Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сәрсенбі, 8 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Сарапшы пікірі»Ажырасу туралы емес: неге Қазақстанда неке шарты әлі де сирек құбылыс саналады?
Редакция Сарапшы пікірі 09/02/2026

Ажырасу туралы емес: неге Қазақстанда неке шарты әлі де сирек құбылыс саналады?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстандықтар неке шартына әлі күнге дейін сақтықпен қарайды. Аталмыш келісім көпшіліктің көңіліне күмән ұялатса, ақша туралы әңгіме ажырасуға дайындық сияқты көрінеді. Заңгер Темірбек Сапаровтың айтуынша, неке шартын көбіне алғаш рет емес, екінші рет некеге тұрып жатқан адамдар жасайды. Көбіне бұл – мүлкі, бизнесі немесе белгілі бір қаржылық міндеттемелері бар тұлғалар.

Неке шарты – ерлі-зайыпты отбасын құрған кезде немесе ажырасатын жағдайда мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын ресми келісім.

«Бұл құжат жұбайлар арасындағы қарым-қатынасты әлсіретпейді, керісінше, жанжалдың алдын алуға көмектеседі. Алдын ала белгіленген ереже эмоцияға ерік бермеуге және даулы мәселелердің алдын алуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті заңгер.

Іс жүзінде неке шарты тек мүліктік қатынастарды реттейді. Шарт некеге дейін болған мүлікке де, болашақта сатып алынатын мүлікке де қатысты. Сонымен қатар келісімде кіріс пен шығысты бөлу тәртібі, ипотека мен басқа да несие бойынша жауапкершілік, сондай-ақ белгілі бір жағдайда жұбайлардың бірін-бірі қаржылай қамтамасыз ету міндеттемелері көрсетілуі мүмкін. Ипотекасы бар не бизнес жүргізетін отбасылар үшін неке шарты аса қажет.

Заң неке шартында кей шектеулерді белгілейді. Неке шарты мүліктік емес қатынастарды (адалдық, мінез-құлық, бала тәрбиесі) реттей алмайды. Сондай-ақ келісімде жұбайлардың сотқа жүгіну, білім алу немесе еркін қозғалу құқығын шектеуге тыйым салынады. Балаларға қатысты барлық мәселе тек бөлек шарт немесе сот арқылы шешіледі, деп түсіндірді заңгер.

«Заң тұрғысынан Қазақстанда неке шарты әлі де кең қолданылатын келісім түріне айналған жоқ. Бұған, ең алдымен, мәдени фактор әсер етеді. Қоғамда неке тек сезім мен сенімге негізделуі керек деген түсінік басым, ал қаржы тақырыбы ел арасында ашық талқыланбайды. Осыған байланысты неке шарты көбіне «ажырасуға арналған құжат» ретінде қабылданады, алайда бұл түсінік шындыққа сәйкес келмейді.

Қоғамда кең таралған тағы бір миф – неке шарты тек бай адамдарға қажет деген ой. Шын мәнінде, ол қарапайым отбасылар үшін де пайдалы болуы мүмкін, әсіресе арада ипотека, несиене ата-ана сыйға тартқан мүлік болған жағдайда. Кей адамдар неке шартында кез келген талапты жазуға болады деп ойлайды, алайда заңды күші бар ережелер тек мүліктік мәселелермен шектеледі.

Практикада бизнесті қорғау мәселесіне ерекше мән беріледі. Неке шартында кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс пен сол қаражатқа алынған мүлік жұбайлардың біреуінің меншігі екені көрсетілуі мүмкін. Бұл активтерді ажырасу кезінде де, екінші тараптың кредиторлары тарапынан да қорғауға мүмкіндік береді. Қарыз мәселесінде де келісім маңызды рөл атқарады: құжатта нақты қай несиеге кім жауапты екені белгіленеді. Дегенмен, бұл туралы кредитор міндетті түрде хабардар етілуге тиіс.

Неке шарты кей жағдайларды жарамсыз деп танылуы мүмкін. Бұған нотариалды куәландырудың болмауы, заңға қайшы талаптардың енгізілуі немесе келісімнің қысыммен жасалуы себеп болады. Сонымен қатар егер неке сот арқылы жарамсыз деп танылса, оған байланысты жасалған неке шарты да автоматты түрде күшін жояды», — дейді заңгер.

Қазір Қазақстанда неке шарты қалыптасқан тәжірибе емес, ерекше жағдай ретінде қабылданады. Алайда уақыт өте келе оған деген көзқарас өзгеріп келеді. Тәжірибе көрсеткендей, бұл құжат сенімсіздіктің белгісі емес, керісінше, болашаққа саналы әрі жауапкершілікпен қараудың бір жолы. Бәлкім, басты мәселе неке шарты романтиканы бұза ма деген сұрақта емес, ерлі-зайыптылардың ақша мен жауапкершілік туралы ашық сөйлесе алуында шығар.

Айлин ДУЙСЕНГАЛИЕВА

фото: freepik.com

Автор

  • Редакция

    Sarapshy.info – 2021 жылы қазан айында тәуелсіз медиа ретінде жеке бастама болып құрылған республикалық сараптамалық ақпарат агенттігі. Қазіргі күні агенттікті вебсайт, Instagram, Facebook, TikTok желілеріндегі парақшалар, Телеграм арнасы, ресми Youtube арнасы құрайды. 100% қазақ тілінде ақпарат таратады. Редакциясы Орал қаласында орналасқан.

    Барлығын қарау
неке қию Неке шарты отбасын құру Үшінші ақпарат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

31/03/2026
Сұқбат

«Қандастарға тест тапсыруды міндеттеу – ақылға қонбайтын талап»

24/03/2026
жаңалық

Санжар Боқаев жалған ақпарат таратты деген күдікпен ұсталды

18/03/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.