Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Azerbaijan Airlines ұшағына «Панцирь–C» зымыраны тигені анықталды – Reuters
Наргиза Ерес sarapshy.info 05/02/2025

Azerbaijan Airlines ұшағына «Панцирь–C» зымыраны тигені анықталды – Reuters

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Желтоқсан айында Ресейден Қазақстанға бағыт алып, Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines  жолаушылар ұшағынан Ресейдің «Панцирь-С» әуе қорғаныс жүйесі атқан зымыран жарықшағы табылған. Бұл туралы Әзербайжан үкіметінің дереккөзіне сүйеніп Reuters агенттігі хабарлады.

Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік министрлігінің мәліметінше, әуе кемесі техникалық тұрғыдан ұшуға толық жарамды болған, алайда оған «сырттан тиген заттар» зақым келтірген.

Қазақстанның көлік министрлігі де 4 ақпан күні Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының жолауылар ұшағы апатын тергеу барысындағы алдын ала қорытындысын ресми сайтында жариялады.  

«Azerbaijan Airlines ұшағының үшінші гидрожүйе бөлімі мен стабилизаторын басқару механизмінде тесілген зақымданулар анықталды. Зерттеу нәтижесінде зақымдардың көпшілігі киль мен стабилизаторда орналасқаны және олардың кейбірі толық тесіп өткен, ал кейбірі жартылай бүлінгені белгілі болды. Тергеу комиссиясы бөгде заттарды алып, оларды қосымша сараптамаға жіберді. Нәтижесінде, ұшақтың зақымданған бөліктерінен көп мөлшерде бөгде металл заттар табылды», —делінген есепте. 

53 беттік есепте ұшақтың апатқа ұшырауына нақты себеп айтылмаған. Анықталған бірнеше фактілер мен себептерді көрсеткен. Ұшақтың ішіне тесіп өткен қатты заттардан бөлек, радио байланыс жазбалары бойынша, басқару жүйесінде ақаулар болғанын да жазған. Авиациялық апаттың нақты себебі бойынша тергеу әлі жалғасуда.

Azerbaijan Airlines компаниясының Embraer ERJ 190-100 ұшағы Бакуден Грозныйға бағыт алған. Есепте ұшақ бортындағы экипаж мүшелерінің сөздері мен апат алдындағы бағыты туралы көрсетілген. 

Грозныйға екі рет қонуға талпынғанымен, сәтсіз болған. Экипаж Бакуге оралуды шешкен, бірақ Грозныйда неге қона алмағаны туралы есепте нақты мәлімет жоқ.

  • Ұшақ қайта көтерілген кезде (05:13:30 UTC) GPS сигналдары жоғалып кетті. Бір секундтан кейін «соққы дыбысы» тіркеліп, автопилот пен тартқыш жүйе істен шықты.
  • Гидравликалық жүйе жұмысын тоқтатып, басқаруға көнбеген.
  • 05:13:39 – ұшақ кабинасында саңылау пайда болған.
  • 05:13:56 – екінші «соққы дыбысы» естіліп, экипаж жолаушылар орындықтарының зақымданғанын хабарлаған.
  • Экипаж Қазақстанға бағыт алды, бірақ жолаушылар оттегі жетіспеуі мен жанармай иісінің тарауын айтқан. Кейбір жолаушылар есінен танған.
  • 06:27:58 – ұшақ Ақтау маңында құлап, толық жанып кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсан күні, таңертең Azerbaijan Airlines  әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 жолаушылар ұшағы Бакуден Грозныйға ұшу кезінде Ақтау қаласынан 3 шақырым жерде құлады. Ұшақ бортында болған 67 жолаушының 38-і қаза тапты, 29-ы Ақтаудағы ауруханаға жеткізілген еді. Әуе кемесінде болғаг Қазақстанның 6 азаматы да қаза тапты. 

Әзербайжан Президенті Әлиев ұшақ апатына Ресейді кінәлап, жауапкершілік солардың мойнында екенін айтқан еді. Президент мәлімдемесіне дейін Euronews Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасап, Ақтаудағы ұшақ апатына Грозный аспанына көтерілген Ресей  зымыраны себеп болғанын хабарлады.

 

Сурет: gov.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Azerbaijan Airlines  әуе компаниясы Embraer 190 Баку-Грозный Қазақстан Панцирь-С Ресей Ұшақ апаты экипаж
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.