1992-1997 жылдар аралығында Қазақстанда үш кезеңмен жекешелендіру процессі өткізілді. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру халықтың менталитетіне тура байланысты күрделі мәселе болғандықтан ол шараны қысқамерзімде өткізуге мүлде болмайтын еді. Әсіресе жерасты қазба байлықтарын өндірумен айналысатын нысандарды жекешелендіру өте ыждағаттылықты талап етеді.
1992 жылы өнеркəсіпте ауыр жағдай қалыптасты, өндіріс құлдырады. Өнім шығару 1991 жылмен салыстырғанда 15%-ға, ұлттық табыс 14%-ға кеміді. Электр қуатын өндіру 4%-ға кеміді. Қазақстан экономикасын дамыту үшін ірі мұнай өндіруші елге айналып, өз мұнайын экспортқа шығаруға теңіздерге жол ашуы керек болды.
Жыл сайын елдің ішкі қажеттілігін өтеу үшін 20 млн тонна мұнай керек болса, 1990 жылдардың басында мұнай өндіру көлемі – 27 млн тоннаға жетті.
1961-1992 жылдардағы сом үлгілерінің 500 рублі 1 теңгеге, ал АҚШ—тың 1 доллары 4,7 теңгеге тең болды. 7 мың кəсіпорын жекешелендірілді, оның 5 мыңға жуығы сауда жəне қызмет көрсету саласынан. 1990-1995 жылдар арасында қазақстандықтардың өмір жасының ұзақтығы 4,7 жасқа қысқарған. 1997 жылдың соңына қарай республика тұрғындарының жартысынан астамы кедейлікте өмір сүрді.
Халықтың тұрмысы мүлдем нашарлап кетті. Тұрғындар арасында әлеуметтік аурулар меңдей бастады. Үлкен əлеуметтік келеңсіздіктердің бірі – жұмыссыздық өсіп кетті. Осының бәрі бұқараның наразылығын туғызды, халық ереуіл, пикеттерге шығып, аштық жариялай бастады.
Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің өздерінің тарихи отандарына кетуінен Республика тұрғындарының жалпы саны кеми бастады. 5 жыл ішінде əр 1000 адамға шаққандағы туу коэффициенті 19,1-ден 14,7-ге түсті. 1997 жылдың 1 шілдесінде жергілікті халық үлесі 50%-дан асты.
Кеңес кезінде өз жерінде ұлттық азшылық жағдайында болған қазақ халқы қайтадан сандық және үлестік басымдыққа жетті.
1999 жылы ақпан-наурыз айларында әр он жыл сайын жүргізілетін халық санағы өткізіліп, Қазақстанда 14 млн 952,7 мың адам тұратыны анықталды. 1989 жылы тұрғындар саны 16 млн 199,2 мың болған еді.
Сол тұста (1994-1997 жылдары премьер-министр А.Қажыгелдин болған кез) мемлекеттің негізгі активтері су тегінге шетелдік компанияларға сатыла бастады. Тек бір Маңғыстаудың өзінде МРЭК сияқты ірі энергетикалық нысан мен Ақтаудан Жаңаөзенге дейінгі ЛЭП-110 (жоғары кернеулі электр әуе желілері) жекеге кетті.
«Құмкөл» акцияларының 95% мемлекетке, 5% қызметкерлерге деген тәсілмен акционерлік қоғамға айналдырылды. Сосын жекешелендіріліп, бұрын аты мен заты белгісіз «Харрикейн Хайдрокарбонс» сияқты шетелдік компанияларға сатылды.
Тап осындай реформа АҚ «ММГ» бойынша да өткізілді. Мекеме 1995 жылы акционерлік қоғамға айналды, акциясының 90% мемлекетке, ал қалған 10% мекеме жұмыскерлеріне берілді.
Алдымен «Құмкөл» мен «Қаражанбасмұнай» жекешелендірілген (акцияларының 5% жұмысшыларына таратылып, қалған 95% акциясы сатылған), «Қаражанбасмұнай» 200 млн АҚШ долларына сатылып, кейін «Нейшнз Энерджи» компаниясы оны кері Қазақстанға 2 млрд АҚШ долларына сатты.
Кейін көптеген мекемелердің кейбірі тап осылайша кері қарай елдің пәленбай млрд ақшасына, мысалы, «Маңғыстаумұнайгаз» (ММГ) 2,5 млрд АҚШ долларына сатып алынды.
Бүгінгі жағдай бойынша «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының жай акцияларының 100%-ы Mangistau Investments B.V. компаниясына тиесілі. Бұл — ұлттық компания «ҚазМұнайГаз» бен қытайлық CNPC арасындағы бірлескен кәсіпорын, олардың әрқайсысы оған 50/50 үлеспен иелік етеді.
