Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 11 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Сарапшы пікірі»20% қосымша құн салығы: Қазақстан үшін оптимал көрсеткіш пе әлде «қауіпті аймаққа» қадам ба?
Аякөз Ханет Сарапшы пікірі 10/02/2025

20% қосымша құн салығы: Қазақстан үшін оптимал көрсеткіш пе әлде «қауіпті аймаққа» қадам ба?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қосымша құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін 12%-дан 20%-ға дейін арттыру бастамасына байланысты бірқатар елдерге осы тақырып бойынша жасалған эмпирикалық зерттеулерге шолу жасадым.

Шешімді жақтаушылар бұл шара нәтижесінде бюджетке түсімдер көбейеді деді. Қазіргі жағдайда біздің бюджеттегі салық түсімдерінің төрттен біріне жуығы – ҚҚС.

Экономикада «Laffer Curves» — Лаффер қисығы тұжырымдамасы бар. Ол салық ставкасы мен салық түсімдері арасындағы байланысты көрсетеді. Қисық мынадай дөңес пішінде болады: «Ո» .

Бұл дөңестің тура ортасындағы нүкте «салық ставкасының максимумы», яғни бұл нүктеге дейінгі көтерілген ставкалардағы салықтан түсімдер артады, ал сол нүктеден бастап түсімдер азаяды (оң жағы). Яғни бастысы осы «нүктеден» қателеспеу, әйтпесе қауіпті аймаққа өтіп кетеміз.

Елде құн салығын бірден 67%-ға өсіру бұл «фискалдық шок». Әдетте мұндай реформалар жасау үшін тек одан келетін түсімдерді ғана емес, бұл «шоктың» қаншалықты оптимал көрсеткіш екенін дәлелдейтін модель және экономикаға қандай импульс беретіні сарапталған талдау жұмысы болуы керек.

ҚҚС ставкасын көтерудің салық түсімдеріне әсері: Лаффер қисығы

Еуропа Одағына кірген 27 елдегі 1995-2011 жылдар аралығындағы салық мөлшерлемесін арттыру реформасына қатысты зерттеуге сүйенсек, салық түсімдерін арттыра берсе, ол белгілі бір шекке жеткен соң әрі қарай азаятыны байқалған. Бұл парадокс Лаффер қисығы арқылы түсіндірілген.

ҚҚС ставкасы өзгеріссіз қалса да, түрлі экономикалық цикл кезеңінде салық түсімі әртүрлі болған. Яғни экономика қарқынды өскен уақытта салық түсімдері де көп болған, ал рецессия кезеңінде аз болған. Яғни экономиканың қай кезеңінде екені маңызды.

Рецессия кезеңінде Лаффер қисығы өзгереді, ол салық түсімінің ҚҚС ставкасының өзгеруіне әлдеқайда сезімтал болатынын білдіреді (яғни, бизнес пен тұтынушылардың реакциясы тез болады).

Дереккөз: The VAT Laffer Curve and the Business Cycle in the EU27: An Empirical Approach (https://economicissues.org.uk/…/215guedesdeoliveira.pdf)

ҚҚС ставкасын көтеру тұтынуға және бизнес ашықтығына қалай әсер етеді?

ҚҚС артқан сайын тауар қымбаттайды, тұтынушылар қымбат және қосымша тауарларды тұтынуды азайтып, қажетті тауарларды ғана сатып алады.

Тұтыну азайған сайын, өндіріс азаяды, демек экономиканың өсуі баяулайды, демек «салық тұзағына» түсу қаупі болады.

Табысынан қағылғысы келмегендер салықтан жалтарады, бұл көлеңкелі экономиканың үлесін арттырады.

Одан бөлек ең үлкен әсері «инфляцияның өсуі» және тұтынушылар мен бизнестің сенімінің төмендеуі.

Дереккөз: Heijman & van Ophem (2005): «Willingness to Pay Tax: The Laffer Curve Revisited for 12 OECD Countries.

Қауіпті аймаққа өтіп «салық тұзағына» түсіп қалмау үшін қандай ұсыныстар жасар едім:

  1. Салықтық әкімшілендіруді жақсарту ставканы көтеруден гөрі көбірек нәтиже береді.
  2. Бюджеттегі тиімсіз шығындардан арылу.
  3. Бизнестің ашық жұмыс істеуін ынталандыратын шаралар қабылдау.
  4. Маңызды қадам — заңсыз әрекеттердің (жемқорлықтың) алдын алуға бағытталған шараларды күшейту арқылы салық тәртібін жақсарту, азаматтардың салық жүйесіне деген сенімін арттыру.
  5. Дифференцияланған ставкалар енгізуден бастау.
  6. Жалпы әлемдік тәжірибені мұқият зерттеу.
  7. Кез келген шешімді зерттеуге сүйеніп қабылдау.

фото: pixabay

Автор

  • Аякөз Ханет

    - сарапшы. Макроэкономист, зерттеуші.

    Барлығын қарау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

14/09/2026
Сарапшы пікірі

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

14/09/2026
Біздің сараптама

Қазақ мұнайының тарихы: байлықтың сатылуы, жекешелендіру, талан-тараж (2-бөлім)

24/02/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.