болған басқарма қызметкері ақшаны өзінің Kaspi Bank шотына аудартқызып, жымқырған. Сот шешімі: Сотталушы өз кінәсін мойындады. Өмір бойы мемлекеттік қызметте…

Read More

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың 1 қарашасына дейін 16 535 этникалық қазақ қандас мәртебесін алып, тарихи отанына оралды. Тәуелсіздік алғаннан бері елге 1 миллион 144,9 мың этникалық қазақ қоныс аударған. Қандастардың келу географиясы 2024 жылы Қазақстанға келген этникалық қазақтардың: 45,9%-ы – Қытайдан 39,2%-ы – Өзбекстаннан 5,8%-ы – Моңғолиядан 5,2%-ы – Түрікменстаннан 2,8%-ы – Ресейден 1,1%-ы – басқа елдерден келген. Қоныс аударушылардың әлеуметтік-демографиялық ерекшелігі 1 қарашадағы дерек бойынша: 57,4%-ы – еңбекке қабілетті жастағы азаматтар; 33,2%-ы – еңбекке қабілеттен кіші балалар; 9,4%-ы – зейнеткерлер. Еңбекке қабілетті азаматтардың білім деңгейі: 17,8%-ы – жоғары білімді; 24,8%-ы – орта кәсіби…

Read More

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, олигарх Тимур Құлыбаев Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетін сотқа берді, деп жазды ҚазТАГ. «Талапкер: «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының активтерді қайтару комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі. Жауапкер: Кулибаев Тимур Асқарович», — делінген 18 қарашада басталған процестің барысы жазылған құжатта. Іс судьяға берілді, апелляциялық тәртіпте қаралуып жатыр, басқа мәліметтер жоқ. Айта кетейік, Бас прокуратура, әдетте, жалпылама ақпаратпен шектеліп, активтерді қайтару бойынша қабылданған шаралардың егжей-тегжейлерін ашпайды. Айта кетейік, Құлыбаевтар отбасы – ең бай әулет. Тимур Құлыбаевтың әйелі – Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева. Олардың байлығы 5 млрд долларға бағаланып отыр. 2023 жылы сот шешімімен «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі»…

Read More

Қазақстан 2026 жылдан бастап жыл сайын 100 млн тоннадан астам мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында баяндады. Энергетика министрінің айтуынша, республикадағы мұнай өндіру көлемінің 65%-ын үш ірі кен орны қамтамасыз етеді. Бұл кен орындары – ел экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі. Тәуелсіздік жылдарынан бастап мұнай-газ саласындағы тікелей инвестициялар көлемі $185 млрд болды. Алдағы жылдары қосымша $17 млрд инвестиция салуды көздеп отыр. Негізгі жобалар мен жоспарлар Теңізшевройл: Кен орнында мұнай өндіру көлемін жылына 12 миллион тоннаға арттыруға мүмкіндік беретін «Болашақ кеңейту» жобасы іске асырылып жатыр. Қарашығанақ: 5-компрессор іске қосылды, ал 6-компрессорды енгізу жұмыстары…

Read More

Қазақстанда білім беру қызметін лицензиясыз жүргізген 58 мектепке айыппұл салынды. Бұл ақпарат Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті жүргізген мониторинг барысында анықталды. Аудит нәтижелері: 2024 жылдың басынан бері 58 мектептің білім беру лицензиясы болмағаны белгілі болды. Қазіргі таңда олардың 17-сі талаптарды орындап, лицензия алған. Барлық мектептерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 463-бабы бойынша айыппұл салынды. Мектептер Астана, Алматы, Атырау қаласы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау, Алматы және Жамбыл облыстарында орналасқан. «Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, кез келген мектеп білім беру қызметін бастамас бұрын лицензия алуы қажет. Лицензияның болмауы мектептің тиісті талаптарға сәйкес келмейтінін немесе рұқсат алуға өтініш бермегенін білдіреді. Егер…

Read More