Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 11 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»ШҚО-да көшенің электр жарығына бөлінген 2,5 млрд теңге ұрланған
Наргиза Ерес жаңалық 05/03/2025

ШҚО-да көшенің электр жарығына бөлінген 2,5 млрд теңге ұрланған

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Өскемен мен Семей көшелерін жарықтандыруға бөлінген  2,5 млрд теңге қаражат жымқырылған. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі хабарлады. 

Агенттіктің хабарлауынша, «Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік-жекеше әріптестік аймақтық орталығы» АҚ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдаған.

Жоба қашан басталды?

2019 жылы Өскемен мен Семей көшелерін жарықтандыру жүйесін жаңарту жобасы басталған. Жоба бойынша ескі шамдарды үнемді жарықдиодты шамдарға ауыстыру жоспарланған.

Алайда лауазымды тұлғалар құжаттарды қолдан жасап, жабдықтар мен жұмыстардың бағасын негізсіз көтерген.

«Лауазымды тұлғалар жобаны жүзеге асыру барысында жалған актілерге қол қою арқылы жабдықтар мен жұмыстардың құнын  арттырған және жалпы сомасы 2,5 миллиард теңгеге техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін көшелерді жарықтандыру құралдарын қабылдаған», — делінген хабарламада. 

Қаражатты қалай жылыстатқан?

Жымқырылған ақшаны жасыру үшін ШҚО мемлекеттік-жекеше әріптестік аймақтық орталығының басшысы компанияны сенімді адамының иелігіне өткізіп, қосалқы мердігер ретінде пайдаланып отырған.

Олар құны 265 миллион теңге болатын қымбат мүліктерді (пәтер, көлік және т. б.) сатып алған. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Бұған дейін Өскемен мен Семей қалаларын жарықтандыру үшін бөлінген 4,8 млрд теңгенің жобасы толық іске аспай қалғанын жазған едік.

 

Cурет: Pixabay

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Басты ақпарат көшелерді жарықтандыру мемлекеттік-жекеше әріптестік аймақтық орталығы Өскемен Семей ШҚО электр жарығы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
Өте өзекті

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026
Біздің сараптама

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

14/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.