Үкіметтің стратегиялық маңызы бар және экспортқа шығарылатын өнім өндіретін өндірістік және энергетикалық мекемелер де бірінен соң бірі осылай, түрлі жолдармен шетелдік компанияларға сатылды.
Сыртынан қарағанда осының бәрін, сол кездегі үкіметтің нағыз тиімді және өмір сүру мүмкіндігі зор отандық мекемелерді әбден тақырға отырғызып, сосын міне енді бұларды тек қана шетелдік компанияларға сату ғана аман алып қалады деп айту үшін жасағаны көрініп тұрды.
Қолда бар статистикаға сүйене отырып құдайшылығын айтсақ, бұл ПӘЛЕ туралы нағыз шындық басқаша болатын:
Елде 1995 жылы 5 ірі мемлекеттік компания жекешелендірілді, тағы 44–і сенімгерлік басқаруға берілді (оның 12-сі шетелдіктердің пайдасына кетті). 1996 жылы – 28 кәсіпорын, ал 1997 жылы – 47 кәсіпорын жекешеленді.
Мұның бәрі Қажыгелдиннің премьерлігі кезінде болды.
Енді мұндай операцияларда үкімет пен премьер Қажыгелдиннің рөлі қандай болды? Процесс қалай ұйымдастырылды?
Жауап:
1995 жылдың маусым айында Алматыда Қажыгелдин әлемнің 14 ірі мұнай корпорациясының басшысымен кездескен. Жиында мемлекет бір-екі жылдың ішінде мұнай-газ саласындағы барлық ірі активтерді жекешелендіретінін мәлімдеп, былай деген екен: «Бүгін біз сіздерге осы нысандарды пайдалану құқын сатуға тырысамыз. Бұған дейін біз қалағанымыздың бәрін саттық».
Жекешелендіру тендерлерінің шарттарын әзірлейтін кеңесші ретінде премьер қандай мақсатпен «Казкоммерцбанкті» таңдаған? Бұл жеке меншік банк еді ғой?
Осылайша жеке банк мұнай-газ саласының бүкіл қаржы-экономикалық «асүйіне», оның ішінде коммерциялық құпия болып саналатын бүкіл ақпаратқа толық қолын жеткізді. Ол бұл деректерді ары қарай қандай мақсатқа, қалай пайдаланды?
Қажыгелдин бір сұхбатында: «Барлық компаниялар тендерге қатысуға тең құқыққа ие болады. Ол тіпті, Ресейлік «Лукойлдың» «Шымкентнефтеоргсинтез» бен «Южнефтегазға» қазірдің өзінде жақсы мүмкіндіктері бар», – деп соқты.
Ал нәтиже қандай болды?
«Шымкентнефтеоргсинтез» (ШНОС) бойынша тендерді «Казкоммерцбанк» топ-менеджментімен аффилирленген (өздері деген сөз) құрылымдар ұтып алды. «Южнефтегазға» үміткерлер қатарында «Лукойлдан» бөлек «Шеврон», «Канадиан оксидентал петролеум» сияқты әлемдік алпауыт корпорациялар да болған. Алайда премьер тендерге сәл ғана уақыт қалғанда Канадада құрылған белгісіз «Харрикейн» фирмасына компанияны сату туралы қаулыға қол қойды. Харрикейннің соңы не болғанын көрдіңіздер.
Мұндай фактілерді әр мәміле бойынша шексіз тізе беруге болады.
Бүгінде Қазақстанда «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының болуы, оның тіршілікке келуіне тек Қажыгелдиннің 1997 жылдың күзіне қарай отставкаға кетуінің арқасында ғана қол жетті. Әйтпесе ол «Ембімұнайгаз» бен «Өзенмұнайгаз» бірлестіктерін де жекешелендіріп, жоқ қылуға сәл қалды.
Кейін осы активтердің негізінде мемлекеттік «Қазахойл» компаниясы құрылды, ол ары қарай ҚМГ-ні ашуға әкелді.
Енді елдегі газ тасымал жүйесін және Алматы жылу желілерін түгелдей бельгиялық «Трактебельге» сатуға тоқталсақ. Билік «Трактабельге» кеткен соң Қазақстанның оңтүстік өңірі үш делдал арқылы өтетін өзбек газын алатын болды. Алдымен газды тікелей Кипрде тіркелген «Трактебельдің» еншілес «Газпэкс ЛТД» фирмасы сатып алатын. Сосын ол «қағаз жүзінде» тағы бір еншілес компанияға «Глобал Газ Групқа» «сататын».
