Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Әлем жаңалықтары»Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 700-ден асты
Наргиза Ерес Әлем жаңалықтары 31/03/2025

Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 700-ден асты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

28 наурыз Мьянмада болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1700-ден асқан.  

The Associted Press редакциясының соңғы мәліметінше, 3 400-ден астам адам жарақат алған, 300-ден аса адам хабар-ошарсыз кеткен. Бұл сандар үнемі жаңартылып отыруы мүмкін, себебі құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 3 күн бұрын Мьянмада жер сілкінісі болды. Магнитудасы 7,7 (кей деректерде 6,4 балл) болған зілзала ошағы Мандалай қаласына жақын орналасқан. Жер сілкінісі бүкіл ел аумағында сезіліп, көрші мемлекеттерге де әсер етті.

Қызыл Крест (IFRC) ұйымының мәлімдеуінше, Азияда соңғы жүз жылда мұндай жойқын жер сілкінісі болмаған. Бұл туралы The Guardian басылымы жазды.

Осы уақытқа дейін Мьянмаға Қытай, Үндістан, Малайзия, Таиланд, Гонгконг елдері мен халықаралық ұйымдар гуманитарлық көмек көрсеткен. Біріккен Ұлттар Ұйымы Мьянмаға көмек ретінде 5 миллион доллар бөлді. БҰҰ деректері бойынша, инфрақұрылымның бұзылуынан гуманитарлық көмек жеткізу қиынға соғуда — кейбір жолдар мен көпірлер істен шыққан.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянма премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдап, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

 

 

Сурет: Ашық дереккөздерден

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Азия Екінші ақпарат жер сілкінісі Қасым-Жомарт Тоқаев Қызыл Крест Қытай Малайзия Мьянма Таиланд Үндістан
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Сұқбат

«Қандастарға тест тапсыруды міндеттеу – ақылға қонбайтын талап»

24/03/2026
жаңалық

БҚО-да еріген қар суы жолды басты

20/03/2026
жаңалық

Қытайдан Қазақстанға көшкендер саны 29%-ға артты

17/03/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.