Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Өте өзекті»Депутат Үкіметтің киік популяциясын реттеу мәселесіне немқұрайлы қарап отырғанын сынады
Наргиза Ерес Өте өзекті 26/03/2025

Депутат Үкіметтің киік популяциясын реттеу мәселесіне немқұрайлы қарап отырғанын сынады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бірмандатты округ бойынша сайланған Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Үкіметтің киік популяциясын реттеу мәселесіне немқұрайлы қарауын сынға алды.

Депутаттың айтуынша, бұл мәселе бұған дейін бірнеше рет көтерілгенімен Премьер-министр Әлихан Смайылов пен қазіргі үкімет басшысы Олжас Бектенов тарапынан ешқандай нақты шара қабылданбаған. Үкіметтің әрекетсіздігі ауыл шаруашылығына орасан зиян келтіріп отыр.​

«Табиғи тепе-теңдікті сақтау жолында үкіметтің әрекетсіздігі ауыл шаруашылығына орны толмас зиян келтіріп отыр. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда киік популяциясының күрт өсуі ауыл шаруашылығына кері әсер етіп, экожүйеге артық салмақ түсіріп жатқанын атап өтті. Бұл мәселе бір күнде пайда болған жоқ. Аймақтардан атқарушы билікке жолданған жүздеген өтініш пен талап-арыз үкімет тарапынан жылдар бойы елеусіз қалып келеді», — деді депутат.

Абзал Құспан депутаттық сауалында киік популяциясын реттеу бойынша нақты шаралар қабылдауды талап етті. Ол 2025 жылы киік санын реттеу жұмыстарын жүргізу туралы ресми шешім қабылдап, оның әдістері мен экологиялық негіздемесін жариялауды сұрады. Бұл мәселеге жауапты мемлекеттік органды белгілеу қажеттігін атап өтті.​

Депутат Кеңес Одағы кезінде киік үшін жауапты нақты мекеме болғанын, ал қазір мұндай ұйымның жоқтығын айтады. Оның пікірінше, киік өнімін халық шаруашылығына пайдалану үшін жауапты мекеме құру қажет. Абзал Құспан осыған дейін Қазақстанның батыс өңірінде киіктердің шамадан тыс көбеюінен жергілікті шаруалардың зардап шегіп отырғанын, қарапайым тұрғындардың сотталып жатқанын айтқан еді.

Киік тақырыбы sarapshy.info редакциясының басты назарында. Бұған дейін редакция киік аулаған аңшылармен сұхбаттасып, сарапшылармен де тақырыпты жан-жақты талқылап, экологтармен де сөйлесті. Шығыстанушы «Экософия немесе киелі табиғат» кітабының авторы Санжар Керімбаймен “Киік неге киелі?” тақырыбында подкаст та жазды.

 

Cурет: Мейірбек Тәжқұранов

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Абзал Құспан Ауыл шаруашылығы Екінші ақпарат Кеңес Одағы киік мәселесі киік популяциясы Олжас Бектенов
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-ға тағы дрон құлады

26/03/2026
жаңалық

БҚО-да еріген қар суы жолды басты

20/03/2026
жаңалық

Қазақстанда сиыр етін экспорттайтындарға квота беру талабы өзгереді

06/03/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.