Ақыр соңында тұтынушыға газ үшінші «қызметші компания» «Интергаз Сентрал Азия» арқылы жететін. Нәтижесінде 2 офшорлық компанияда барлық пайда жинақталды, ал қазақстандық тұтынушы көтеріңкі тариф төлеп отырды.
Екі жылдан кейін үлкен шумен тиімсіз келісімшартты бұзуға қол жеткізілді, газ желілері мемлекетке қайтарылды. Бұдан соң француз баспасөзі Бельгияның корольдік жандармериясы мен Швейцария прокуратурасы «Трактебельдің» топ-менеджерлері концессиялықкелісімге қол қою үшін Қазақстанның аты-жөні аталмаған басшыларына 50 миллион доллар пара бергенін әшкерелегенін жазды.
Бірақ осы және басқа да ұқсас мәмілелерге қатысты сұрақтар туралы Қажыгелдин өз сұхбаттарында тілі байланып қалғандай, ләм-мим демейді?
Ал шынында оның тап осы мәселелердегі рөлі туралы, өзі жасаған жекешелендірудің «қызық» тұстары жайлы айтып, сыншыларға жауап бере алмауына не себеп?.
Неге Қажыгелдин сияқты шетелдегі «қазақстандық патриоттар» елдегі ірі мемлекеттік активтердің батыстық корпорацияларға сатылуы тақырыбына келгенде үнсіз қалады?
Себебі шетелдегі Қазақстанды сынаушылардың өзі – сол жүйенің, «ескі Қазақстанның» төл перзенттері. Мемаппараттағы шешуші қызметтерде жүріп, олар жекешелендіру процесіне қатысып қана қоймай, көбінесе оны басқарды да. Әрине тегін қол қойған жоқ!
Ал бүгінгі таңда олар назарды басқа белгілі тұлғаларға аудару арқылы ақылгөйсіп, өздерін көлеңкеде қалдырып, қойылған ыңғайсыз сұрақтардан қашуды ең тиімді тәсіл етіп пайдаланып жүр. Басқаша айтар болсақ – бұл бұқараның “құлағына тебу”.
Мысал ретінде, тап осы күндергі Маңғыстаудағы “шыныпластик құбырлар зауытындағы” болып жатырған жағдайды төменде келтірдік.
Аталған кәсіпорын «Маңғыстаумұнайгаз» (ММГ) құрамында болса тұрақты тапсырыс пен өндірістік тізбектің ішінде жұмыс істер еді. Яғни, мұнай-газ саласына қажет шыныпластик құбырлар мен фитингтерді жергілікті өндірушіден алу арқылы ММГ ішкі кооперацияны қамтамасыз ететін. Бұл – кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының басты факторы болар еді.
Жекешелендіруден кейін зауыт бұл «кепілдендірілген нарықтан» айырылды. Нәтижесінде бұрын ММГ құрылымындағы өндірістік қажеттілік автоматты түрде осы зауытқа бағытталса, жекешелендіруден кейін тапсырыс ашық нарықтық бәсекеге тәуелді болды.
Ұлттық немесе квазимемлекеттік компаниялар үшін өңірлік әлеуметтік тұрақтылық маңызды. Ал жекеменшік иесі үшін бірінші кезекте қаржылық тиімділік тұрады. Сондықтан банкроттық қаупі туғанда қысқарту – «экономикалық шешім» ретінде қаралады.
Нәтижесінде, бір кездері гүлденген кәсіпорын (2015 жылы сынақтан сәтті өтіп, 2017 жылы үшінші цех ашқан) 2020 жылдан кейін құлдырай бастады. Қазір шамамен 80 қызметкерге қысқарту туралы ескерту берілгені – осы ұзақмерзімді құрылымдық мәселенің салдары.
Бұл мәселенің тамыры бұрынғы құрылымдық өзгерістерде, соның ішінде жекешелендіру үдерісінде жатырғаны анық. Жағдайды ММГ-ны немесе жекешелендіруді толықтай «кінәлі».
Егер жекешелендіру кезінде оф-тейк (ұзақ мерзімді сатып алу) келісімдері жасалғанда, зауыт кемінде белгілі бір көлемде тапсырыспен қамтамасыз етілер еді.
Өңірлік индустриялық саясат аясында жергілікті қамту талаптары күшейтілсе, мұндай әлеуметтік соққы болмауы мүмкін еді. Жекешелендіру стратегиялық өндірістерге қатысты кезең-кезеңімен және кепілдік тетіктерімен жүруі тиіс болатын.
Сондықтан қазіргі қысқарту – тек нарықтағы бәсекенің емес, сонымен қатар жекешелендіру кезінде әлеуметтік және өндірістік қауіпсіздікмеханизмдерінің жеткіліксіз ескерілгенінің көрінісі деп бағалауға болады.
сурет ЖИ көмегімен жасалды

